Рейтинг@Mail.ru

Қазақ мақал-мәтелдері

Еңбек, еңбекқорлық.      Шеберлік, ұсталық.      Білім, білім алу.     Сөз, сөйлеу.


Еңбек, еңбекқорлық

Ер дәулеті — еңбек.
 
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
 
Еңбексіз өмір жок.
Ауырсыз жеңіл жоқ.
 
Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.
 
Атан түйе жүк астында қартаяр.
 
Түйір нан — тамшы тер.
 
Жері байдың — елі бай.
 
Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
 
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
 
Малды тапқанға бақтыр,
Отынды алғанға жақтыр.
 
Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кеткен мал.
 
Берген алар, еккен орар.
 
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
 
Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады.
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.
 
Бір тал кессең, он тал ек.
 
Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз.
 
Еңбексіз өмір — сөнген көмір.
 
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
 
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
 
Қыста малынды бақ,
Жазда шөбінді шап.
 
Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбекпен ер көгерер.
 
Ақ қар көп болса — ақ нан көп.
 
Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға
Алыстық жоқ.
 
Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.
 
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
 
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
 
Еңбегіне қарай өнбегі.
 
Жер тоймай, ел тоймайды.
 
Келген дәулет,
Кеткен бейнет.
 
Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.
 
Мандайы терлемегеннің,
Казаны қайнамайды.
 
Ерте түрған әйелдің
Бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің
Ырысы артық.
 
Қолы қимылдағанның аузы қимылдар
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
 
Еге білсең, егін тасқа да бітеді.
 
Етікшіні балға мен біз асырайды,
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
 
Бәйгеден ат келмейді, бап келеді.
 
Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.
 
Мал баққанға бітеді.
 
Еңбектің көзін тапқан,
Байлыктың өзін табады.
 
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
 
Жер — ана,
Ел — бала
 
Ердің атын еңбек шығарады.
 
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
 
Бакыт кілті еңбекте.
 
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
 
Кім еңбек етсе — сол тоқ.
 
Көп еңбегі көңілді.
 
Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.
 
Отырған жерден отын кескен.

на русском

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
 
Жұмысы жемістінің — өмірі келісті.
 
Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.
 
Егін піспей, қам сайла.
 
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
 
Байлықтың атасы — еңбек, апасы — жер.
 
Жақсы жұмыс — жанға тыныс.
 
Қыстағы қар — жерге ырыс,
Жердегі ылғал — елге ырыс.
 
Еңбек — ширатады,
Өмір үйретеді.
 
Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.
 
Есесі қайткан еңбек — игі.
 
Еңбек патшалықты асырайды.
 
Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді.
 
Еңбек өмірді ажарлайды.
 
Еңбек адамның екінші анасы.
 
Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
 
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер.
 
Терең құдықтың суы тәтті.
 
Қой семізі қойшыдан.
 
Кедейлік кетсін десең, еңбек ет,
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
 
Жақсы бастама — істің жартысы.
 
Мал баққандікі,
Жер жыртқандікі.
 
Казанға не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер.
 
Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
 
Тек жүргенше тегін істе.
 
Көз қорқақ, қол батыр.
 
Бай мейірінен күн мейірі.
 
Мақтаның анасы — жер, атасы — су.
 
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
 
Қызметте туыстық болмайды.
 
Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзді күні мың дән болады.
 
Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.
 
Еңбек пен бақыт — егіз.
 
Су — ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.
 
Жайлауы жақсының әр бутасының түбі
бір кесек ет.
 
Қара жер карыз арқаламайды.
 
Ешкі егіз туып, койдан көп болмас.
 
Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.
 
Қолыма жұмыс бергенің —
жаныма тыныс бергенің
.
Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің.
 
Тігіншіні инесі асырайды.
 
Ерінбей еңбек етсең — ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең — иегің тасқа тиеді.
 
Қора оңды болса, қойың қоңды болар.
 
Ащы еңбектен төтті нан.
 
Тары болса, тауық табылады.
 
Сөз қуған болеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар.
 
Жаман іс жоқ, жаман ісші бар.
 
Екпіндінің үйі көрікті келеді.
 
Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің.
 
Жеріне қарай астығы.
 
Жерің отты болса, малың сүтті болады.
 
Малды іріктемесең, тұқымы азады,
Қонысты жаңартпасаң, өрісі азады.
 
Малдың тамағына қара,
Малшының табағына қара.
 
Жер тойынбай, ел тойынбайды.
 
Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.

↑жоғарыға

Шеберлік, ұсталық

 
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
 
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
 
Жігіт көркі — өнер.
 
Қыз еркем кестесімен көркем.
Ұл еркем өнерімен көркем.
 
Ата өнері — балаға мұра.
 
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
 
Шеберлікке шек жоқ.
 
Қазаншының өз еркі
Қайдан құлақ шығарса.
 
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
 
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
 
Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
 
Өнерліге есік ашық.
 
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
 
Шебердің қолы көпке ортақ.
 
Қалауын тапса, қар жанар.
 
Болат біз қап түбінде қалмас.
 
Алтынды ала білген бөле де біледі.

 


Еңбек ептілікті сүйеді.
 
Өтпес пышақ қол кесер.

Өнерлінің өзегі талмас.
 
Өнерпаздың он қолы бар.
 
Қол өнері — кілемде,
Сөз енері — өлеңде.
 
Оймақ пішсең де ойлап піш.
 
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
 
Күш жақсы, күштен іс жақсы.
 
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
 
Шеберді шеге қағысынан таны.
 
Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
 
Темірге тіл, жацқаға жан бітіретін...
 
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
 
Ерінбеген етікші болады.
 
Өнерліге өлім жоқ.
 
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
 
Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.
 
Тамызығын таисаң, тас та жанады.

↑жоғарыға

Білім, білім алу
 
Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.
 
Оқығанынды айтпа, тоқығанынды айт.
 
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні көріп.
 
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
 
Өмір — үлкен мектеп.
 
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
 
Жердің сәні — егін,
Ердің сәні — білім.
 
Жер — ырыстың кіндігі,
Білім — ырыстың тізгіні.
 
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
 
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
 
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
 
Кітап — алтып қазына.
 
Естімеген елде көп.
 
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
 
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
 
Өзі білмегеннің аузына қарама.
 
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
 
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүріибей ел танымас.
 
Көргенсіз дегенге кек тұтпа,
Көргеніңнен көрмегенің көп.
 
Ғылым — теңіз, білім — қайық.
 
Алтын алма, білім ал.
 
Көп оқыған білмейді,
Көп тоқыған біледі.
 
Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.


Аттан тай озады,
Атадан бала озады.


Ұстаздан шәкірт озар.
 
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
 
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
 
Күш — білімде, білім — кітапта.
 
Білек бірді, білім мыңды жығады.
 
Әліппенің аржағы — білім бағы.
 
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
 
Шәкіртсіз ұстаз — тұл.
 
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өнер шырағы.
 
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
 
Оқу — білім азығы,
Білім — ырыс қазығы.
 
 
Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
 
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
 
Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
 
 Кісінің коркі киім емес — білім.
 
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
 
Құлақ естігенді көз көрер.
 
Асу бермес асқар жоқ.
 
Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын көл.
 
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
 
Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.
 
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
 
Білім арзан, білу қымбат.
 
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
 
Жаста оқыған оқуың —
Тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың —
Мұзға жазған- мен бірдей.

↑жоғарыға

Сөз, сөйлеу

 

Алмас қылыш майданда серік,
Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

 
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
 
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.
 
Тіл — көңілдің кілті.
 
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.
 
Жанған от тәнді жылытады,
Жақсы сөз жанды жылытады.
 
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ер көгереді.
 
Бастың көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.
 
Ауыз көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз.
 
Батырды шешен аттан түсіріпіті.
 
Айтылған сөз — атылған оқ.
 
Тіс — тілдің қамалы.
 
Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
 
Басқа пәле тілден.
 
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
 
Қиыстырып қаласаң отың жанар,
Қиыстырып айтсац халық нанар.
 
Ми ойлағанды тіл тындырады.
 
Сөз —сабан, іс — дән.
 
Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
 
Жыланның уы — тісінде,
Адамның уы — тілінде.
 
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылап тең сөйле.
 
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойыныңа оралады.
 
Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.
 
Өнер алды — қызыл тіл.
 
Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады.
 
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
 
Жақсы сөз — жарым ырыс.
 
Көңіл көзін сөз ашар,
Сойлемесе кір басар.
 
Құлаққа кірген суық сөз —
Көңліңе барып мұз болар.
 
Жаман сөз — жанға кірген тікен.
 
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.
 
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
 
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
 
Тіземнен сүріидірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме.
 
Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
 
Шешілмеген шиені
Тырнақ шешпес, тіл шешер.
 
Пышақтың өткірі жақсы,
Сөздің қысқасы жақсы.

Орынсыз сөз — өзіңе тиер.
 
Сөзің қысқа болсын,
Қолың ұста болсын.
 
Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.
 
Оттың шаласы жаман,
Сөздің аласы жаман.

 Аузың айтқанды қолмен істе.
 
Өткен күн оралмас,
Құнды сөз жоғалмас.
 
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен отеді.
 
Сойылдың жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
 
Оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады.
 
Сұрай-сұрай Мекені де табады.
 
Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
 
Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.
 
Қаһарлы сөз қамал бұзар.
 
Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді.
 
Сөз шынды табар.
 
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
 
Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе қайдан туады.
 
Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал.
 
Жылы киім тонді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
 
Тәуекел тас жарады,
Жаман сөз бас жарады.
 
«Қарағым» деген жылы сөз
Тон болып тәнді жылытнаса да, жанды жылытады.
 
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
 
Жаманның берген асынан жақсының айтқан сөзі артық.
 
Жақсының сөзі — жырмен тең.
 
Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер:
Сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.
 
Көзі жаманның — сөзі жаман.
 
Тауып сөйлесең — күміссің,
Таппай сөйлесең — мыссың.
 
Жүйелі сөз — жүйесін табар,
Жүйесіз сөз — иесін табар.
 
Жақсы сөз — жан азығы.
 
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
 
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
 
Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
 
Бұралқы сөз — күлуге жаксы.
 
Жер астында жатқанды,
Казбай қарап тіл табар.
 
Піл көтермегенді тіл көтереді.
 
Тілмен тікен де алады.
 
Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.
 
Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
 
Қышыған жерден қол кетпес
Қышытқы жерден сөз кетпес.
 
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
 
Жаным десе жан семіреді.
 
Жаман сөз — жанға кірген тікен,
Жақсы сөз — таптырмайтын ем.
 
Ең тәтті де — тіл,
Ең ащы да — тіл.
Ең жұмсақ та — тіл,
Ең қатты да — тіл.
 
Тіл — тиексіз.
 
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
 
↑жоғарыға

 


кері қайту                                                                                                      келесі бет

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен