Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                       на русском

Шара-Шырынгүл


ШАРА – қазақ есімі —  көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі;    амал, әдіс, айла.

 

ШАРАПАТ - араб тілінен алынған шарафат —  ізгілік, адамгершілік, жақсылық;  абырой, құрмет, даңқ, ізет.

 

ШАРБАНУ - иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі;  қаланың сұлу бикештері.

 

ШАФИҒА - араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.

 

ШАХЗАДА - иран тілінен алынған - араб тілінен алынған — шах баласы, қызы.

 

ШАХИЯ - иран тілінен алынған —  шахқа байланысты, шахқа тән;    ең жақсы, ең тандаулы, аса зор.

 

ШӘКИРА - араб тілінен алынған —  алғыс айтушы, кұрметтеуші;  мейірбанды, асыл.

 

ШӘМСИЯ - араб тілінен алынған - кун. Түрі - Шәмшия.

 

ШӘРБАТ - араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.

 

ШӘРИПА - араб тілінен алынған шариф — мейірбан, игі, қасиетті, құдіретті.

 

ШЕКЕР - иран тілінен алынған шакар —  қанттын уақ, майда ұнтағы;   ауыспалы мағынасы тәтті құмшекер. Түрі — Секер. Біріккен тұлғалы есімдер — Шекерқан, Секерқан.

 

ШОЛПАН - қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.

 

ШҰҒА - биязы, жұмсақ мата.

 

ШЫНАР - қазақ тілінен алынған —  биік, тау терегі, шынар ағашы;  жадырақты зәулім биік ағаш;   ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

 

ШЫНАРГҮЛ - шынар ағаш гүлі сияқгы әдемі, сұлу.

 

ШЫРАЙГҮЛ - гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.

 

ШЫРЫН - иран тілінен алынған — жеміс нәрі.

 

ШЫРЫНГҮЛ - тәтті, нәрлі гүл, яғни гүлдей нәзік, әдемі, сұлу.


←кері қайту                                                                               

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен