Рейтинг@Mail.ru

Жігіттің үш жұрты

Жеті атаға дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді).      Жеті жарғы.       Жеті саты.

“Туысым - бай, қайыным - бай, нағашым – бай, қайтып кедей қыласын, құдайым-ай!»

Кез келген азамат өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы біледі. Алайда олармен қарым-қатынастың өзіндік  ерекшеліктерін жете білмейтін жастар қазір әр жерден-ақ ұшырысып қалады. Әсіресе орыс мектебінде оқыған жастардың көпшілігі жігіттің үш жұрты былай тұрсын, жезде-балдыз, жеңге-қайын сияқты туыстық атаулардың өзін білмейді. Халық дәстүрін сақтай білген жігіттің қайда барса да жүзі жарқын. Оны өз туыстары да, қайны мен нағашы жұрты да алақанға салып ардақтайды. «Өзі жақсы кісіге бір  кісілік орын бар». Ал егер жігіт туыс-жұрағаттың кім екеніне мән бермей дәстүрден аттаса, өз басын алып жүре алмай, әр істе табансыздық, тайғанақтық көрсетсе, ондай азаматта береке де, бедел де болмайды.  Сондықтан «үш жұртты» таныстыра отырып, атаулардың мағынасын еске салайық.....

Жеті атаға дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді)

Үлкендердің ақылына құлақ аспай үйленген қаны жақын туыстас жастарды ерте кезде «тас боран» етіп өлтірген деген аңыз-әңгімелерді надандық, жабайылық деп қабылдайды.  Мұның астарында ұрпақ қамы, үлкен жауапкершілік жатқаны әрдайым ескеріле бермейді. Ал, шындығында, қандас туыстар бір-бірімен қосылса олардың ұрпақтарының айықпас дертке ұшырайтындығын, балаларының соқыр, маймақ, керең не ақыл-есі кем болып туатындығын ата-бабамыз ежелден-ақ білген. Қазақтың бұл даналығын кейінгі кездегі тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика ілімі де, оның ішінде медицина генетикасы саласы бойынша зерттеу қортындылары да қуаттап, дәлелдеп отыр. Өйткені ата-ананың гендерінде тек оларға тән сипат-белгілер (бет-әлпеті, мінез-құлқы, түр-түсі, т.б.) ғана емес, түрлі тұқым қуалайтын аурулар да «жазулы» тұрады екен. Мәселен, қаны жақын туысқан адамдар қосылған жағдайда олардың жыныс клеткаларына «жазылған» белгілердің ішіндегі кереңдік ауруын «таситын» гендері бір-біріне ұқсас болғандықтан асқынып, екі еселеніп күшейіп берілетіндіктен төртінші ұрпақтарына келгенде олардың барлық балалары таскерең болып туатындығы анықталған. Бұл мынандай сызбадан айқын көрінеді.

Жеті жарғы

Ақыл-парасатының молдығы арқасында ӘзТәуке атанған ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып хұқығының тамаша ескерткіші туады. Өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының бар мәйегін бойына сіңірген бұл жарғыда салт-тұрмыстағы күрделі жеті мәселеге қамтылған.
1.    Тіл тигізу, балағаттау, ұрып-соғу, денеге зақым салу, әйелді зорлауға қатысты берілетін жазалар.
2.    Кісі өлімі, оған салынатын айып.
3.    Ұрлық-қарлық, барымта.
4.    Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу.
5.    Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ асу.
6.    Жеті ата ішінде қан араластырмау.
7.    Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы.
Сол кездегі қоғамның әрқилы қырын қамтыған бұл заң, қазақ мемлекетінің ғасырлар бойы өз тәртіп-тәрбиесі бар, имандылыққа арқа сүйеген біртұтас тәуелсіз ел болып тұруына бірден-бір негіз, алтын арқау болды.

Жеті саты

Бұрынғы қазақ хандығының қоғамдық құрылымы да жеті сатыға бөлінеді.
1.    Ауыл
2.    Ата аймақ
3.    Ру
4.    Арыс
5.    Ұлыс
6.    Жүз
7.    Хандық
Ауыл – ең жақын, қандас он үйелменнен тұрады. Оны ауылбасы басқарады.
Ата аймақ –жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Оның адамын ақсақал деп атайды.
Ру – он үш, он бес аймақтан тұрады. Оны – ұлыс басы басқарады.
Арыс – бірнеше рудан құралады. Басшысы – би.
Ұлыс – бірнеше арыстан құралады. Оның билеушісі – сұлтан.
Жүздің –құрамына бірнеше ұлыс кіреді. Хан билейді.
Хандық – үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі – Хақан, яғни Ұлы хан.
Аталарымыз жиі айтатын: «Ұлттың құты – хан, рудың құты –би, аймақ құты – ақсақал, ауыл құты- бәйбіше» - деген қанатты сөз осыдан қалса керек.  * * *


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен