Рейтинг@Mail.ru

Қазақ мақал-мәтелдері

Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, қажырлылық, жігерлілік.       Достық пен жолдастық.


Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, қажырлылық, жігерлілік                 

на русском

Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
 
Батыр туса — ел ырысы,
Жанбыр жауса — жер ырысы.
 
Елінді сүйсең, ерлік істейсің.
 
Қылышты қорқақты
Сойылды батыр соғып алады.
 
Батырға ок дарымайды, батылға жау жоламайды.
 
Жауынгерге жара да жарасады.
 
Қаһарлы қамал бұзады.
 
Малы жоқ деп, ерден түңілме,
Шөбі жоқ деп, жерден түңілме.
 
Ел  үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
 
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
 
Тізерлеп жүріп күнелткеннен,
Тік жүріп өлген артық.
 
Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол.
 
Ерліктің шарты — өзіне сенгекдік.
 
Шапшаң жүргенде шаң жұқпас.
 
Шын орақшы орақ таңтамайды,
Шын батыр құрал таңдамайды.
 
Қара бет болып қашқаннан,
Кайрат көрсетіп өлген артық.
 
Айлалы батыр алдырмас.
 
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
 
Ер жігіт үйде туып түзде өлер.
 
Ерлік өлім — ерді көбейтеді.
 
Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.
 
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
 
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
 
Батырға таяқ та — жарақ.
 
Үйде шешен — дауға жоқ,
Үйде батыр — жауға жоқ.
 
Отызымда орда бұзбасаң,
Қырқыңа қырып келдім дегеніңе ешкім сенбейді.
 
Жауға жаныңды берсең де,
Сырыңды берме.
 
Алыссаң атаң да болса жық.
 
Жалғыз атты жарыстан қалмас.
 
Жығылсаң нардан жығыл.
 
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
 
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
 
Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.
 
Отқа салып ерітсең де,
Алтын сірә жез болмас.
Аяққа шұлғау қылсаң да,
Асыл жібек бөз болмас.
 
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
 
Жауға жалынба,
Досқа тарылма.
 
Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
 
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
 
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
 
Батырлық айқаста танылар.
 
Шешінген судан тайынбас.
 
Қашпақ болсаң зымыра.
 
Тәуекелсіз іс бітпейді,
Төуекел етпеген арықтан өтпейді.
 
Ер жолдасы — тәуекел.
 
Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас.
 
Өжет өлімнен қаймықпас.
 
Күш батылдыққа ереді.
 
Батыл болсаң батыр да боласың.

Тәуекел тау жығады.
 
Тәуекелдің кемесі суға батпайды.
 
Өзің қорықпасаң, жау қорқады.
 
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
 
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
 
Жалықпаған жауды жеңеді.
 
Өжет адам өлімді жеңеді.
 
Болат бүгілмес, шорт сынар.
 
Уайым түбі тұңғиық,
Батасың да кетесің.
Тәуекел түбі жел қайық,
Мінесің де өтесің.
 
Аты аталмаған жігіттен,
Аты аталған төбе артық.
Қорлық өмірден,
Ерлік өлім артық.
 
Қашпақ, қумақ ерге сын,
Көшпек, қонбақ жерге сын.
 
Ерлік білекте емес, жүректе.
 
Ердің сыншысы — елі.
 
Жомарт бергенін айтпас
Ер айтқанынан қайтпас.
 
Ездің тілі батыр,
Ердің қолы батыр.
 
Оқсыз мылтық — таяқ,
 
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
 
Жүрек — ер, бас — кемеңгер.
 
Сөзде тұру — ерлік,
Сөзді жұту — қорлық.
 
Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.
 
Шамасыз батырлық — шарасыз өлім.
 
Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тіреу.
 
Жүйрік атқа жел қамшы.
 
Ер айтса — ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
 
Ер айтпас, айтса қайтпас.
 
Атқыштан ажал қашады.
 
Ерді кебенек ішінде таны.
 
Ерлік пен бірлік — егіз.
 
Ер — елдің айнасы.
 
Ер есімі ел есінде.
 
Батырға да жан керек,
Пақырға да жан ксрек.
 
Ерлікте қорлық жоқ.
 
Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
 
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
 
Арыстанды арыстандай жігіт алар.
 
Қимылдаған қыр асар.
 
Ерінбеген елекпен су ішеді.
 
Жоқ іздеген жоғалғанды табады.
 
Шапқан озар,
Жатқан қалар.
 
Ұра берсең құдай да өледі.
 
Іздеген табады,
Сұраған алады.
 
Талапты ерге нұр жауар.
 
Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
 
Жоқ табылмайды емес,
Қарауы жетпейді.
Адам бермейді емес,
Сұрауы жетпейді.
 
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
 
Жығылған күреске тоймайды.
 

↑жоғарыға


Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы кашар.
 
Жолдасы көптің — олжасы көп.
 
Қимас досың сүраса,
Қимасыңды бересің.
 
Сыйласу екі кісіге бірдей.
 
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
 
Татулық — табылмас бақыт.
 
Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.
 
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
 
Ұрыстың мерейі - ерлік,
Ырыстың мерейі — бірлік.
 
Жаман жолдастан мықты таяқ.
 
Жолдасты жол айырады.
 
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
 
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
 
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
 
Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан.
 
Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
 
Қасың менен досынды
Қас-қабағы танытар.
 
Ауыл итінің достығы
Суйек тастағанша...
 
Күлме досыңа, келер басыңа.
 
Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.
 
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
 
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
 
Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.
 
Дос таппай көңіл тыным таппас.
 
Көршің қолайлы болса, қораң кең.
 
Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзың деме.
 
Қадірінді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.
 
Елсізде ит те жолдас.
 
Әңгіме жол қысқартады.
 
Тар жерде табысқан —
Кең жерде келіседі.
 
Жолдасыц соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
 
Досыңа ат берме,
Ат берсең, ақырын жур деме.
 
Досы жоқ адам —
Тұзы жоқ тағам.
 
Жылқы кісінескенше,
Адам сөйлескенше.
 
Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
 
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.


Достың орны — төр,
Дұшланның орны — көр.
 
Аз қайғыны ас басады,
Көп кайғыны дос басады.
 
Базарда мың кісі бар,
Әркім танығанына сәлем береді.
 
Көрген жерде ауыл бар.
 
Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
 
Жаңа дос келгенде,
Ескі достық көзінен жас шығады.
 
Жартыны жарып жеген —
Татулыктың белгісі.
 
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жаксы.
 
Жігіт жолдасынан белгілі.
 
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан бір дос жақсы.
 
Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.
 
Жолдасын тастаған жолда калар.
 
Жолаушыға жолдан жолдас косылар.
 
Пайданың зоры — дос үшін шеккен зиян.
 
Дос бергеннің түсіне қарама.
                                                         
Жолдан қосылған жолдас болмайды.
 
Шошқаға ерген балшыққа аунар.
 
Жақсымен жүрсең,
Жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең,
Жын урып, бақсы боларсың.
 
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.
 
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
 
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
 
Жақсының кұнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді.
 
Дос тұтқанды қадірле.
 
Есептескен ел болмас.
 
Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасынды жауға берме.
 
Жақсы дос үшін жан пида.
 
Жалған достан жау артық.
 
Аталастан ауылдас жақын.
 
Жақсы көрші тапқаның —
Мол олжаға батқаның.
 
Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда бідерсің.
 
Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.
 
Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.
 
Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.
 
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
 
Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.
 
Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.

↑жоғарыға


кері қайту                                                                                                      келесі бет

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен