Рейтинг@Mail.ru

Мұқағали Мақатаев

Табиғат

Гүлдер семіп барады.     «Және қайтып барасындар, тырналар...».     Апай, Күз, Тырналар.     Таудағы көктем.     Жалғыз терек.     Сап-сары жапрақтар.    Самал есті.     Күзгі кеште.     Ақ гүл.     Тауда.     Түнгі табиғат.     Түнгі жолда.     Ай.     Бұлт.     Шыбық.     Қысқы боран.     Жабыр тау.     Қыстың күні.     Көктем.    Рахмет, Дала!     Біздің көктем.    Таң алдыңда.    Күзгі таң.    Күзгі жолда.   

 

ГҮЛДЕР СЕМІП БАРАДЫ

Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып,  
Бал араға бар нәрін беріп болып,  
Күннен күнге дерт женген нәрестедей  
Гүл сарғайып барады семіп, солып. 
 
Көрік кеткен лала гүл, раушаннан, 
Жапырағын, сабағын қырау шалған. 
Сумандаған ұрыдай суық жел тұр, 
Жабырқаған гүлдерге лаң салған.
 
Ажарымен қоштасып, алаңымен, 
Гүлдер семіп барады сабағымен.
Түгі кетіп, жарғаққа айналған ба 
Көздің жауын алатын дала — кілем?
 
Күнде көрсең тұратын күнде өртеніп, 
Гүлдер сөніп барады,
Гүлдер сөніп.
Гүлдер семген,
Сарғайған дала мұнда,
Гүлсіз көркі шамалы қаланыңда! 
Сабағынан үзілген гүл раушан  
Жазды әкетіп барады жанарында.

* * * * * * * * * *
АПАЙ, КҮЗ, ТЫРНАЛАР

Соноу,
соноу кездерде суға барған,  
Шөрегейлер ұшатын жылғалардан.  
Мұнлы күздің әуенін еститінбіз  
Жылы жақка аттанған тырналардан.
 
Қарайтынбыз қанатты керуенге,
Қарасуда жүргенде серуендеп.
...Мұғалима назары қара жолда,
Алыс кеткен жолаушы көрінер деп.
 
Жалғыз өзі бір түспей жар басынан,  
Көз ұшында көз алмай арбашыдан,  
Айналайын, күтер де тұрар еді  
Бейтаныс жан өткенше дәл қасынан.
 
Уақытын құры-босқа шығындайтын,  
Бейтаныс жан ететін, бұрылмайтын.
Бір бозторғай көдеден көтеріліп,
Көз алдында апайдың шырылдайтын.
 
Шырылы да торғайдын тынар еді,  
Жар басында жалғыз жан тұрар еді.  
Керуеннен қап койған жалғыз тырна:
-     Ораламыз, шыдай түс, шыда! – деді

* * * * * * * * * *
 
Және қайтып барасындар, тырналар, 
Ұзатып сап, уайымдап қыр қалар. 
Құрык мойын, ұзын сирақ мырзалар  
Арттарында жылап жатыр жылғалар.
 
Тізбектеліп барасындар кай жаққа,  
Сенсіз сән жоқ, мынау өлке, аймақта.  
Жылап келіп жыл құстары табысып, 
Мауықтары басылғасын таймақ па?
 
Нөсерлетіп кеше сендер келгенде  
Мынау өлке той жасаған сендерге.
Міне, бүгін қарсақ жортып барады  
Сендер жүрген дөндер менен белдерде.
 
Қайда кетіп барасындар, қай манға,  
Солдаттардай сап түзеген майданға?  
Еркін кұстар жаратылған сайранға,  
Еріктісін, сайрандар, сайранда!
 
Жолын болсын, жолың болсын, керуен,  
Еркін көшкен жерімен де көгімен!
Тек біздерде қанат жоқ кой, жоқ қанат,  
Бірге көшіп кетер едік сенімен.
 
* * * * * * * * * *
 
ТАУДАҒЫ КӨКТЕМ

Сай-саланы
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай
Көп баладай
Күбір-күбір кеңесті.
Қаска бұлақ Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап. Шыңылдаған,
Сыбырлаған
Айқай тастар - саққұлақ.
Бір жүрекпен  
Дір-дір еткен
Жасыл талдар, жас талдар.
Еміренген,
Тебіренген
Ақбас Ата — асқарлар.  
Күннен — бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау тамаша, тау алып.
Қатпар басын,
Шатқал, тасын
Көрген сайын жаңалык.
Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға кара ақ мандай.
Бала шағың,
Болашағың
Көктеп келе жатқандай.

* * * * * * * * * *
ЖАЛҒЫЗ ТЕРЕК

Жас терексің жапырақ жая алмаған,  
Біз — жолаушы саяңда аялдаған.
Біз кетеміз, қаласың, тұлдыр терек, 
Салқын бола алмады саяң жаман.
 
Сая бола алмайсын мына бізге,
Неге ғана біткенсің кұла дүзге?!
Тірі болсақ, соғармыз өскеніңде,  
Біздің жақтан, әйтеуір, құлақ үзбе.
 
Біз кетеміз, бұл жерде сен каласың,  
Иемденіп қазақтың иен даласын.  
Киелі ағаш, мүмкін, сен атанарсың,  
Саялатып үш жүздің бел баласын.
 
...Жас терек,
Жалғыз терек жапандағы,
Жайқал, өс, киелі ағаш атан-дағы.  
Ақтык байлар адамның есіне сал,  
Жауынгерлер болған деп қатардағы.

* * * * * * * * * *
САП-САРЫ ЖАПЬІРАҚТАР

Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.  
Каусаған қаңқасы тұр ағаштардын,  
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
 
Естілмей құстың әні,
Естілмей кұстың үні,
Жалғанның кетті сәні, ұшты гүлі.  
Сырғасынан айырылған ақ қайыңның  
Басына бар ғаламның түсті мұны.
 
Сап-сары жапырақтар,
Сап-сары жапырақтар,
Саудырап құлап жатыр атырапқа.

* * * * * * * * * *
САМАЛ ЕСТІ               

Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
 
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.
 
...Кай тұста еді, құдай-ау, қай манда еді?!  
Маған құшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,  
Қай манда еді, жастықтың сайран-белі?!
 
Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей-ақ қөяйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар...

* * * * * * * * * *
КҮЗГІ КЕШТЕ

Төңірекке тұрмын қарап,
Дымқыл сызды күзгі кеште.
Күн батарда қызыл жолақ  
Әр нәрсе әкеп түсірді еске.
 
Күздің салқын күні батты,
Күрең тартты жер беті,
Тауларда өркеш бұлттар жатты,  
Құдды қыстың келбеті.
 
Сол бұлттардың ызғарынан,
Түсіпті тауға жүқа қар.
Таудың шыңырау құздарынан,
Соққандай боп тұр зәрлі ызғар.
 
Күзгі кеште біраз тұрып,
Еске алдым сүйген жарымды.
Суреті келіп, сүйкімді қылық  
Тербеді ұзақ жанымды.

* * * * * * * * * *
АҚ ГҮЛ

Жаз болды. Көріктенді құлпырып жер,
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.
Төсінде жер ананың толықсиды,
Сапсыз көп, сары, жасыл өсімдіктер.
 
Атқанда таң бозарып алтын арай,  
Аралап өсімдікті жүрдім талай.  
Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,  
Алдымнан болды пайда әлдеқалай.
 
Ақ гүлді қызықтым да алдым жұлып,
Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып.
Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді,
Тұрғандай жүрегімнің сырын ұғып.
 
Қараймын ақ гүліме күнде-күнде,  
Көркінен айырылып кетті мүлде.
Ақ гүлім сарғыш тартып сала берді,
Мұңайып, назаланад әлдекімге.

* * * * * * * * * *

ТҮНГІ ТАБИҒАТ

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйқтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап етіп жатты бетті шалып.
 
Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,  
Тау қалғып сақтағандай құпия сыр.  
Шибұттың өзенімен үнін қосып,
Келеді жүрегіме бір тәтті жыр.  
 
Тып-тыныш бар табиғат демін алып,
Тәтті бір ұйқыға енді төсек салып.
Өзені қос Шибұттың баяу ғана,
Жалығып үн шығарад талып-талып.
 
Толассыз соққан самал салқын леппен,  
Өзеурей өліп-өшіп сүйді беттен.
Тамаша түннің тыныш табиғаты,
Еріксіз жүруіңе әуес еткен.
 
Әлдилеп түн бесігі тербетілген,
Ұйқының нұры ағып келбетінен.
Қалғытып адам мен аң, тау мен тасты,
Құпия сыр аштырмай жер бетінен.
 
Балбұл жанып сан жұлдыз, жымың қағып,  
Түн көрпесін қуаттап тұрды бағып.  
Жалықты ма, кім білсін, кейбір жұлдыз,  
Бес минуттық із тастап кетті ағып.
 
Ай да батты, ақырғы иек қақты,
Рас түн қараңғылық енді жапты.
Қос Шибұттың не болды өзеніне?
Дамылсыз зар еңіреп жылап жатты.
 
Таң атуға таянып түрілді түн,
Естіледі ұйқыдан оянған үн.
Құлан иек таң атып алтын арай,
Шыға келді жарқ етіп, шашырап күн.

* * * * * * * * * *
КӨҢІЛСІЗ КҮН
 
Күздің күні. Сұп-сұр бұлт,
Шытынып аспан тұнжырап.
Зәрлі боран тұрса ұлып,
Бар табиғат қыпжылад.
 
Боранмен бірге терезе
Үн шығарад сықырлап.
Қыс келді ме, немене,
Есік қағып: “Тұр-тұрлап!”  
 
Жатып алды көсіліп,
Күннің көзін бұлт басып.
Суық боран есіріп,
Үрді де тұрды зәр шашып.
 
Қыс келді ме, япырмау!  
Қарашы қардың ұшқынын!
Не ойлап тұрсың, батыр-ау,  
Неге қашты ұсқының?
 
Терезеден қарайсың,
Қабағыңды түйініп.
Көзіңді неге қадайсың  
Әлденеге күйініп?
 
Мұңаясың қарап тек,  
Мұңайтқан сені немене?  
Тоңдың ба әлде, інішек,
Суық тиіп денеңе?
 
Әлде, інішек, зарықтың ба?
Жағуға отын таба алмай.
Болмаса әбден жалықтың ба,
Су отынды жаға алмай?
Ешнәрсе жоқ тарынатын,  
Қой, інішек, қапаланба!
Пеш жаныпа табынатын,  
Аязды күп әлі алда.

* * * * * * * * * *
ТҮНГІ ЖОЛДА

-    Сәтті болсын сапарың,
Тез орал кайта, сарғайтпа! –
Деп айтып менің жан жарым,
Жабырқап қарап тұрды артта.
 
Жол қатқыл, күздің түні еді,  
Арба да даяр, жегілді.  
Жалыққан күннің бірі еді,  
Уайым басқан көңілді.
 
Ауыр арба, арық ат,
Шықыр-шықыр етеді.
Қиялдың құсы жалығад,
Көзім де қалғып кетеді.
 
Мазақтап, әлек қылғандай,  
Аспанның әне жұлдызы.  
Қиялы қарап тұрғандай,
 Секілді жарым қырмызы.  
 
Көңілсіз, үнсіз келемін,
Қалғып, кейде жығылып.
Жасқанған айды көремін,
Бұлтқа тұрған тығылып.
 
Үйқыға кеткен кең дала
Шығарып самал тынысын.  
Келемін жортып мен ғана,  
Кетіріп түннің тынышын.  
 
Түн самалы азынап,
Сергітіп мені оятар.
Шыда, шыда азырақ!
Жарқ етіп қазір таң атар!

* * * * * * * * * *

ТАУДА                    

Шоғыр тас, құлама қүз төніп тұрған,
Қарағай басып иіп тағзым қылған.
Бар тіршілік қойнына паналаған,
Алып дене құралған ұзақ жылдан.
 
Мүлгіген ну орманы сыңсып жатты,  
Долы өзені долдана жылап ақты.
Суық соққан самалға шың жартастар,  
Кере төсеп кеудесін аймалатты.  
 
Жотада арқар жортқан, елік ойнап,
Қара тас бітпегендей мәңгі ойлап.
Қанатын кесе сілтеп құстар да жүр,
Тамаша табиғаттың тойын тойлап.
 
Алып жота, асқар шың, ұлы кеуде,  
Көз жібердім көлбеген кербез белге,  
Тауда тұрып тамаша сырын ұғып,
Бет сүйгіздім азырақ самал желге.

* * * * * * * * * *

АЙ

Тұнық көктің төсінде,
Қалықтап қайда барасың?
Күндердің бір-ақ кешінде,
Талай сыр түйіп аласың.
 
Сүйеді сені жас жаным,  
Жаңадан толып туған ай!  
Сүйіскен ұрлап жастардың  
Суреті сенде тұрғандай.
 
Кейде тұнық, мөлдір көктен
Сыршыл сәулең сырғанап.
Қыз-жігітке бірге кеткен,
Жымың егіп бір қарап.
 
Біраз минут бұлтқа бұғып,
Сәл ғайып боп кетесің.
Сол жастардың сырын ұғып,  
Сәулеңмен сипап өтесің.
 
Сүйеді сені жас жаным  
Жаңадан толып туған ай.
Сәулеңде сүйген калқамның  
Суреті сенде тұрғандай.

* * * * * * * * * *

БҰЛТ

Көнбеске көнген көк аспан,  
Меңіреу, тілсіз жатты сұлқ.    
Керуендей адасқан,
Келеді жылжып бір топ бұлт.

Дауылдың құлы-қошқыл бұлт,      
Көмескі торға байланып.  
Бойында күші... етпей былқ,  
Барады алыс айдалып.

Бұлтты кенет буды ашу,  
Бірақ дауыл сапырды.
Көк бетін кернеп у мен шу,  
Найзағай оғы атылды.
 
Өксіді бұлт еңіреп,
Бұлтты айдаушы тынды жел.  
Қайғылы жасын төгіп ед,  
Қарық болды қара жер.
 
Кенет дауыл сап етті,  
Қайта түсіп қалпына.  
Бұлтты алыс әкетті,  
Қаратпай қайта артына.

* * * * * * * * * *
ШЫБЫҚ

Қорғапсыз, жалғыз жас шыбық,
Желменен баяу иіліп.
Аязға қыста тұншығып,
Ыстыққа жазда күйініп.
 
Рахымсыз, тілсіз табиғат, 
Семдірмек болад шыбықты. 
Бақытсыз, жүдеу нәзік зат,
Қауіпті жерғе шығыпты.
 
Тамыры тасқа таңылып,
Нәрсіз, сусыз шөлдеген.
Әлсіз бүрін жамылып,
Солқылдайд соққан желменен.
 

Аллаң берген денеңде,
Аяулы жалғыз аманат.
Тамырың мықты тереңде,   
Тапжылтпас сені ешбір зат.

Аязды, ыссы сағымның,
Бойыңа уы жұға алмас.
Такаппар, долы дауылдың,
Екпіні сені жыға алмас.
 
Қорғансыз, жалғыз жас шыбық,  
Өсерсің келіп қалпыңа!
Беймаза күннен тыншығып, 
Шашарсың бүршік артыңа!  
 
Жападан жалғыз жас шыбық,
Басына дауыл төкті зәр.
Бойынан тұнық жас шығып,
Тамырына алды нәр!

* * * * * * * * * *
ҚЫСҚЫ БОРАН
 
Соқты боран, ұшты қар,
Тікендейін үскірік.
Шыңылдаған зәрлі ызғар,
Күшінде тұр түшкіріп.

Лезде суып аяқ, қол,
Қырау тұрды кірпікке.  
Тақтақ жатқан жайлы жол  
Айналды қасат, күртікке.  
 
Желпініп көкте бұлт тағы,
Жүйткіді дауыл қуалап.
Бұралқы иттей жұрттағы,
Ұлиды боран тұра қап.

* * * * * * * * * *
ЖАБЫР ТАУ

Ұйқыда жатыр Жабыр тау,
Ақ көрпеге оранып.
Көде мен жусан жабырқау,
Қиыршық шыққа оралып.
 
Ақ көрпе әлі жыртылып,  
Жабыр тау сергіп оянар.  
Көде мен жусан құлпырып,
Алқызыл гүлге боянар...

* * * * * * * * * *
ҚЫСТЫҢ КҮНІ

Күн күлмейді еркінше нұрын шашып,
Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып.
Отыр міне қарт анам ойға шомып,
Таянып ұршығына, құты қашып.
 
Күн шығып, көп кідірмей қайта батқан,
Түншығып бұлт астында таулар жатқан.  
Қар жамылған кең дала, асау өзен  
Үстінде көкшіл меруерт мұзы қатқан.  
 
Тәкәппәр қыс лебі неткен күшті,
Ақ қырау алыстағы орман үсті.
Иілтіп әлсіз дене жас шыбықты,
Ұлыған долы борап соға түсті.
 
Ұлпа қар кеше ғана жауып өтті, 
Кіршіксіз аққа орап төңіректі.
Жүзінді бейне сұлу нұрға бөлеп,  
Жабысад шытқыл аяз қарып бетті.
Ақша қар көз ұялтып, шағылысып,  
Алтыпның ұнтағындай жылт-жылт етті.

Ысқырып, аяз зулап кең далада,  
Керкіне көз ілеспей қаққан сылаң.
Лебімен уын шашқан айналаға,  
Тәрізді ысқырығы зәрлі жылан.

* * * * * * * * * *
КӨКТЕМ

Ыстық нұрын төкті күн,
Жадырады қыр мен бел.
Сағынғандай аймалап,
Бет желпиді ескек жел.
 
Сабыр болып қар еріп,
Ақты өзенді қуалап.
Доп ойнап, көңіл көтеріп,
Балалар да қуанад.
 
Өскен жерге жыл құсы,
Сағына қайта оралды.
Жібіді жердің қыртысы,
Мейірімсіз тоңы жоғалды.

 
Жаршы боп бақыт таңына,
Жарқ етіп ертең жаз келед.
Нәр алып сәби жанына,
Гүл жарады жас терек.

* * * * * * * * * *
РАҚМЕТ, ДАЛА!

Дала, рақмет саған,
Асырдың-ау даңқымды,
Қуанттың-ау халқымды,
Алып төсіңе алып қазан орнатып,  
Сапырдың-ау алтынды.
Пай-пай, неткен маңғаз едің  
Білмейтұғын шалқуды.
 
Тұрсаңшы,
Билесеңші бізбенен.
О, менің Жерұйығым.
Асан атам іздеген!
Қатығез кездерінде
Қасиетті халқым сенен күдер үзбеген,
Сенен бақыт іздеген,
Тұрсаңшы,
Тойласаңшы бізбенен.
 
Тұрсаңшы,
Көрсеңші кеудеңдегі кереметті.
(Нелер келіп, басыңнан нелер өтті...)
Самалдап, бір жамбастап жатарсың тек,  
Ырысқа орап қойып төңіректі.
 
Білесің бе, Дала?
Біз сені
Жүрегімізбен жылыттық,
Ашшы терімізбен суардық.
Сенің үшін бәрін де ұмыттық,
Ұмыта жүріп қуандық.
 
Дала, рақмет саған!
Білемін ғой, сүймейсің босқа шуды.
(Есімде, даурықпадан жалыққаның)
Қан токпей-ақ тер төгіп достасуды,
Ұлы Далам, тағы да анықтадың.
 
Ұлы Далам, не деген керім едің,  
Жаратқан ғой бағыма сені менің,   
Дұбірлетіп, әнеки, бара жатыр  
Алтын артқан шаңқан боз керуенін.  
 
Дала, рақмет саған!
Ырыс қосып жатырсың ырысыма,
Ағыл-тегіл жүректен нұр ұшыра,
Алтыныңды толтырып уысыма,
Дала, рақмет саған!

* * * * * * * * * *
 
БІЗДІҢ КӨКТЕМ

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,  
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
 
Көктем келді. Өмірдің келешегі,
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,  
Асыр сап тентек жігіт-жел еседі.
 
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардап асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
 
Көктем, көктем! Қыз-көктем ауылдағы!
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.  
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гулге қонды дағы дамылдады...

* * * * * * * * * *
 
ТАҢ АЛДЫҢДА

Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен,
Табандап жатып апты етпетінен.
Күп түнге таңнан хабар айтып еді,
Жұлдыздар үркіп кетті бет-бетімен.
 
Асылып ақ Шолпанға түп кұшағы,  
Қалуға таңмен бірге тырмысады.
Жердегі емес, көктегі ғұмырлар да  
Қалайды-ау, сірә, бәрі Күнге ұксауды...

* * * * * * * * * *
КҮЗГІ ТАҢ

Сары түн, айлы аспан, суық ызғар,
Шық тұрған жер бетінде дымқыл сыз бар.
Суық соққан самалдан сәл сескеніп,
Тоңазып, тітіркеніп денең мұздар.
 
Түріліп түн көрпесі қойнын ашқан, 
Әлемді маужыратып ұйқы басқан. 
Күздің сары түнінің суығы өтіп,
Мыңқ етпей маңтөбеттер құты қашқан.  
 
Тым-тырыс. Жұлдыз бенен тек көкте ай,
Олар да телміруден жалыққандай.
Тұрсаң егер күзетте міндетті боп,
Дер едің: “Мына түннің ұзағын-ай!”

Кезім ед Нарынқолға баратұғын,
Тәтті ұйқыдан амалсыз жаңа тұрдым.   
Сескеніп күзгі түннің суығынан,  
Телміре күтіп тұр ем таң атуын.

 
Шығыс жақтан бозалаң беріп ірең,
Баяу ғана түріліп қара кілем.
Сімірлеп, бірте-бірте көтеріліп,
Айнала боп барады ала күрең.
 
Ақ басты кәрия таужатты сұлап,
Ақ басып таң лебі өтті сылап.
Аймалап ала күрең болмап еді, 
Күңірене бастады ұйқысырап.
 
Оянды ұйқысынан құмарлана,
Шырылдап емшек іздеп сәби бала.
Емізіп нәрестесін төсіне ала,
Оянды ұйқысынан мейірімді ана.
 
Күн күлді, ай ұялып бетін басты, 
Жымыңдасып жұлдыздар тұра қашты. 
“Шашуым, міне, менің бүгінге!” - деп,  
Күн сұлу жарқ еткізіп нұрын шашты.

* * * * * * * * * *
КҮЗГІ ЖОЛДА
 
“Көндім” - деп жатқан қара жол,
Көтеріп бозғыл шаңдарды.
Ғасырлар бойы жатқан ол  
Ұзатып талай жандарды.
 
Айналама қарадым:  
Құйынмен ұшқан топырақ,  
Құр сымпитып сабағын  
Қурап біткен жапырақ.
 
Құпа дүз ауыр мұң баскан,
Қызғалдақ басы мұңайып.
Сылдырлап шилер сырласқан,
Дегендей бірге жылайык.
 
Тұнжырап тұйық айнала,
Тау да тұр әне үһілеп.  
Келемін жортып мен ғана,   
Тебініп атты шу-шулеп.

* * * * * * * * * *

↑жоғарыға

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен
Қазақ  тілінде кітаптар