Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                         на русском

Зағила......Зылиқа

ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира —  қазына, байлық, қымбат бағалы асыл;  сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.
 
ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.
 
ЗАҒИРА  - (қараңыз: Зағила).
 
ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.
 
ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗАМИРА - араб тілінен -   асыл арман, тәтті қиял, ой.
 
ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗАРЕМА – жаңа  есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.
 
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.
 
ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки —  өткір, зерек, сөзімтал;   ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
 
ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған  земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.
 
ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен  — су тасушы.
 
ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;    әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.
 
ЗӘУРЕ - араб тілінен  —  жарқыраған;  Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.
 
ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.
 
ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл.  Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.
 
ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.
 
ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.
 
ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.
 
ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу.
 
ЗИЛА - араб тілінен  — таза, ашық, айқын.
 
ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем.
 
ЗИНИЯ - араб тілінен  - безенген, әшекейленген, сәнденген.
 
ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.
 
ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.  
 
ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.
 
ЗУРА  - (қараңыз: Зәуре).
 
ЗҮБАЙДА - араб тілінен  - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы,  нағыз іріктелген.
 
ЗҮБАЙРА - араб тілінен  - күшті, ақылды.
 
ЗҮЛФИЯ - араб тілінен  - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.
 
ЗҮМРАТ - иран тілінен  - қымбат, бағалы тас.
 
ЗЫЛИҚА - араб тілінен  - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен