Рейтинг@Mail.ru

Шаруашылық жайында дәстүрлер

  Асар.     Аңшылық.     Бие бау.     Кеусен.    Келі түбі.    Көген той.    Күзем шай.    Жылқы күзеу.     Қол кесер.     Қол үздік.     Қол үшін беру.     Қазық майлау.    Қой басты.    Тұлақ шашу.     Нәзір.     Қымыз мұрындық.     Сірге жияр.     Сабан той.    Сауын салу.    Саятшылық.    Салбұрын.     Сыралғы.    Лау.     Уме.     Шашыратқы.

Асар. Ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын жұмыс. Ол жанадан үй салу, шөп шабу, қой қырқу, малды жайлауға не қыстауға айдап салу сияқты. Көмекке келген адамдар еңбек ақы сұрамаған. Үй иесі оларға арнайы мал сойып, ас дайындаған. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Бұл әдет қазірде бар көңіл қуантарлық жай.

Аңшылық. Аңшылық ертеден келе жатқан әдет. Аңға шығу- күн көріс емес. Бұл көңіл көтеру, қызықтау, қолына қару ұстап үйрену, қиыншылыққа төзу, жүректілікті сезіну, денешынықтыру болып табылады. Аңшылық - өнердің бір түрі деп айтуға болады. Құралайды көзінен атқан мергендер де болған. Аңшы алған аңын ауылдың сыйлы ақсақалына сыйлаған. Ол « байлау» - деп аталған. Бұл үлкенді сыйлау, құрметтеу. Аңшылықта атағы шыққан адамы әсірелеп, мақтан отырған. Ол ауылында сый құрметке лайықты болған.

Бие бау.  Бұл ерекше әдет-ғұрып. Сәуір айында бие сауу басталады. Әр отбасы оған ерекше дайындалады. Ауыл адамдары «желі» (қазық қағылып, оған жіп байланады) бойында жиналады. Биенің желінің, құлынның байлануышын, қазықты майлап мына тілекті айтады: «Сүтті бол, өсімтал бол». Осыдан кейін биені сауады. Қымыз пайдалы сусын әрі шипа болады. Біздің аталарымыз: қымызды ержүрек батыр адамдардың ішуі керек деген. Қазақ халқы сауын биелерді жоғары бағалаған, бие сауу уақытын белгілеген. «Бие байлаған кез», «бие сауым», «бие ағытар кез» - сауым уақыты 1.5, 2 сағат, байлаған кез- таңертең, бие ағыту – кешке. Алғашқы қымыз «қымыз мұрындық» - деп аталған. «Қымыз мұрындыққа» ауыл ақсақалдарын шақырып,  алғашқы қымызбен сыйлаған. Бие байлап, қымызды жақсы дайындайтын ауылға алыс, жақыннан келіп дәмін татқан. Қазақ қымызды ешуақытта сатпаған, келген адамды қымызбен сыйлаған.

Бие бауды – «қазық майлау» да деп атайды.

Қымыз ашытудың түрлері көп. Қымыз тек жазда ғана емес, қыста да болатын. Бұл қымыз «қысырдың қымызы» - деп аталған, қысыр қалған биелердің сүтінен ашытылған. Бұл қымыздың емдік қасиеті өте жоғары болған. Ол өкпе ауруына ем. Аса ауыр жағдайда ауырған балаларға, үлкендерге де ем болған.

Күзем шай.  Қырықтық мейрамы. Істің басталып, аяқталуын ескерусіз қалдырмаған. Мысалы, қырықтық аяқталған соң бір үйден соң бір үй «күзем шай» берген. Күзем шайды ауыл адамдары өте көңілді өткізген: ән салып, түрлі ойындар, әзіл-қалжың , т.б. Күзем шай – жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Кеусен. Кеусен – егіннен мол өнім алған уақытта туысқандарына, дос- жолдастарына, ауылдастарына өзінен артылғаннын бөліп берген. Ұлттық мырзалығын көрсетеді.

Келі түбі. Егін орағы, май айыру кезінде көмек көрсеткен ауыл адамдарына сый, құрмет көрсетеді, алған өнімдерінен үлес береді: май, ұн түрінде.

Көген той. Көген той – көктемде мал төлдеп, көк шыққан уақытта өтіледі. Ауылдың үлкен, кішісі көктемді қуанышпен қарсы алады. Дастархан жасап, бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Мал басының көбеуінің , жақсы көңіл күй болуын тілейді. Үлкендер өздері кеңес құрады: малды жайлауға, жақсы жерге шығару, т.б.

Қазақ тамақтың түрін үш атайды: ақ – сүт, сүт тағамдары, көк – өсімдіктер, қызыл – ет, ет тағамдары. Көген тойында әйелдер ақ түсті ұнатады, сондықтан қазақ байлауышты ақпен байлайды. Көген той – ақтық мол болуын, мал бастың аман болуына тілектес болудың белгісі.

Жылқы күзеу. Ежелден кележатқан дәстүрдің бір түрі. Қазақ халқының жылқы малын құрметтеуі, жылқы малын өсіру, атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүр. Соның бірі «жылқы күзеу». Көктемде күзеу басталады. Дәстүр бойынша күзеуге жас жылқылар жатады: құлын, тай, байтал, т.б. Ал үлкен мініс жылқылар мен шаруаға жегілетін жылқылар жатпайды. Жас байталдар қысқа әрі сатылап, қырқылады, құйрық түбі қысқартылады, үш жағы шыбын үркітүге керек. Ол шыбын қағар деп аталады. Тайдың құйрығын қырықпайды, жалын қырқады. Кей жерлерде буаз биелерді де қырқады. Ол «бой түзеу» - деп аталады. Құлындар, еркек, ұрғашы демей бәрі қырқылады. Жалы мен құйрығын қысқартады, шыбын қағу үшін мініс аттар мен жұмыс аттарын қырықпайды. Себебі: ол жаман ырым, - деп, егер олар қырқылса иесіз қалады яғни иесі қайтыс болады, - деп ырымдайды. Ат иесіз қалса оны тұлдап, жылына сояды. Тұлдау – қаралы болған белгісі.

Қол кесер. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбек ақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр, жеңіліне қарамай тиісті ақысын берген «келі түбі», «қол үздік» сияқты. «Қол кесер» - соғым сойған, етті мүшелеген. Етті мүшелеген уақытта қолын кесіп алса, ақы төленген. Етті мүшелегенді «соғым соятын» отбасы жақсы біледі. Союшы адам міндетті түрде «қол кесер» алған. «Ауыз омыртқа» деген мүшені союшы адам алатын. Соғым сою – отбасы үшін қуаныш, мереке күн болған. Соғымнан алғашқы дәм «қуырдақ» болады.

Қол үздік. Қол үздік – көмек ету. Мал сою, киім пішу, тігу, киіз басу, өрмек, алаша тоқу уақытта көмектескен адамға «қол үздік» беріледі. Ол ине, жіп, жүн., т.б., алғыс айтады: сенің үйіңде де осындай шаруа болсын, - деген ырым.

Қол үшін беру. Қандайда болсын бір шаруаға көмектесу. Ауыл адамы үйдің жанынан өтіп бара жатып, шөп үйіп, кірпіш құйып, үй салып жатса, көріп тұрып өтіп кетпей бір кірпіш, бір-екі аша шөп көтеріп, көмектеседі. Көріп, қол үшін тигізбесе, ол адамның ақылсыз, білімсіз, тәрбиесінің дұрыс еместігін көрсетеді. «Қол үшін беру» –адамды еңбекке, көппен жұмыс істеуге үйретеді, тәрбиелейді.

Қазық майлау. Қазық майлау – мал төледен болған соң, жайылымға шығады. Биелерді сауу үшін байлайды. Мал иелері сауу орнына келіп, жақсы тілектерін білдіреді. «Халық тоқ болсын, ақ мол болсын, мал басы көбейсін! – деп жүгендерді, қазықтарды, байлауыштарды маймен майлап, сүт, айран құяды. Бұл рәсім жылқы малын үшін «бие бау», сиыр, қой, ешкі үшін «қазық майлау», - деп аталады. Адыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіреді.

Қой басты. Кигіз басу – өте қиын, ауыр жұмыс. Алдымен жүнді сабаумен сабайды, бояйды, қайнатады, құрғатады, орайды.  Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келегнде «қой басты, қой басты» - дейді. «Сенің үйіңде қой көбейсін»- дауыстайды. Естіген үй иелері шығып қымыз, бауырсақ, құрт, т.б. киіз басуларшыға береді. Бұл ойын түріндегі әзіл, қалжың, көңіл көтереді. Бұл дәстүр қазір ұмытылып барады.

Тулақ шашу. Жүн сабау. Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кез келген жұмыс барысында сақталып отырған. Жүн сабау болған соң, үй иесі әйел жүн сабауға келген әйелдерге дастархан жасап, құрмет көрсеткен. Бұл ауыр, көпшілік адамдар орындайтын, қызықты жұмыс болған.

Нәзір. Бір үлкен жұмысты бастамас бұрын үй салу, жер жыртып, тұқым себер алдында, басқа күрделі жұмыс болса ауыл адамдарын шақырып, қой сойып, дастархан жайып, өткендеріне құран бағыштап, шақырылған адамдарына істелетін жұмыстары жөнінде айтып ризашылықтарын білдіріп, қолға алған ісінің жақсы аяқтауылына тілектес екендіктерін білдіріп: «Ісің оң болсың! – дескен.

Қымыз мұрындық. Алғашқы қымыз дайын болғанда ауылдың құрметті ақсақалдарын, көршілерін «қымыз мұрындыққа»  шақырған. Ақсақалдар баталарын беріп, риза болған. Бұл әдет-ғұрып қазақ халқының өз ауыолдастарына деген құрметін, қазақ халқының қонақ жайлығын білдірген.

Сірге жияр. Бие сауу аяқталған соң, соңғы қымызға ақсақалдар мен бәйбішелерді шақырып, құрмет көрсетеді. Бұл дәстүр тағы да халқының мырза, береген екендігін көрсетеді.

Сабан той. Егін жиналған соң жасалатын егіншілер тойы. Ауылдастарын шақырып, дастархан жасап, үлкен адамдардан бата алу. Ақсақалдар батасынан кейін ойын сауық басталады. Күрес, түрлі ойындар, ән салып, күй шертіліп, өлең айтылады. Бір сөзбен айтқанда, қызу, қарқынды еңбектен соң, еңбектерінің жемісін көруге тілек айтылып, қамбадан қалған астықты ауылдастарына «кеусен» - бөліп береді. Ол бидай, ұн,т.б.

Сауын салу. Сауын салу – уақытша біреуден сауынға бие, сиыр алу, оны әрине ауылдың бай адамдарынан алады. Шаруасы аяқталған соң алған малын өсімімен қайтарған. Тұрмысы жақсы бай адамдар сауынға берген малдарын қайырып алмаған.

Саятшылық. Қыран құстармен аңға шығады. Саятшылықта өнердің бір түрі. Құс салып аңға шығатын адам «құсбегі» -, деп аталады. Құсбегі де табиғаттан берілген сый. Ол қыран құсты тәрбиелеп, олардың табиғатын түсінеді, қай уақытта аңға шығу керек екендігін біледі. Мұндай адамдар қазір де бар, бірақ аз. Қолға үйрету үшін мына қыран құстар ыңғайлы: бүркіт, сұңқар, қаршыға. Негізінде аңшы адамдар – құсбегілер  бүркітті қолға үйретіп, аңға салған. Түріне, аңға түсу қабылетіне қарап мына түрлерге бөліп, атаған: тастүлек, мұзбұлақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын, т.б. Аңшы құстарды өте жоғары бағалаған. Мұндай құстардың өз жабдықтары болады: құндақ, томағақалпақ, тұғыр, балақ бау, желі бау –байлауыш. Қыран құстарды қолға ұстап, тәрбиелеу үшін өзі бір үлкен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Әбден дайын болған бүркітті қыс түскен соң қасқырға, түлкіге, қарсаққа, сайғаққа салған.  Жазда, күзде –қазға, үйрекке, қырғауылға, т.б. құстарға салған. Аңшылардың көптен күткен аңға салу күні «сонар» - деп аталған.  Сонар – желсіз, ашық күндері. Бұл күндері аңның ізі қарда анық  көрінеді. Сонар үшке бөлінеді: 1 – ұзақ сонар, 2- келте сонар, 3 – қан сонар. Қан сонарда аңшының жолы болып олжалы қайтқан. Аңшының аңнан табыспен қайтуы ауылы үшін мереке болған. Олар өздерінің аңшыларын мақтанышпен қарсы алып, оларды мақтан тұтқан. Саятшылық тек қызық үшін уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер.

Салбұрын. Қыс түскен соң қыран құсы бар аңшы жігіттер аңға шығады. Аңшы құсымен өзінің жүректілігін, ептілігін, құсының алғырлығын көрсету үшін сонарды асыға күтеді. Ұлы Абайдың « Қансанарда бүркітші шығады аңға», -деген өлеңінде:

«Қансарда бүркітші шығады  аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанда.
Жақсы атпен тату жолдас бір – ғанибет
Ынғайлы ықшам киім аңшы адам.»

Ең қызығы қыстың мұндай күнінде түлкі, қасқыр өз індерінен шықпай отырады. Олардың бұл әдісін білетін аңшы айқайлап, шулап оларды інінен шығарады. Енді оны ұстау үшін құсын жібереді. Алынған аң тен бөліске түседі. Ақсақалдар сыбағасы өз алдына ауылға келген соң салтанатты түрде табыстайды. Бұл үрдістің тәрбиелік мәні зор. Өзара татулық, үлкенге құрмет. 

Сыралғы. Батырға жол болсын деп, аңшыға –табыс тілейді, бұл бұлжымас әдет-ғұрып. Құсбегі мен аңшы олжалы келсе, олардан сыралғы сұрайды. Сұрағанын беру керек. Бұл әдеттен бас тартып, бұзуға болмайды.

Лау. Бір ауылдан басқа ауылға бару үшін көлікке ат, не арба, тарантас, т.б. сұрайды бар адамдардан. Тілек қайтарылмайды. Міндеті түрде беріледі.

Үме. Жұмыстың түріне қарай күрделі, ауыр жұмысқа көмек сұрау. Бұл көпшілікпен бітетін жұмыс.  Мысалы, қысқа дайындық жасау үшін үй иесі ауыл адамдарын, жігіттерді шақырады. Жас жігіттер шөп шабуға кіріседі. Бірінің артынан бірі тұрып 20-30 адам шалғы орақпен  шөп шабады. Бұл көмек «үме» деп аталады.

Шашыратқы. Шашыратқы-шашырау, көбею. Жазда саулық қой мен қошқарлар бөлек жайылады. Күзде бұларды бірге жаяды, қой басын көбейту үшін. Қойшылардың бұл әдістерін «шашыратқы», - деп  атайды. Бұл кезең өткен соң мал иесі қойшыларды, көршілерді дастарханға шақырып, құрмет көрсетеді, жақсы тілек білдіріп, батасын береді.


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен
Қазақ  тілінде кітаптар