Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                          на русском

Талжан......Тұрсынай

ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі,  қосымша - жан.

ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.

ТАЛШЫН – ағашының  бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

ТАМАРА - көне еврей тіліндегі құрма ағашы.
 
ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.
 
ТАНА - ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.
 
ТАҢСЫҚ -  құмар, әуес;  сирек зат.
 
ТАҢШОЛПАН - таң жұлдызы, жарық жұлдыз.
 
ТӘБИБА - араб тілінен  - емші, дәрігер.
 
ТӘБИЛА - араб тілінен  — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).
 
ТӘБИЯ - араб тілінен  - қорған, қамал, бекініс.
 
ТӘЖІГҮЛ - иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.
 
ТӘЛИПА - араб тілінен алынған таалип -  талапкер, талаптанушы, білім іздеуші;  сұраушы;  студент.
 
ТӘМИЛА - араб тілінен  - тау кептері, көгершін.
 
ТӘНЗИЛА - араб тілінен  - әмір, бұйрық.
 
ТӘНЗИЯ - араб тілінен  - тазалық, пәктік.
 
ТӘРБИЕ - араб тілінен  -  тәртіп,   ауыспалы мағынасы ұлгі - өнеге.
 
ТӘТТІБАЛА - сүйікті, сүйкімді қыз бала.
 
ТЕҢДІК - бостандық, еркіндік, тең құқықтық.
 
ТОҒЖАН - әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.
 
ТОЙБАЛА - той күні туған қыз бала.
 
ТОЛҒАНАЙ - толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ТОЛҚЫН - теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.
 
ТОРҒЫН - үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.
 
ТОРЫМБАЛА - көне түркі торым — бота, ботақан + бала.
 
ТОТЫ - тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.
 
ТҰРҒАН - берік тұрып қалған, тоқтаған.
 
ТҰРСЫНАЙ - ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен