Рейтинг@Mail.ru

Нағашы жұрты

Нағашы жұрты.   Туыстық атаулар.   

«Нағашы жұртың – сыншыл. Жақсыңа сүйінеді, жаманыңа күйінеді, әрдайым тілекші, тілеуқор боп жүреді.»

Жігіттің  шешесінің туыстары нағашы аталып,  өзі оларға жиен болатыны баршаға белгілі. Нағашы жұрт жиенді ешуақытта сыртқа теппейді, керісінше «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп баурына тартып отырады. Сөйте тұра «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дейтіні тағы бар. Бұған жауап ретінде: «Жиен елболады – малы болса, желке ас болады – майы болса»,- деп әзіл-қалжыңға май құяды. Мұның бәрі нағашы мен жиен арасын алыстату үшін айтылған сөз емес, өзара достық әзілден туып, көпшілік арасында қалыптасып кеткен бейнелі ұғымдар. Жиеннің жау емес екенін біле тұра оны «ел болмайды» деу ақылға симайды. Бұл жігіт намысын қайрай түсу үшін әдейі айтылған әзіл-қалжың. Сондықтан да жігіт бұл сөзге жасымайды, қайта жігерлене түседі.  Әзілі жарасқан жиен қашан да нағашы жағынан қырық серкеш «даулаумен» болады. Нағашылары оған «кет әрі» демейді, керісінше оның талабын құп алып, тауанын қайтармайды. Бұл-бұл ма, жиенін өз қолынан үйлендіріп, басына отау тігіп, алдына мал салып берген нағашылар да баршылық. Бұл – әркімнің хал ақуалына қарай орындалатын дәстүрлі сыйлық. Егер нағашының қолы қысқа болып, жиеннің байлығы артып жатса, жаңағы сыйлықтың керісінше жүретін кезі де болады.
Нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынас алым-берімге ғана қатысты емес. Мал-дүние қолдың кірі сияқты, оның бір жұтта жуылып-шайылып кетуі әбден мүмкін. Ал, нағашы мен жиен туыстық жағынан мәңгі ажырамайтын тұлғалар. Бұлар мейлі бай, мейлі кедей болсын бәрі бір, бірінен-бірі кете алмайды. Өз анасын шын сүйетін жігіт сол ананың туыстарын да жақыным, бір жұртым деп қадір тұтып, олардың бауырына кіруге әзір тұрады. Нағашылар да жиенді баласындай еркелетіп, басынан сипайды.


Туыстық атаулар

Нағашы жұрт — шешенің туып-өскен төркін еліне оның баласы тарапынан айтылатын туыстық атау.
Нағашы ата — шешенің әкесіне оның баласы тарапынан айтылатын туыстық атау.
Нағашы шеше — шешенің анасына оның баласы тарапынан айтылатын туыстық атау.
Нағашы аға — шешенің ер бауырларына оның баласы тарапынан айтылатын туыстық атау.
Нағашы ana — шешенің апа-сінлілеріне оның баласы тарапынан айтылатын туыстық атау.
Нағашы жеңге — нағашы ағаның зайыбы.
Нағашы келін — нағашы інінің зайыбы.
Нағашы іні — шешесінің жасы кіші төркін бауырларынан туған ұлға айтылатын туыстық атау.
Нағашы қарындас — шешесінің жасы кіші төркін бауырларынан туған қызга айтылатын туыстық атау.
Құда-жегжат — ілік-шатыс, құда адамдар.
Қабырга ағайын, жалпы ағайын — жанама туыстар.
Немерелес немесе немере ағайын — ерлер жағынан алғанда әкелерінің әкесі бір туыстас.

 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен