Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                на русском

Зайт......Зікірия

ЗАЙТ - араб тілінен алынған зәид - өсуші, көбеюші;  артық.
 
ЗАЙЫР - араб тілінен  — айқын, анық.
 
ЗАКАРИЯ - иран тілінен алынған закр — ес, еске алушы, ескеруші + ия.
 
ЗАМАНБЕК – араб тілінен алынған замона — дәуір, кезен + бек. Синонимі — Дәуірбек.
 
ЗАМИР – орыс тілінен алынған  — бейбітшілік, тыныштық үшін.
 
ЗАҢҒАР – қазақ есімі:  үлкен, алып;    зәулім, биік.
 
ЗӘКИ - араб тілінен алынған заки — зерек, сезімтал, өткір;  ақылды, қабілетті.
 
ЗӘКІР - араб тілінен алынған закр - ес, сана, ақыл, еске алушы.
 
ЗӘРІП - араб тілінен алынған зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;   әдемі, нәзік, көркем.
 
ЗЕЙНҰР - араб тілінен  - нұр, көркемдік рең. Қысқарта айтылу түрі – Зейн.
 
ЗЕРЕК - иран тілінен алынған — аса ақылды, пысық.
 
ЗИЯТБЕК - иран тілінен алынған — зияд -  көп, мол;  қосылған, көбейген + бек.
 
ЗҰЛҚАРНАЙ - араб тілінен алынған — зул + корнеин — қос мүйізді. Александр Македонскийдің лақап аты.  
 
ЗҰЛПЫҚАР - араб тілінен алынған зу + л + фагар - шаншушы, Әлидің қылышының әсірелеген аты; түйреуші, қақ жарып түсуші, жарып түсетін қылыш деген мағына береді.
 
ЗІКІРИЯ  - араб тілінен  —  есте қалған;   ес, жады;   еске алу.  түрі — Зікіриян.

 

кері қайту



Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен