Рейтинг@Mail.ru

 Қазақ ерлер есімдері                                                             на русском

Жабағы......Жігер

ЖАБАҒЫ - бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: —  бір жасар құлын;  түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.
 
ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.
 
ЖАБАЙХАН - көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.
 
ЖАБАЛ - араб тілінен алынған — тау.
 
ЖАБЫРБАЙ - көне түрік тіліндегі жабыр — жазық, кең жер + қазақтың сөзі - бай.
 
ЖАҒЫПАР - араб тілінен  — бұлақ, жылға.
 
ЖАДАЙ - араб тілінен алынған жадид — жаңа, жаңарақ.
 
ЖАДЫРА - жайнау, жарқын жүзді болып гүлдену, көңіл-күйі көтеріліп, көңілдену.  
 
ЖАЗЫЛБЕК - араб тілінен алынған жазия — жазал мол, үлкен, зор + қазақтың сөзі  бек.
 
ЖАЙДАР - қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.  
 
ЖАЙЛАУ - қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.  
 
ЖАЯЛАУБАЙ - жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.  
 
ЖАЙНАҚ - ашық-жарқын, жайдары.
 
ЖАЙСАҢБЕК –  моңғол , қалмық тілдерінен алынған зайсаң — ұлық, бек.
 
ЖАЙЫҚ - Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.
 
ЖАҚАН - иран тілінен алынған джәһан — дүние, әлем, шартарап.
 
ЖАҚИЯ - араб тілінен алынған яхья — ғұмырлы, өмірлі.
 
ЖАҚСЫБАЙ - көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.
 
ЖАҚСЫЛЫҚ - адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.
 
ЖАҚСЫМҰРАТ - қазақ тілінен алынған жақсы - игі мақсат - араб тілінен алынған морад — ізгі тілек.
 
ЖАҚЫП - араб тілінен алынған яғкуб, —  табанды, қарсылық білдіретін, үндемейтін;  айлакер, қу;   егіздің сыңары. Біріккен тұлғалы есімдер — Жақыпбай, Жақыпбек, Жақыпжан, Жақыпқан. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Жақай.
 
ЖАЛҒАС - тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.
 
ЖАЛЕЛ - араб тілінен алынған жалия - ұлы, даңқты, атақты.
 
ЖАЛИД - араб тілінен  - табанды, тұрақты.
 
ЖАЛТЫР - ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.
 
ЖАЛЫН - кұш-жігер, қайрат, қуат.
 
ЖАМБЫЛ -  моңғол  тілінен келген - қорған.  
 
ЖАМИЛ - араб тілінен  -  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.
 
ЖАМЫҚАН - араб тілінен алынған джамег —  қоғам, жамағат, көпшілік + қан (хан). Көптің, жамағаттың ханы деген мағынаны білдіреді.
 
ЖАНАЙ - иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі  ай. Жаным, айым.
 
ЖАНАЙДАР - иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған хайдар — арыстан. Бала арыстандай айбатты, мықты болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАНАҚ - иранның және қазақтың сөзі — оның жаны таза, ниеті ақ деген мағынада қойылған.
 
ЖАНАР  —  көздін жанары;  күннің шапағы;  ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.
 
ЖАНАРЫСТАН - иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі  арыстан.
 
ЖАНАС - иран және қазақ тілдерінен  -  бұл есім жаннан асқан, жан біткеннен артық деген мағынаны білдіреді.
 
ЖАНАТ - ең көркем, керемет. Біріккен тұлғалы есімдер — Жанатбай, Жанатбек, Жанатқан.
 
ЖАНАХМЕТ - иран және араб тілдерінен  — мақтауға тұратын кісі.
 
ЖАНӘБІЛ - иран тілінен алынған — әкенің жаны, жақсы көретін ұлы.
 
ЖАНБАЙ, иран мен қазақ тілдерінен — жаны бай, жомарт болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖАНБЕК,  ЖӘНІБЕК – иран сөзі жан + қазақ сөзі бек. Бала жаны мықты, берік, өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖАНБОЛАТ  - (қараңыз: Болатжан).
 
ЖАНБОСЫН - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі босын ,болсын - өмірі берік болсын, тірі болғай.
 
ЖАНГЕЛДІ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі келді - өмірге, дүниеге жаңа адам келді деген мағына береді.
 
ЖАНҒАБЫЛ - иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған қабыл, жан біткеннің қабілеттісі. Қабылетті адам.
 
ЖАНҒАЛИ – иран және араб тілдерінен алынған Ғали сияқты батыл, өжет адам.
 
ЖАНҒОЗЫ - қозы сияқты сүйкімді бала.
 
ЖАНДАЙ - аса қымбат, қадірлі.
 
ЖАНДАР - жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.
 
ЖАНДОС – иран тілінен алынған джон + дос, жан біткеннің досы.
 
ЖАНҚУАТ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  қуат жанға қуат, медет болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАНМҰРАТ - иран тілінен алынған - жанымнын мұраты - арман тілегі деген мағынада қойылған. Баласы болмай жүрген адамдар тарапынан қойылатын, сирек кездесетін есім.  
 
ЖАНМЫРЗА - жаны мырза болсын деген тілекпен қойылады.
 
ЖАННАЗАР - иран және араб тілдерінен алынған — жан біткеннің ықыласы түсетін жақсы адам болсын деген мағыналы есім.
 
ЖАННҰР - иран тілінен алынған джон + нұр, жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі болсын деген мағыналы есім.
 
ЖАНОРАЗ - иран тілінен алынған джон + көне қазақ тілінен келген ораз — бақыт. Жан біткеннің бақыттысы деген мағынаны береді.
 
ЖАНПЕИІС - иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған фэйзь —  молшылық, жомарттық;   мейірім, рақым.
 
ЖАНСАЛ - жан біткеннін серісі, еркесі.
 
ЖАНСҰЛТАН - иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған - жан біткеннің сұлтаны.  
 
ЖАНТАЙ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  тай  - жаным, өмірім деген мағынада қойылған.
 
ЖАНТАС - иран және қазақ тілдерінен — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАНТЕМІР  - иран және қазақ тілідернен  - жаны темірдей мықты, берік. Баланың өмір-жасы ұзақ болсын, темірдей мәңгі жасасын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАНТУАР  - иран және қазақ тілдерінен  — дүниеге жақсы адам келді деген үмітпен қойылған есім.
 
ЖАНТУҒАН  - иран және қазақ тілдерінен  - дүниеге ер бала келді.
 
ЖАНТІЛЕУ  - иран және қазақ тілдерінен  — жаны аман қалсын, аман-есен жарық дүниеге келсін деп тілеумен байланысты қойылған есім.
 
ЖАНША - иран тілінен алынған джон + ша , шах сөзінің қысқарған түрі, жан біткеннін патшасы, шах.  
 
ЖАНҰЗАҚ  - иран және қазақ тілінен алынған — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖАҢАБАЙ - дүниеге, өмірге жаңа келген бала.
 
ЖАПАН - кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖАПАР - араб тілінен алынған —  алып, ер, батыр;  қатал билеуші, әмірші,
 
ЖАНСАЛ - иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  сал.
 
ЖАРҚЫН – қазақ есімі — ашық, айқын, жарық, нұрлы, жайнаған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жарқынбай, Жарқынбек. Қысқартып еркелету тұлғасы — Жәкіш.
 
ЖАРМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған йар - дос, көмекші — араб тілінен алынған  Мұхамбет, Мохаммед. Мұхамбеттің досы, жәрдемшісі.
 
ЖАРЫҚ - сәуле, нұр.
 
ЖАРЫЛҚАСЫН - құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.
 
ЖАС - уылжыған балғын, сәби.  
 
ЖАСАМЫС - көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.
 
ЖАСҚАЙРАТ - жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.
 
ЖАСТАЛАП - жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.
 
ЖАСҰЗАҚ - баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
 
ЖАСҰЛАН - жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.
 
ЖАСЫБАЙ – қазақ есімі — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖӘДІГЕР - иран тілінен алынған едгор — естелік, ескерткіш.
 
ЖӘМШИТ - иран тілінен алынған джемшид — сәулелі, нұрлы.
 
ЖӘҢГІР - иран тілінен алынған джаһан + ғир — дүниені меңгеруші, әлемге үстемдік етуші.
 
ЖӘРДЕМ - көмек, тірек, сүйеніш.
 
ЖЕКСЕНБАЙ - иран тілінен алынған йек — бір, шамбэ — күн + қазақ сөзі — бай. Бұрын жексенбі күні туған балаға Жексен, Жексенбі, Жексенбай деген есім берген.
 
ЖЕКСЕНБІ  - (қараңыз: Жексенбай).
 
ЖЕМІСБЕК - бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖЕҢІС - жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.
 
ЖЕТЕС - ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.
 
ЖЕТКІНШЕК - жас өспірім, жастар, жас буын.
 
ЖЕТІБАЙ - ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.
 
ЖЕТІГЕН – астрономия терминнен алынғана - спан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.
 
ЖЕТІК - білімді, білгір.
 
ЖЕТІСТІК - қол жеткен табыс, жеңіс.
 
ЖИРЕН -  моңғол  тілінен цэрэн — ұзақ өмір.
 
ЖИРЕНШЕ - халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.
 
ЖИҺАНША - иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап  + иран тілінен алынған ша (шах сөзінің қысқаша айтылу түрі). Әлемнің, дүниенін шахы, шах деген мағынаны білдіреді.
 
ЖОЛАЙ – кырғыз тілінен алынған -  әдет, ғұрып, өмір салты;  Манас жырындағы эпикалық батырдың есімі;  қазақ сөзі жолшыбай, жол-жөнекей.
 
ЖОЛАН - баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.  
 
ЖОЛБАРЫС - жолбарыстай айбатты, жүректі, күшті болсын деп қойылған есім.
 
ЖОЛДАС - сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.
 
ЖОЛДАСБАЙ - жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖОЛДАСБЕК - бектің, бекзаданың жолдасы;  жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.
 
ЖОЛДАСҚАН - жолдас, серік.
 
ЖОЛДЫБАЙ - жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.
 
ЖОЛТАЙ - бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.
 
ЖОМАРТ - иран тілінен алынған джаван — жас, жас жігіт, бозбала + мард — ер, еркек, яғни джавонмард — қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза. Біріккен тұлғалы есімдер  - Жомартбай, Жомартбек.  
 
ЖОМАРТБАЙ  - (қараңыз: Байызбай).
 
ЖОРА - иран тілінен алынған джурә — жолдас, дос. Жолдасбек деген есімнің синонимі. Біріккен тұлғалы есімдер — Жорабай, Жорақан.
 
ЖҰБАН - жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.
 
ЖҰБАНЫШ - қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.
 
ЖҰМА - араб тілінен алынған джумға — жиын, жалпы қауым жиналатын күн. Біріккен тұлғалы есімдер — Жұмабай, Жұмабек, Жұмақан, Жұмәділ, Жұмағұл, Жұмажан, Жұмагелді және т. б. Еркелете айтылатын түрі — Жұмаш.
 
ЖҰМАН - араб тілінен алынған — қымбат бағалы зат, інжу.
 
ЖҰМАНБАЙ - қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖҰМАНИЯЗ - араб тілінен алынған джумга - жиын, қауым жиналатын күн, жұмадан жұмаға дейінгі бір жеті  + араб тілінен алынған нияз — өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Жұма күні туған сыйлы, үміт артар бала.
 
ЖҰМАТ – араб тілінен алынған, санауындағы 5-ші ай аты.
 
ЖҰЗБАЙ - бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖҮНІС, ЖҮНҮС - көне еврей тілінен алынған иона - көгершін. Біріккен тұлғалы есімдер — Жүнісбай, Жүнісбек, Жұнісжан, Жүнісәлі.
 
ЖҮРСІН - аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.
 
ЖҮСІП  - көне еврей тілінен алынған Иосиф -  көбейсін, көп болсын;   әдемі, жақсы. Біріккен тұлғалы есімдер - Жүсіпбай, Жүсіпбек, Жүсіпжан, Жүсіпқан, Жүсіпқали, Жүсіпқожа, Жүсіпақын. Фонетикалык түрлері — Түсіп, Нүсіп, Нұсұп.
 
ЖІГЕР -  қажыр, кайрат, күш, қуат;    ынта, талап, ерік.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен