Рейтинг@Mail.ru

Мұқағали Мақатаев

Туған жер

Жиі енеді.    Қарасаз.     Біздің жақтын іңірі.    «Жалаң аяк жар кешіп...»      «Бір әңгіме козғашы ауыл жайлы...»     «Апырым-ай, Туған жер-ай...»     «Айхай, далам!,...»    «Туған жер сағындырды, келді есіме...»   «Еш нәрсенің керегі жоқ!...»    Ескі ауылды еске алу.    «Сиыр айдап өріске ертеңменен...»   Туған жерім.     Шибұт шыңыңда.      Сағынам, Шибұт, сені де.    Сүйемін өскен отанымды!     Отан туралы.    «Елім!...»    Туған жер тудырған ой.     Шибұтта.

 

ЖИІ ЕНЕДІ

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл
Іркіт иісі келеді мұрынға бір.
 
Ойнамай жағасында құракпенен,
Жалығып әзер аққан бұлак көрем.
Мал өрістен қайтқанда кешке карай,
Жамыраған козы мен лак көрем.
 
Қырық түтін шығады қырық тамнан,
Қырық торғай ұшады шыбық, талдан.
Қырық әже күзетіп отырады,
Қырық ұлдын орынын суып қалған.
 
Қыр басына қырық шал жиналады,
Бір-біріне тартуы — сый қабағы.
Бір-біріне отырар басу айтып,
- Кайтесің, — деп тәңірдің қимағанын.
 
Тауларым да тұрады қалқан болып,
Соны көріп қалады арқам кеңіп.
Өлі ұйкыдан осылай оянамын,
Оянамын, көңілім талқан болып.
 
* * * * * * * *
 
ҚАРАСАЗ

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Карасаз,
Қасиетінен суынның!
 
Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!
 
Көктемде үйрек ұшып, қаз қонып,
Караушы едім тырналарға мәз болып.
Жыр кыстап туылмас ем, сірә, мен,
Жаралмасаң өзің Карасаз болып.
 
Сонау жатқан жасыл тауды көлденең
Алғаш рет ес білгенде көрген ем.
— Асқар таудың ар жағында ел бар, — деп
Әжем айтса, әй, сәбилік, сенбегем.
 
Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бакыттың сен әзі ме ең?
Сенің ғажап табиғатынды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...
 
* * * * * * * *
 
БІЗДІҢ ЖАҚТЫҢ ІҢІРІ

Әлдеқашан жасырынды, күн батты,
Ауыл үстін алаң-елең түн жапты.
Сонау егіс даласында көлхоздың,
Қызған еңбек әлі-дағы тынбапты.
 
Жарқырайды түнгі ауылдың оттары,
Адам даусы, пыскырынған аттары.
Қызыл сәуле бір көрініп, бір сөніп,
Белден асып машиналар кетті әрі...
 
Дүбірлеткен кешеміздің жан-жағын,
Дыбыстары машинаның, арбаның.
Қалтырайды қойлы ауылдың өты да,
Жағасында тасып жатқан арнаның.
        
 ...Күндегіден әлдекайда жай тіпті.
Қыр астынан әрең-әрең Ай шыкты.
Жатағынан кешеу калған төп үйрек,
Жаңа ғана жайылымнан кайтыпты.

Көз алдымда оның кейпі, сыр, түсі,
Сыпайы бір ашык-жарқын күлкісі —
Ар жағында қарауытқан қыраттың,
Әндетеді менің досым жылкышы.
 
Өсекшіл жел сыбырлайды алыстан,
Сырын ұрлап жастардың да табысқан.
Әлі карап, мен де тұрмын бір үйге,
- Жұмысынан келді ме? - деп таныс жан...
 
 
* * * * * * * *
Жалаң аяк жар кешіп,
Қызыл аяқ қыр кешіп,                                           
Қыр гүлімен бірге өсіп,
Қыр желімен бірге есіп,
Торғайлармен тілдесіп,
Торы тайға мінгесіп,
Тобын жазбай топ бала
Жүретін ек гулесіп.
Орман, таулы туған жер —
Ортақ бізге бір бесік.
Оны да біз атқардык,
Жігіт болдық, мақтандық,
Тартып мініп ат жалын,
Жеке-жеке аттандық,
«Өнерімізді» ақтардық,
Өршелендік мақтан ғып,
Өкініші сол ғана
— Өзді-өзіміз таң қалдық.
 
...Орақ мұрын, қыр мандай,
Маңғаз жігіт жүр бүгін.
Өзі ұстап тұрғандай
Туған жердің түндігін.
Сақтап қалса, жарады,
Азаматтың тірлігін,
Сәби шактын бірлігін...
 
 * * * * * *
Бір әңгіме козғашы ауыл жайлы,
Бұдан артык рақат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме козғашы ауыл жайлы.
 
Қар да ілігіп қалған-ды тау басына,
Мұз тонды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Камдап алып азығын қамбасына.
 
Төрт түліктен төгілген шалкар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарқаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды.
 
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма тұз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Каңбағы ұшып, каңырап калды ма аңыз?
 
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Акбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Карасуға?
 
Қарасуға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Топ тырналар аспанға сына қағып?
 
* * * * * * * *
Апырым-ай,                  
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.
Кіндігімді байлаған казығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
 
Жат көзімен қарайды адамдарың,
Жақын тартар кұрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып калып,
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...
 
Кел демеді немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!
Сені сұйген жұректі, туған өлкем,
Сен әсірген біреулер жек көреді.
 
Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіннен табылады.
Жасыра алман, інінің отауынан,
Ыстық маған атаның шаңырағы.

* * * * * * * *
АЙХАЙ, ДАЛАМ
 
Аһ, далам, айхай, далам, сағым далам,                        
Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған;
Аспан құлап кетсе де тарынбаған,
Бір ғаламат бойында сабыр бар-ау.
Аһ, далам, айхай, далам, сағым далам!
Төсінде атылмаған жанар таулар,
Вулканын тұншықтырып, дамылдаған.
 
Боз далам, күрең далам, жасыл далам,
Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.
Кұныға кұшырым бір қанбай койды-ау,
Қалай ғана құшармын ғашык-далам?
 
Құшақтан шығармаспын деген едім,
Дәрменсіз ғып жараттын неге мені?
 Өзіндей алып болып тумаған сон,
Адам болып жүрудің не керегі...
 
Сонда да сүйіп өтем, сүйіп өтем,
Сүйе тұра құша алмау - күйік екен.
Алыптан алып болып тумаған соң,
Адам болып жүру де киын екен...

* * * * * * * *
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.
Кім кепілдік береді өлмесіме!
 
О, дәурен неткен ғажап сүйікті еді!
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған өңашада, биіктегі,
Таңғы самал жататын сүйіп мені.
 
Ойнатып өмырауда таң самалын,
Мен алғаш шықкан күнді карсы аламын.
Мәнгілік сөл биікте калып коймай,
Несіне бұл тірлікті аңсағамын?!
 
Қасқа бұлақ, касыннан неге кеттім?!
Не деген жел айдаған көбелекпін.
Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,
Тасқа әкеп өзімді-өзім шегелеппін...
 
Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау!
Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау!
Қапыда қалтылдаған жаным мынау,
Жаратқан, нағылдым-ау, нағылдым-ау?!

* * * * * * *

Еш нәрсенің керегі жоқ!
Керегі жок, шаршадым!
Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым,
Өніп-өскен топырағыма апарындар,
Тастандар.
Тауларымды,
Қара суды, Қарасазды аңсадым.

 
Енді емделсем,
Туған жердің топырағымен емделем,
Ескек желмен ентігімді
Басқанымды жөн көрем.
Неге керек сән-салтанат, ию-қию, төй-думан,

Таудың ерке тағысымын, тағысымын
Мен деген.
Тіптен маған керегі жок, керегі жоқ еш ненің.

Белгісіз-ақ болсын, мейлі, өткенім де өшкенім.
О, киелі шаңырағым!
Айналайын астанам,
Алдында егер айыбым мен күнәм болса,
Кеш менің!

* * * * * * * *

ЕСКІ АУЫЛДЫ ЕСКЕ АЛУ

Сарала каздар саздағы,
Сардала — сағым,
Маздады.
Бүлкілдеп жүзген үйректер,
Қанқылдап ұшқан қаздары.
Бала да, қарт та мәз — бәрі,
Ауылдың қайран жаздары!
 
Қаршыға тиіп кептерге,
Қанатын үзіп кеткенде,
Қалкып бір ұшқан найзадай,
Тырналар ұшып өткенде,
Саршаның күні жеткенде,
Үркітуші едік қуалап,
Жайылып жүрсе дуадақ,
Адырда, қырда, бөктерде.
 
Өрісте қозы шулаған.
Сусындап тұнык тұнбадан,
Тай-кұлын жұрсе тулаған,
Бұралып жап-жас келіншек,
Су алып жатса жылғадан,
Тіршілік бір сәт тынбаған,
Ғажап кой, ғажап бұл далам!
Бір жерге байлап кіндігін,
Сағынып таулар бір-бірін,
Бұлттардан жаулық бұлғаған.
 
Қуантушы еді көктем кеп,
Көктем жоқ, жаз кеп өктем боп,
Жасытып бізді кеткен жок.
Жас жігіт — жазғы бидайдың
Сіп-сирек мұрты көкпеңбек.
Сипайды самал еппен кеп.
 
Қара су бөйы талдарға,
Сайрауық құстар конғанда,
Құбылтып әнге салғанда,
Тұп-тұнык, мөлдір бастаудан,
Сусының әбден канғанда,
Жастығың қайта басталған,
Басталған басқа арман да...
Момақан ауыл бөктерде,
Арқасын тіреп тауларға.
(Алатын жау жоқ жалғанда!)
 
Сайлардан салқын есті жел.
Салбырап, баяу кеш кірер.
Сумұрындарын шақырған,
Әжелер даусы естілер.
...Осылай еді ескі ауыл,
Осылай еді ескі жер...

* * * * * * * *

Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек төғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бөяумен тоғайды көркемдеген.
 
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы, сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген...
 
Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.
Сөнда менің ойымда мұң бар еді,
Өзі келіп, бір күні серпер дегем.
 
Жакын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала танда.
Тағдырымды сөнда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенім жөк алаканға...
 
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,
Сен тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,
Өзегімді өзің боп өртер деген.
 
Сол тоғайға барып ем ертенменен,
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,
Неге ғана шошыдын, еркем, менен?!

* * * * * * * *
 
ТУҒАН ЖЕРІМ
( қысқы көрінісі)

Түнерген кейуана Қарасазым!
Қойпында өткізіп ем өмір жазын.
Болса да бір шақырым жүрмін алыс,   
Амал не, алла ісіне бар ма лажым?

Сылдырап бауырында бұлақ аққан,
Сыңсыған ну орманың мүлгіп жатқан.
Сылаңдап өзен суы әзілдесіп,
Сылқылдап әлденеге езу тартқан.
 
Қарасаз, кіндік қаным саған тамған,
Жолдасым бірге келген сенде қалған.
Шыбықтан ат қып мініп, балық аулап,
Өзен мен орманында асыр салғам.
 
Бұл күні қысқы тұман бүркеп алған,
Көрсетпей тоғайыңды қырау шалған.
Аязды түн жамылған қарт жылқышы,
Ыңырсып қайғы-мұңлы әнге салған.
 
Аязды сағым ойнап кырлы далаң,
Сұлқ жатыр, жансыз бейне болмай алаң.
Өткізген сол далаңда өмірімді,
Қайғыра, тебірене есіме алам.
 
Әне тұр менің туған жаман тамым,
Сол тамда көргем тұңғыш өмір шамын.
Есігін өмірімнің сонда ашып,
Іңгәлап мен де өмірге ұмтылғанмын.
 
Жиегінде өзеннің ол тұрады,
Қарасам, көзді жасқа толтырады.
Қымбат маған көзімнің карасындай,
Ол тамның әрбір түйір топырағы.
 
Ұшырған ұясынан Қарасазым,
Айттым мен, ұкшы сен де көңіл назын.
Аяңнан еш уақыт алыс кетпен,
Әкетсе тағдыр айдап бар ма лажым?

* * * * * * * * 

ШИБҰТ ШЫҢЫНДА
 
Үкің-бұлт, найзатасың көкке тиген,
Аймалап ақ басыңды бұлт сүйген.
Аспанның дауылпазы долы борап,
Көркіңді күндегендей тұман үйген.
 
Отырмын үстінде мен найзатастың,                  
Жасырып жан сырымның мұңын аштым.
Шибұт, сенің шыңында жас жүректің,
Арманын терең ойлап, мауқым бастым.
 
Отырмын, ой тұманы шытырманды,
Басымды бейуақыт қоршап алды.
Туылған тұл тұрмыстан әлсіз шабыт,
Азырақ әлдиледі сәби жанды.
 
Тигендей төбем тұнык бұлтты көкке,
Көрінед көлденең бел сонау шетте.
Солдаттай сапқа тұрған карағайлар,
Мелшиіп қара тастар жатыр текке.
 
Төменде мұз астында ерке бұлак,
Тұншыға деміп алып жатыр жылап.
Тыпыршып, тыншыға алмай нәзік толқын,
Сылқ етіп тілсіз тасқа төсін ұрад.
 
Көрінед көлбеп жатқан сонау жалдан,
Ақ бурыл қарағайлар кырау шалған.
Бұл күні еркін жатқан тау деңгейін,
Ақша қар ақ көрпемен қымтап алған.
 
Көрінед көз ұшында көмескі Іле,
Жыландай жылжып барад иіріле.
Қаңғырып қияда жүр ақсақ елік,
Адасып қосыла алмай үйіріне.
 
Отырмын басымда - бұлт, астымда - тас,
Айланды ұршықтайын бір ғазиз бас.
Қайғылы қара көзден шыңырауға,
Мөлт етіп бұршактайын төгілді жас.

* * * * * * * *
 
САҒЫНАМ, ШИБҰТ, СЕНІ ДЕ
 
...Жылап аққан өзені,
Мұңлы ма еді, қандай ед?...
Жасырын жүрек сезеді
Көз жасы оның балдай ед.
 
Түнекпен тұтып көңілді,
Тұнжыраушы едің сен ғажап.
Алыс бір арман өмірді
Қайғыртушы едің ойға сап.
 
Адасқан кейде ақша бұлт,
Қонақтаушы еді басыңа.
Ойымнан қайғы боп ұмыт,
Отырушы едім тасыңа.
 
Толқын беріп шалғынға,
Толықсушы еді самал жел.
Күн батардың алдында,
Көгілдір тартып асқар бел.
 
Сағынам, Шибұт, сені мен,
Аяулы, жалғыз жанымдай.
Сағынам адал көңліммен,
Өзіңді сүйген жарымдай.
 
Ауыр бір ойда отырып,
Жазғанда сәлем еліме.
Көзімді жасқа толтырып,
Сағынам, Шибұт, сені де.
* * * * * * * *
Өскен жер жылы жүрекке,
Шибұттан мен де адастым.
Жақын да болса алыстап,
Ауыр бір халге жанастым.
Лебің ыстық - өз елім,
Биіктесің өмірімде.
Қоштасқанша көз жұмылып,
Сақталарсың көңілімде.
1950 ж.
 
* * * * * * * *

СҮЙЕМІН, ӨСКЕН ОТАНЫМ!

Сүйемін мен жерімнің  
Топырағын, тасында.
Сүйемін думанды елімнің,
Кәрісін және жасын да.
Бұлтсыз, айсыз, жылы леп,
Сүйемін салқын кештерін.
Бетті аймалап уілдеп,
Толассыз сокқан ескегін.
Шаңдатып жота, қырларын
Жылқы ойнаса біріндеп.
Мен сүйемін тұрғанын
Жылқышының күлімдеп.
Сүйемін гүлге нәр берген
Нөсерді жауған сіркіреп.
Жарқ-жүрк етіп әр жерден
Сілкінсе аспан күркіреп.
Бұлт ойнаған бетінде,
Сүйемін көкшіл аспанын.
Ауылдың оқшау шетінде,
Асыр салған жастарын.
Байқасам кейде тұра кап,
Тәтті бір сырды сеземін.
Сүйемін суды қуалап
Сарқырап жатқан өзенін.
 

Сан алуан гүл өскен
Далаңды сүйем сұлаған.
Төбелестен, күрестен,
Балаңды сүйем жылаған.
Сүйемін, өскен Отаным,
Жылысып өткен жылыңды.
Қарыздармын сондықтан
Берермін талай жырымды.

* * * * * * * *
ОТАН ТУРАЛЫ

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жөндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: “Отан!” - деп сыбырлаған
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бөрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
1966 ж.

* * * * * * * *
Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Мен іздеп жүрген жер-көкте,
Арманым менің, ақылым менің.
Елім - уілдеп жатқан жөргекте –
Сәбиім менің, батырым менің.
Өмірдің қосын доғарып,
Бітсе екен сенің туында демім.
Жүз рет өшіп, жоғалып,
Қайыра тағы оңалып,
Табылған елім!
Бауырмал елім!

* * * * * * * * * * *

ТУҒАН ЖЕР ТУДЫРҒАН ОЙ

Болмады қайта тағы кішірмеске,
Болмады ойға өткенді түсірмеске.
Анамның аймалаған ілебіндей,
Ескегің ежелгіні түсірді еске.
 
Өскен жер әлі ойымда, ұмытпадым,
Ежелден аңсаушы едім, жуықтадым.   
Егерде жырламасам, риза емес
Кешегі бірге өскен шыбык, талым.
 
Мені жырла дегендей қара суың,
Мені жырла дегендей қалың нуың.
Мені ойыңнан қалайша шығарасың,
Деп маған айтқан да еді талай ұлың.
 
Өскен жер, өн бойыңа тұрсам қарап,
Өзіме, өлеңіме бітер қанат.
Құшуға сыйдыра алман кұшағыма,
Сондықтан жырым кетсін сені аймалап.
 
Анамның мені өсірген аясындай,
Әкемнің мені сүйген санасындай.
Өскен жер, қамқоршымдай қарайсың сен.
Өзіммен бірге туған жанашырдай.
 
Шаттанам шыбығыңды сүйемін де,
Балқиды ішім емес, сүйегім де.
Есігін дүниенің ашқан едім
Кішкентай өзеніңнің жиегінде.
 
Өзеннің жағасында, тозған тамда,
Туылу қандай қымбат мендей жанға.
Жыртық там жүруіме сүйеу болған
Талпынып, мен өмірге ұмтылғанда.
 
Орап ап мені шоқпыт бөстегіне,
Қуана күн-күн сайын өскеніме.
Мен үшін менің ғазиз ата-анам,
Өмірдің тозақ отын кешпеді ме?
 
Өткізіп талай түнді ғазиз анам,
Ақ сүтін аймалатып берген маған.
Сол тамда түн үйқысын төрт бөлген-ді,
Бесікте даусымды естіп шырылдаған.
 
Әкемді неге ұмытам кетпенімен,
Жалаң аяқ жұмысқа кеткенін мен.
Мен үшін, менің алғы күнім үшін
Өткен-ді талай азап өткелінен.
 
Әйелі: “Маған киім әпермедің! ~
Деп жылап, - маған неге әкелмедің?”
Үрпиіп от басында мен отырсам,
Қиналып күрсінген-ді әкем менің
 
Қайғы мен қапада өсіп, шаттанбай-ақ,
Сазына тұрмысының батқандай-ақ.
Елестейді Қарасаз құм-тасынан
Әкемнің азап жолы жатқандай-ақ.
 
Қарасаз менің алтын бесігімдей,
Бір күндік өмірімнің бесініндей.
Сенен татқан алғашқы бие емшегім
Өмірдің тұңғыш берген несібіндей.
 
Бойына қара судың шығып қалың
Бірге өскен бауырымдай шыбықтарың,

Шиіңді от, шілігіңді қорған етіп,
Асыр сап аралында шыныққамын.
 
Жаныма сусын болып бал бұлағың,
Киіктей орманында қарғыладым.
Жерінде жетімек боп қалғанымда,
Суыңа сырымды айтып зар жыладым.
 
Әне тұр соған куә жар қабағың,
Жағалап сонда жүріп зарлағамын.
Мейірбанды әкемнен мені айырған
Өлім еккен соғысты қарғағамын.
 
Баса алмай өксігімді құспап па едім,
Шыдамай шыбығыңды кыспап па едім.
Сілем қатып бір сәтте жата қалып,
Тасың менен құмынды құшпап па едім.
 
Туған жер, тұлғаң жібіп сонда сенің,
Жұбатып, жұпар кұйып, ескек желің,
Әкемнің сақалындай көк балаусаң
Жасымды сүртпеп пе еді сүйіп менің.
 
Сәбиді жетімекке теңеместен,
Туған жер, асыраған сен емес пе ең?
Қармақ сап, балық аулап, бақ-бақ теріп,
Өспеп пе ем жоқшылықты елеместен.
 
Туған жер, тұлғаң сенің шықпас естен,
Болсам да ойы сараң, үміті өшкен.
Сүйемін, шын сүйемін өлкеңді мен,
Себебі: балапанмын сенен өскен.
 
Анамның маңдайындай аспаныңа,
Қарасам, азық алам жас жаныма.
Сенделіп сендегі өткен күндерімді,
Теңеймін өмірімнің асқарына.

Жағасында жайқалып жасыл құрақ,
Көз жасындай төсінде көкшіл бұлақ,
Өмірден көп өкініш көрген жапдай
Өксігін тоқтата алмай жатыр жылап.
 
Әне сонау алыста, қиыр шетте,
Жасыл орман жабырқап жатыр текке.
Немене, неге қаулап өсе алмай тұр?
Шырпысын өрт шалған ба ертеректе?
 
Жатыр мүлгіп кең далаң мұң басқандай,
Жапырағы дірілдеп ымдасқандай.
Баяу соққан толассыз ескек желмен  
Сары селеуің сыбырлап сырласқандай
 
Басқаның бай өлкесін, ауданын да,
Алмаймын сенің кедей аумағыңа.
Дамылдап бұлттар жатыр бура жалды,
Көз салсам өркеш-өркеш тауларыңа.
 
Жалғыз түп таудағы өскен балашығың,
Аяулы-ау айналайын қарашығым.
Төгілген төмен қарай бүрі ғана
Өмірдің ұтқаңдай-ақ бар асылын.
 
Аңсатқан талай жанды, таңырқатқан,
Көз салшы Шалкөдеге көлбеп жатқан.
Арқада аңыз болғап Бурабайды
Ұтпай ма мына біздің Есекартқан?
 
Көз жетпес көк тіреген шыңырау құз,
Жалтырап жазы-кысы жамылған мұз.
Әлпі мен Елбұрыстан кем түепейтін
Міне тұр Хан тәңірі мен Тәншәніңіз.
 
Жақып тартпас жан қалай өз еліне?
Өз елін сақтамай ма өзегіне?
Жылғасып Текес пенен Байынқолдың
Теректің теңгермес ем өзеніне.
 
Жабырқап, жалтармас ем жастығыма,
Еріксіз еңкеймес ем бастығына.
Бермес ем Бердібектің “Бұлағын” мен
Тайырдың тәкәппәрлі “Тасқынына!”
 
Япырмау, не айттым мен, кімді естідім?
Бишара-ау, неге қозды күндестігің?
Сезгенше Тайыр ағаң ендігі жыл,
Сыртынан таласа бер, білмес бүгін!
(Бұл шумақ үстінен сызылған - Сарашы).
 
Отырмын ортасында өз елімнің,
Ішімнен сөзін жұптап олеңімнің.
Сұрауға судың сырын ебін таппай,
Шетінде қарап тұрмын өзеніңнің.
 
Өзенім сүйсіндірді, таңырқатты,
Наз, еркелі сұлудай сылаң кақты.
Жағада күбірлеген мені байқап,
Сылқылдап, келекелеп күліп жатты.
 
Толқынды толқын қуып бұлаңдады,
Адастым тәтті ойымнан, су алдады.
“Қарғам-ау, нені күтіп отырсың?” - деп,
Еңкейді анам менің су алғалы...
 
Туған жер, шаттығың мен күйігіңе
Ортақпын. Жырым айғақ сүюіме.
Аралыңда адасқан аққуыңды
Тапсырсаңшы ертерек үйіріне!
 
Жабырқатпай, жасытпай жігерімді,
Егерде қабыл алсаң тілегімді,
Шынымен керек десең, берер едім
Данкоша жұлып алып жүрегімді.
1950 ж.

* * * * * * * * * * *

ШИБҰТТА

Асыр сап қойыныңда өспесем де,
Шаттанып шалғыныңды кешпесем де.
Көркіңді сенің сұлу жыр етпекпін,
Төселтіп тіл түйінін шешпесем де.
 
Келгелі жылдан асты осы жерге,
(Жат елде күнелткелі мен шерменде).
Дос тұтып сыр ашамын, мұң шағамын,
Осынау көлбеп жатқан кербез белге.
 
Кеудең-кең, жотаң-алып, тасың-найза,
Аспанда төбең тиген алтын айға.
Тулатып толқындарын тасқа соғып,
Тасқындайд ерке өзенің терең сайда.
 
Домалап тастан аққан әлсіз бұлақ,
Сылдырап ағып жатыр ол да құлап
Өзеннің ерке үнімен тербеледі,
Жағада жапырак пен көкше құрақ.
 
Көкте күн он бойына нұр себелеп,
Гүлдепіп, бүршік жарған тал мен терек.
Самалмен салқын соққан қарағайлар
Толықсыйд жамылып ап жасыл желек.
 
Қырқада құлпырғанда қызғалдағың,
Қия алмай мен де күндеп қызғанамын
Қыйқулап жыл кұстарың әндеткенде,
Шабыт туып жүректе, қызған жаным.
 
Балауса балдырғаның гүл атқанда,
 Шаңқ етіп тау қыраны тіл қатқанда.
 Мен де сол таң нұрынан нәр алғамын,
Ұйқыдан таң шолпаны оятқанда.
 
Шыңың мен, Шибұт, сенің аскарыңа,
Шыңыраудан көз салам тастарыңа.
Мүмкін, сен ақылымның арқауы боп,
Өмірімнің жазыларсың дастанына..

* * * * * * *

↑жоғарыға

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен