Рейтинг@Mail.ru

Қазақ мақал-мәтелдері

Үнемшілдік, үнемсіздік.   Сараңдық, мырзалық.    Шешендік, боссөзділік, мылжыңдық.    Байлық, кедейлік, мұқтаждық.


Үнемшілдік, үнемсіздік                                                                   на русском

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
 
Есепсіз дүние жоқ.
 
Саумал ішсең қымыз жоқ,
Байтал мінсең құлын жоқ.
 
Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.
 
Түстік өмірің болса, кештік мал жина.
 
Алтын тапсаң, санап ал.
 
Ақша кетуге тырысады.
Есеп ұстауға тырысады.
 
Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
 
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
 
Тамшыдан тама берсе дария болар.
 
Судың да сұрауы бар.
 
Есептемегенге бәрі түгел.
 
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
 
Атыңнан айрылсаң да,
Ер-тоқымыңнан айрылма.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

Ескі киім жаңа киімнің қорғаушысы.
 
Касықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
 
Базары жақын байымас.
 
Үй болғанда көсеу де керек.
 
Қолдағының құны жоқ.
 
Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала.
 
Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.
 
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.
 
Жұмыртқаны жегенің —
Тауықты құрттым дегенің.
 
Дария басы — бұлақ.
 
Шашу оңай, жинау қиын.
 
Атын алдырған ерін жоқтамайды,
Басын алдырған сақалын жоқтамайды.

↑жоғарыға


Сараңдық, мырзалық 

Қолында жоқ — жомарт.
 
Жарлының байда тоқтылы қой ақысы кетіпті.
 
Ер қолына мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
 
Бай аузында семіз соз.
 
Құзғын ас таңдамайды.
 
Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.
 
Көз бір уыс топыраққа тояды.
 
Алтын тыққан адам аштан өлер.
 
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
 
Көтере алмаған, қосып арқалайды.
 
Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті.
 
Сыйлап берген су да тәтті.
 
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
 
Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе.
Піскен астың күйігі жаман.
 
Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.
 
Сараң да бір, сасық су да бір.
 
Етпен қарын тоқ,
Ниетпен жаның тоқ.
 
Өзі тоймастың көзі тоймас.
 
Екі сараңның қолы бір-біріне әзер жетеді.
 
Алаған қолым береген.
 
Сараңның қолы қалтырауық.
 
Қас сараң өз тамағын өзінен тығады.
 
Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.
 
Соқырдың өз бидайын өзіне қуырып беріп.
 
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Сараңдық ауылдастан жұғады,
Я бауырластан жұғады.
 
Қолы ашықтың — жолы ашық


Берместің сылтауы көп.
 
Иттен сүйек қарыздар.
 
Өзі тойса да көзі тоймайды.
 
Жетімнің қарны жетеу.
 
Табақты үйдің тауығы —
Қос жұмыртқа туады.
 
Сараң асын бермейді,
Көзінің жасын береді.
 
Төренің тілі тәтті, діні қатты.
 
Сараңнан сарқыт жегенше,
Иттен тартып же.
 
Бермегенді беріп ұялт.
 
Тілеушінің бір беті қара,
Бермеушінің екі беті қара.
 
Берген жомарт емес, алған жомарт.
 
Алтын көрсе періште жолдан таяды.
 
Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.
 
Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.
 
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
 
Сараңдықтың соңы — арамдық.
 
Сараңға саңыраулық қонады,
Естісе де естімеген болады.
 
Жақсыны арман аздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
 
Біреу бетінен жазады,
Біреу ниетінен жазады.
 
Жақсы — арына құл,
Жаман — малына құл.
 
Жебір түйе жабуын жер.
 
Өз нәпсісін жеңген — батыр.
 
Түлкі түсінде тауық көреді.
 
Алмақтың да салмағы бар



↑жоғарыға


Шешендік, боссөзділік, мылжыңды

Сөздің көркі мақал,
Жүздің көркі сақал.
 
Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.
 
Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
 
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
 
Көп сөз — есекке жүк.
 
Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
 
Шешендік күші — шындық.
 
Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің дәмін келтіреді.
 
Сөзшенді үндемеген жеңеді.
 
Мылжың үндемесе басы ауырады.
 
Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
 
Аз сөйлесең де саз сөйле.
 
Аузына келгенді сейлеу —
Ақымақтың ісі.
 
Алдына келгенін жеу —
Айуанның ісі.
 
Отқа барған әйелдің — отыз ауыз сөзі бар.
 
Түймедейді түйедей етіп.
 
Құр судан ман шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
 
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
 
Көп сөйлесең тақылдақ дер,
Сөйлемесең ақымақ дер.
 
Дәлдеп атып жауды өлтір,
Дәлдеп айтып дауды өлтір.
 
Тілге шешен — іске мешел.
 
Жалғыздық құдайға жарасар,
Көпсөзділік құранға жарасар.

Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ.
 

Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.
 
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
 
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
 
Әзілде кек жоқ,
Өсекте шек жоқ.
 
Тілде тиек жоқ,
Ауызда жиек жоқ.
 
Қысыр сөзде қырсық көп.
 
Өсекшінің тілі қышып тұрады.
 
Тіл қылыштан өткір.
 
Ертеңгі сөз түсте жоқ,
Түстегі сөз кешке жоқ.
 
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген аз сөз.
 
Сөз қуғанға пөле жолығады,
Жол қуғанға қазына жолығады.
 
Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.
 
Аузымен астау шапқан
Қолымен жаңқа жара алмас.
 
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
 
Ауыз — дарбаза, сөз — самал,
Құдай ұрғанға не амал.
 
Тілменен тікен тартып болмайды.
 
Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам итше қауып айтады.
 
Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
 
Ұялмас бетке талмас жақ береді.
 
Айтуға оңай, істеуге қиын.
 
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

↑жоғарыға


 Байлық, кедейлік, мұқтаждық

Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.
 
Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.
 
Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.
 
Жарлы байғұс жаманар,
Жаманар да қуанар.
 
Нені кем тұтсаң, соған зар боларсың.
 
Аттыға жаяу жолдас болмас.
 
Несиеге ет жесең,
Сүйегі ішегінді жыртар.
 
Жаяуға жол алыс.
 
Аш бала
Тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала
Аш болам деп ойламайды.
 
Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
 
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
 
Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.
 
Аш ақылмен тоқ болмайды.
 
Қарны ашқанға
Қара талқан майдай көрінеді.
 
Күші жоқ ит те жүгірмес.
 
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
 
Аспаннан киіз жауғанда
Сорлыға ұлтарақ та тимепті.
 
Адасқанға — жұлдыз айдай,
Қарны ашқанға — көже майдай.
 
Тоңған тонын мақтайды,
Адасқан жолын мақтайды.
 
Алпыс қарсақ ат болмас.
 
Қысқа жіп күрмеуге келмес.
 
Ай бетінде де дақ бар.
 
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да жұртқа жетпес.
 
Жоққа жүйрік жетпейді.
Ит жоқта шошқа үреді.
 
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
 
Жоқ болса, тұз да қат.
 
Ұста нышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
 
Балықшының аты шөлден өледі.
 
Балық жоқта бақа да балық.
 
Бие көп болса, құлын көп.
 
Сауыны аздың жазы қысқа.
 
Етік жамағанды көрдік,
Тақия жамағанды көрмедік.
 

Құсы жоққа тұрымтай
Сұңқармен тең
Аты жоққа қотыр тай
Тұлпармен тең.


 Кісі берген кісіге ырыс болмас.
 
Басқа түссе — баспақшыл.
 
Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.
 
Кедей менен бай жолдас болмас,
Қасқыр менен қой жолдас болмас.
 
Қасқыр ішігі бар кісі
Жолдасының тоңғанын білмес.
 
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
 
Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын.
 
Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.
 
Жаяушылық тартқанда,
Жүрмес есек ат болар,
Қарын қатты ашқанда,
Қара талқан қант болар.
 
Жарлылығын жасырған жарымас.
 
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
 
Ақшада көз жоқ.
 
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
 
Ит арық болса, ауылдың намысы.
 
Алтынды тот баспайды.
 
Тар киім — тозғақ.
 
Түк таппаған тұз жалар.
 
Жұтаған шүкірге тоймайды.
 
Барлық жарастырады, жоқтық таластырады.
 
Тамыр тартқан тарықпас.
 
Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес.
 
Аш атасын тыңдамас.
 
Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінеді.
 
Кедейге өлең айтқан да — шығын.
 
Қалтасында тыйыны жоқ, түйенің тісін ашып көреді.
 
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
 
Еліктің мойнын оқ кеседі,
Ердің мойнын жоқ кеседі.
 
Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
Шөлдггенге қара су да бал татыр.
 
Базар бай, алушы кедей.
 
Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.
 
Қарыз қатынас бұзады.
 
Адамды тарлық шынықтырады,
Адамгершілікті барлық ұмыттырады.
 
Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас.
 
Гіленшіге жел қарсы.
 
Бай атқа мінсе құтты болсын дейді,
Кедей атқа мінсе қайдан алдың дейді.
 
Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты.
 


↑жоғарыға


кері қайту                                                                                                      келесі бет

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен