Рейтинг@Mail.ru

Қазақ мақал-мәтелдері

Өмір мен өлім, денсаулық пен ауру туралы.     Жалғыздық, сүйеніш, көмек.      Өзімдікі, біреудікі.      Тағдыр, жазу.


Өмір мен өлім, денсаулық пен ауру туралы

Денсаулық — зор байлық.
 
Жарлының байлығы — денінің саулығы.
 
Ауру атанды да шөктірер.
 
Ауру кірді — әлек кірді.
 
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
 
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
 
Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
 
Ауруын жасырған өледі.
 
Батыр бір оқтық.
 
Бай бір жұттық.
 
Ағын судың арамдығы жоқ.
 
Бас ауырса жан қорқады.
 
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жерінде.
 
Жұғын бар жерде — шыбын бар,
Шыбын бар жерде — шығын бар.
 
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
 
Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
 
Өліспеген көріседі.
 
Батырдың басы екеу болмайды.
 
Сәтін салған ауруға,
Не болса, сол ем болады.
 
Тәні саудың жаны сау.
 
Өлімнен басқаның бәріне асық.
 
Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны — амандық.
 
Мысықтың өлімі — тышқанға той.
 
Тәуіптің жақсысы — ауруға ауру қоспағаны.
 
Мың ұжмақтан — бір күн тірлік.
 
Ластың досы — шыбын.
 
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
 
Көңіл жақсы болғаны —
Өмір жақсы болғаны.
 
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
 
Өлім байдың малын шашады,
Жоқтың артын ашады.
 
Өткен қайтып оралмас,
Өлген қайтып келмес.
 
Жылағаңмен өлген кісі тірілмейді.
 
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса жан тәтті.

на русском

Кебін киген келмейді,
Кебенек киген келеді.
 
Өлім жайлы көп айтса,
Тірінің берекесі кетеді.
 
Тумақ барда өлмек бар.
 
Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды.
 
Балық жаны суда.
 
Ажал ажарға қарамайды.
 
Емнің алды — еңбек.
 
Арық атқа қамшы ауыр.
 
Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
 
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
 
Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
 
Ауру желмен келіп, термен шығады.
 
Сырқат — төн жарасы,
Қайғы — жан жарасы.
 
Аман,болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
 
Азған денеге ауру үйір.
 
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
 
Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.
 
Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.
 
Өмір озады, ажар тозады.
 
Көп жасап, күміс болғанша,
Аз жасап, алтын бол.
 
Тыста ұзақ жүргенің —
Ұзақ өмір сүргенің.
 
Басы аманның малы түгел.
 
Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ.
 
Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
 
Көзің ауырса қолынды тый,
Ішің ауырса тамағынды тый.
 
Жорғаның қадірін желгенде біледі,
Жақсының қадірін өлгенде біледі.
 
Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
 
Аурудың жақсысы жоқ,
Дерінің тәттісі жоқ.
 
Өлім деген — ұзақ жолдың алысы.
 
Арымақ, семірмек көңілдеп.

↑жоғарыға

Жалғыздық, сүйеніш, көмек

 
Жалғызға ұжмақ та жараспайды.
 
Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.
 
Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас.
 
Жалғыз батыр жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
 
Екі бас, екі басқа малта да ас.
 
Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.
 
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.
 
Қанша жуан болса да
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.
 
Ер қанаты — ат.
 
Жақсы ит — иесінің көз-құлағы.
 
Жалғыз қаздың үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
 
Жалғыз иттің үргені білінбес,
Жалғыз кісінің жүргені білінбес.
 
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш корған болмас.
 
Жалғыз кісі жауынгер емес.
 
Жаяудың шаңы шықпас.
 
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз бие саба болмас.


Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
 
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
 
Үйірінен айрылған малды қасқыр жейді.
 
Ит — адамның құлағы.
 
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
 
Желген атқа жел жаңғырық.
 
Құдай жалғыз, мен жалғыз.
 
Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.
 
Өз қотырымды өзіме қасытты.
 
«Әйт-шуу» деген атанға демеу,
«Әуп» деген ерге демеу.
 
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
 
Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды,
Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
 
Саяқ жүрсең таяқ жерсің.
 
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.
 
Жанашыры жоқ адам
Жал-құйрықсыз атпен тең.
 
Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.

↑жоғарыға

Өзімдікі, біреудікі

 
Әркім өз бойына қарап тон пішер.
 
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғайды,
Бұршақ жауса басын қорғайды.
 
Әркім қолындағысын теке атайды.
 
Өзімдікі дегенде,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.
 
Кісідегінің кілті аспанда.
Шөмелені шөбім бар деме,
Несиені малым бар деме.
 
Әркім өз мұңын айтады.
 
Қолда ескен түйенің тайлақ аты қалмайды.
 
Білек бір болса да бармақ басқа.
 
Кілем сатсаң аулыңа сат,
Бір шетінде өзің де отырарсың.
 
Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды.
 
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы ат мінуге жақсы.
Әркім өз қозысын қошқар қояды.
 
Өзін ғана ойлаған —
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған —
Адамдықтың белгіс


Өзі қылған өкінбейді.
 
Бақсының емі өзіне қонбайды.
 
Өзіңді олжалатпай өзгені олжалай алмайсың.
 
Тас түскен жеріне ауыр.
 
Әр елдің заңы басқа,
Иттері қара қасқа.
 
Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
 
Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.
 
Атың болмаса, аяғыңа жалын.
Аяғың болмаса, таяғыңа жалын.
 
Шайнаған бұйырған емес, жұтқан бұйырған.
 
Біреудің қолымен от көсеме.
 
Соқырдың қожасы — құлағы,
Ақсақтың аяғы — таяғы.
 
Аурудың зардабын аурудың тақсыретін тартқан біледі.
 
Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең.
 
Оң қолым, сол қолым — бәрі өз қолым.
 
Басқа үйдің жығуын білсем де тігуін білмеймін.





↑жоғарыға

Тағдыр, жазу

 
Түйе жүктен қашып құтылмас,
Ат арбадан қашып құтылмас.
 
Ажалды киік ашыққа қашады.
 
Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
 
Ажалды қарға бүркітпен ойнар.
 
Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің.
 
Біреудің ажалы — оттан,
Біреудің ажалы — судан.
 
Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.
 
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
 
Кедей болар жігітке ажалды мал тап болар.
 
Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
 
Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
 
Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.
 
Айдалаға атқан оқ, ажалдыға тиеді.

↑жоғарыға

 

кері қайту                                                                                                      келесі бет

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен