Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                      на русском

Жазира......Жібек

ЖАЗИРА - араб тілінен  - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
 
ЖАМАЛ - араб тілінен  — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.
 
ЖАМАЛИ - араб тілінен  — сұлу, көркем, сүйікті.
 
ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.
 
ЖАНАН - тәжік тілінен алынған  джонон — жан аямасдос, жан жолдас.
 
ЖАНАР —  көздің жанары, сәулесі;  күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
 
ЖАНАРГҮЛ – қазақ және  иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
 
ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.
 
ЖАНИПА -  иран және тәжік тілдерінен алынған  жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.
 
ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жаным, жан сәулем.
 
ЖАННА - көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.
 
ЖАННАТ - араб тілінен  — бақ, жұмақ бағы.
 
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
 
ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.
 
ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил —  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.
 
ЖЕҢІСГҮЛ  - (қараңыз: Гүлжеңіс).
 
ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖҰМАБИКЕ  - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.
 
ЖҮПАР - хош иіс.
 
ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен