Рейтинг@Mail.ru

Қазақ мақал-мәтелдері

Бейбітшілік, тыныштық.    Той, думан, қуаныш.     Әзіл-қалжың.      Ас, тағам.     Әдет, салт.      Дәуір, уақыт.


Бейбітшілік, тыныштық

 
Ер шекіспей, бекіспейді.
 
Сөздің басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
 
Суды құм бөгейді
 Дауды қыз бөгейді.
 
Жел дауылдың шақырушысы.
 
Шөптің басы жел турмаса қимылдамайды.
 
Тек жүрсең тоқ жүрерсің.
 
Мұрын болмаса, екі көз бірін бірі шұқыр етеді.
 
Ұрыс бар жерде ырыс тұрмайды.
 
Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.
 
Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.
 
Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.
 
Қылыш түбі — ұрыс.
 
Қылыштың міндеті —кесу,
Қолдың міндеті — шешу.
 
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
 
Итпен ит ырылдасса — тамағының тоқтығы,
Жігітпен жігіт қырындасса — ынтымағының жоқтығы.
 
Күндес — күнде өш.
 
Ел болам десең достас,
Қор болам десең қастас.
 
Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.

на русском

Алысты жақындататын ат,
Жақынды алыстататын жат.
 
Ұрыспай айрылған ұялмай қосылады.
 
Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.
 
Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
 
Бәле қуған бәлеге жолығады,
Жала қуған жалаға жолығады.
 
Аш құлақтан тиыш құлақ.
 
Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
 
Жабулы қазан жабулы қалсын.
 
Жауды аяған жаралы қалады.
 
Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.
 
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.
 
Дау даудан қорқады.
 
Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.
 
Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп, қас болғаннан сақтан.
 
Оңқа ойын бұзар.
 
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
 
Ер татулығы — ел татулығы.
 
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.

↑жоғарыға

 

Той, думан, қуаныш

Тойдың болғанынан, боладысы қызық.

Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
 
Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.
 
Мысық та жолбарысша қуанады.
 
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
 
Өлең өмірді ұзартады.
 
Өлең - сөздің патшасы.
 
Өлең — көңілдің ажары.
 
Жігігке өлең де өнер, өнер де өнер.
 
Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.
 
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
 
Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.
 
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
 
Берекесіздің аулы мерекесіз.
 
Өлең — алтын, сөз — күміс.
 
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
 
Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса — ел мұнды.
 
Күлкі ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
 
Қызды ауылдың иті жатпас.

↑жоғарыға

 

Әзіл-қалжың

Жылайын деген бала окесініц сақалымен ойнайды.
 
Екі тентек елге сыймас.
 
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмай.
 
Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.
 
Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.
 
Мысыққа ойын керек,
Тышқанға өлім керек.
 
Жасында қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.
 
Ойыннан от шығар.
 
Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.
 
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
 
Тентекке тіл жаңғырық.
 
Ойнаған бота от басар.
 
Көрі түйе ойнақтаса жұт болар.
 
Тентек - жұртқа тентек, өзіне мақұл.
 
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.
 
Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды
 
Елде бір тентек жүрмей ме.
 
Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.
 
Тентектің есі-дерті — бұзу,
Текенің есі-дерті — сүзу.

↑жоғарыға

 

Ас, тағам

Сыйлап берсе, суын іш.
 
Тату үйдің тамағы төтті.
 
Ас адамның арқауы.
 
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
 
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
 
Сыйласқанның суын іш.
 
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
 
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
 
Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
 
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
 
Дастарқанда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
 
Қарны ашқан қазанға қарар.
 
Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.
 
Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.
 
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
 
Шыбын да балға қонады.
 
Қайнаған қара суда қасиет бар.
 
Қазак қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
 
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
 
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
 
Асы бар аяқ әдемі.
 
Өле жегенше, бөле же.

Жат асыңа қарайды.
Дос басыңа қарайды.

Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға отын жақтырма.


Асы бар аяқтан аттама.
 
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
 
Дүниеде тас қатты,
Тасты еріткен ас тәтті.
 
Ет дегенде бет бар ма.
 
Күріштің мәнін май келтіреді.
 
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
 
Ауру — астан, дау — қарындастан.
 
Құр аяққа бата жүрмес.
 
Қыздың тамағы қылдай.
 
Жақсы ас қалғанша,
Жаман қарын жарылсын.
 
Досыңның асын қасыңдай іш.
 
Ет — етке, сорпа — бетке.
 
Қойдың басы — құданың асы.
 
Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.
 
Мешкей деген жақсы атақ емес.
 
Жылқының еті жесең тісіңе кіреді.
Жемесең түсіңе кіреді.
 
Ас қадірін тоқ білмейді.
 
Той тамағы — тәтті.
 
Аспаздың қарыны асқанына тояды.
 
Атыңды сат, тоныңды сат,
Жатарыңда бір тойып жат.
 
Қуыс үйден ңұр шықпа.
 
Кісі кірмеген үй көрмен тең,
Ішілмеген ас умен тең.


↑жоғарыға

Әдет, салт


Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе көк дүркірер.
 
Ауру қалса да әдет қалмайды.
 
Қарға қарқылдаса қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса жазды шақырады.
 
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал алдынан шығар.
 
Иттіы табаны қышыса, керуенге ереді.
 
Ат дорба түбін піскемей, ат тоймайды.
 
Сұрап алған аурудың емі жоқ.
 
Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
 
Атының сыры иесіне белгілі.
 
Иттің ырылдасқаны - амандасқаны.
 
Ит иттігін қылмап қоймас.
 
Ит итаяғын жаламай көңілі көншімес.
 
Ел жатпай — ит тынбас.
 
Ит баласын ырылдап сүйеді.
 
Ит қорыған жерге өш.
 
Жетектеген ит аңға жарамас.
 
Тау текенің тауға шықиаса тұяғы қышиды.
 
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
 
Түйе алтын артып жүрсе де, жантақ жеуін қоймайды.
 
Түйенің сүйген асы — жантақ,
Тиіннің сүйген асы — жаңғақ.
 
Түйенің жантақ жемесе, тілі қышиды.
 
Ит үрген жерде ауыл бар.
 
Бөрі кәрісін ұрады.
 
Ит иттігін істемесе, іші ауырады.
 
Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.

↑жоғарыға

Дәуір, уақыт


Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
 
Әр адам ез заманының баласы.
 
Кешегі күннен алыс жоқ,
Ертеңгі күннен жақын жоқ.
 
Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.
 
Мезгіл жетсе, мұз да ерір.
 
Адамды заманы билейді.
 
Заманына қарай заңы,
Тоғайына карай аңы.
 
Әр айдың аты басқа.
 
Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.
 
Әр заманда бір көреген.
 
Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді.

↑жоғарыға


кері қайту                                                                                                      келесі бет

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен