Рейтинг@Mail.ru

 Қазақ ерлер есімдері                                                       на русском

Табар......Тілеміс

 
ТАБАР – қазақ сөзіне  тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ТАБЫЛҒАН - баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.
 
ТАҒАЙ - араб тілінен  - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.
 
ТАЗАБЕК - нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.
 
ТАЙБЕК - тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.
 
ТАЙЛАҚ - ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.
 
ТАЙМАС - өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.
 
ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши —  аға тәрбиеші, ұстаз;  атақты, әйгілі адам.
 
ТАЙЫР - араб тілінен алынған таир -  жоғарыға ұшушы;  құс.
 
ТАҚЫР - араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.
 
ТАЛАП - араб тілінен алынған талаб - іздену, талап ету, өтініш, тілек.
 
ТАЛҒАТ - араб тілінен алынған - өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.
 
ТАЛҚА - араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.
 
ТАЛМАС - арымас, шаршамас (адам).
 
ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.
 
ТАҢАТ - таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.
 
ТАҢБОЛ - ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.
 
ТАҢСЫҚБАЙ - ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.
 
ТАРҒЫН - көне түркі тілінен— ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.
 
ТАСБОЛАТ - тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ТАСЕМЕН - тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.
 
ТАСҚЫН - бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.
 
ТАСТАЙ - бала  тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.
 
ТАСТЕМІР - ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.
 
ТАСТҮЛЕК - мықты ұрпақ, жеткіншек.
 
ТАТУБАЙ - бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).
 
ТАУ - шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман.  Қысқартып айту түрі - Тауан.
 
ТАУАСАТ - өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.
 
ТАУФИХ - араб тілінен алынған тавфих —  табыс, жетістік, бақыт;  әрекет, көмек.
 
ТАХАУИ - араб тілінен алынған —  тұкым;    ұрпақ.
 
ТӘЖІ - иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.
 
ТӘКІМ - араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.
 
ТӘЛІП - араб тілінен алынған таалип —  талапкер, талап етуші, білім ізденуші;  сұраушы.
 
ТӘҢІРБАЙ  - (қараңыз: Көкбай).
 
ТӘТТІБАЙ - тәтті,  ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.
 
ТӘУЕКЕЛ - тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.
 
ТӘУІР - жақсы, оңды.

ТЕГЕРАН – парсы тілінен - «тех» - түп, «ран» - баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)

ТЕМІР - бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.
 
ТЕМІРБОЛАТ - бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.
 
ТЕМІРБЕК - (қараңыз: Бектемір).
 
ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір  + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.
 
ТЕМІРҚАН - темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.
 
ТЕМІРЛАН - темір + қосымша лан
.
ТЕМІРТАС - темір мен тастай мықты, берік.
 
ТЕМІРТҮЛЕК - темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.
 
ТЕҢІЗБАЙ - байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.
 
ТИЕС - тиісті, тиесілі, қатысты.
 
ТИЯНАҚ - тірек, тұрақ, табандылық.
 
ТОҒЫЗАҚ - әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.
 
ТОҒЫЗБАЙ - бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.
 
ТОҚАН - көне түркі— сұңқар.
 
ТОҚСАНБАЙ - тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.
 
ТОҚТАР - ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.
 
ТОҚТЫБАЙ - ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.
 
ТОҚЫР - араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.
 
ТОЛАҒАЙ  - дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.
 
ТОЛЫБЕК - үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ТОЛЫС - жетіле, өсе түс, ер жет.
 
ТОМАН -  моңғол  тілінен тумэн —  он мың;   бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері - Түмен, Туменбай.
 
ТӨБЕЙ - үлкен, зор.
 
ТӨЛБАЙ - үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.
 
ТӨЛЕБАЙ - бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.
 
ТӨЛҒОЖА - тұнғыш бала өзінен  кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.
 
ТӨРЕБЕК - көне түркі тілінен - төре —  тәртіп, ереже, заң;    әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.
 
ТУҒАНБАЙ - туған + бай. Бай болып туған.
 
ТҰРҒАНБЕК - (қараңыз: Бектұрған).
 
ТҰРДЫБЕК - бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.
 
ТҰРМАНЖАН - ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.
 
ТҰРСЫН - баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.
 
ТҰРСЫНБАЙ - яғни көп, ұзақ жасасын.
 
ТҰРСЫНБЕК - яғни өмірі берік болсын.
 
ТҰРСЫНЖАН - жаны аман болсын, көп жасасын.
 
ТҰРЫМТАЙ - қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.
 
ТҰЯҚБАЙ - тұяқ —  уақ мал, қой-ешкі;    ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған  ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.
 
ТҮГЕЛБАЙ - бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.
 
ТҮЛЕК - жас өспірім, жеткіншек.
 
ТҮЛКІБАЙ - балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.
 
ТҮМЕН  - (қараңыз: Томан).
 
ТҮРГЕНБАЙ - түһген — жылдам, тез + бай.
 
ТҮСІП,   ТҮСҮП  -  (қараңыз: Жұсіп).
 
ТЫНАЛЫ - тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.
 
ТЫНЫС - дем; үзіліс, дамыл, тыным.
 
ТЫНЫСТАН - дем алу, дамылдау.
 
ТЫНЫШТЫҚ  - (қараңыз: Еламан).
 
ТЫНЫШТЫҚБЕК  - (қараңыз: Бейбітбек).
 
ТІЛЕГЕН - тілеп, сұрап алған бала.
 
ТІЛЕК - мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата-аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.
 
ТІЛЕМІС - тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.


кері қайту


 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен