Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                              на русском

Шабай......Шілдебай

 
ШАБАЙ - араб тілінен  — жас жігіт, бозбала.
 
ШАБДАН – тәжік тілінен  човидна —  мәңгі, бақи;  мәңгілік, ажалсыз.
 
ШАҒЫР  - араб тілінен  шагир — шайыр, ақын.
 
ШАДЫМАН - иран тілінен алынған шад  - көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.
 
ШАЖАБЕК - көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.
 
ШАЙБАН  - (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.
 
ШАЙХЫ - араб тілінен  -  ұстаз, үйретуші, тәрбиеші;  ақсақал, дін басшысы,  ғалым.
 
ШАКАРІМ ,  ШӘКӘРІМ -  араб тілінен - қызметкер, қызметші.
 
ШАМАТ - араб тілінен  — қал, мең.
 
ШАМБЫЛ - ащы дәмді өсімдік.
 
ШАМЕЛ -  елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.
 
ШАМЖАН - шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.
 
ШАМИС - араб тілінен алынған шамси — күн, күншуақ, жарық; бірбет, қиқар.
 
ШАМШАТ - иран тілінен алынған шамшод, самшид — Кавказ самырсыны.
 
ШАПАҒАТ - араб тілінен алынған шафакат — аяныш, аяу, есіркеу, қайырымдылық, мейірімділік. Түрлері — Шапкат,  Шафкат.
 
ШАПАҚ - таңғы жарық.
 
ШАРЫҚБЕК - араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.
 
ШАТТЫҚ - қуаныш, көңілділік.
 
ШАФИХ - араб тілінен  —  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.
 
ШАФХАТ - араб тілінен  - рақымдылық, мейірімділік.
 
ШАФИХ - араб тілінен  -  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.
 
ШАХАХМЕТ - иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған - ахмет. Ахмет патша деген мағынада.  түрі — Шаяхмет. Қысқартып еркелете айту түрі — Шайкен.
 
ШАХАН - иран  және қазақ тілдерінен алынған  бұл есім шах және хан сөздерінің бірігуінен жасалған. Хандардың ханы, хандардың шахы деген мағынаны білдіреді.
 
ШАХАР - араб тілінен  — қала, кент.
 
ШАХАРБАЙ - араб  және қазақ тілдерінен алынған  - қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.
 
ШАХМАРДАН - иран тілінен алынған шах + мардан — ержүрек, батыл. Фонетикалық түрі — Шаймерден. Еркелете айтылатын түрі — Шәкен.
 
ШАМҰРАТ  - (қараңыз: Самұрат).
 
ШАХМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған шах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет.  
 
ШАШУБАЙ - қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ШӘДІ - иран тілінен алынған шади — қуаныш, көңілділік, шаттық.
 
ШӘКІР - араб тілінен алынған — игі, асыл, мейірбан, сыйлаушы, құрметтеуші.
 
ШӘМШИ - араб тілінен алынған шамси - күн.
 
ШӘПИ,  ШӘФИ - араб тілінен алынған - емдеуші, емші.
 
ШӘРИЗАТ - иран тілінен алынған ширази — бақыт, ырыс, қуаныш + зат - бала, перзент, яғни бақытты бала.
 
ШӘРІП - араб тілінен алынған шариф — құрметті, атақты, қымбатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Шәріпбай, Шәрінбек, Шәріпхан, Шәріпқали.
 
ШЕГЕ - бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ШЕГЕБАЙ - баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.
 
ШЕР - (қараңыз: Әсет).
 
ШЕРӘЛІ,  ШЕРҒАЛИ – иран тілінен шер —  арыстан;    батыл, ер жүрек  + араб тілінен алынған ғали,әли — жоғары, биік, ен асқақ. Бұл есімнің жинақ мағынасы: батыр, ер жүрек, арыстан Әли.
 
ШЕРИ - көне түркі тілінен черу — әскер, қол.
 
ШЕРМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған шер - арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.
 
ШЕРНИЯЗ - иран тілінен алынған шер + тәжік тілінен – нияз - өтініш, тілек, тілену, үміт, сый, тарту.
 
ШЕРУБАЙ - көне түркі тілінен шері  немесе алтай тілінен  черу - әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.
 
ШЕРХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған  — арыстандай айбатты, мықты, батыр, ер-жүрек.
 
ШОҚЫ - биік төбе, дөң;  шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.
 
ШОҚЫР - балықтың бір түрі.  
 
ШОЛПАНБАЙ - бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.
 
ШОМБАЛ - зор, ірі, жуан.
 
ШОНА - моңғол тілінен— қаскыр. Бөрібай, Қаскырбай есімдерімен мәндес.
 
ШОҢ - қырғыз тілінен алынған — үлкен, зөр, дәу. Біріккен тұлғалы есімдер — Шоңбай, Шоңбек, Шоңқұл.
 
ШОРА - көне түркі тілінен —  мырза, бек, шонжар;    одақ, кеңес. Біріккен тұлғалы есімдер — Шорабай, Шорабек.
 
ШОРТАНБАЙ - шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.
 
ШЫҒАЙ - көне түркі тілінен - кедей, күйсіз.
 
ШЫҒАНАҚ - құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.
 
ШЫМЫР - нығыз, берік, денесі мығым;  батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.
 
ШЫНТЕМІР - темірдей мықты.
 
ШЫРАҚБЕК - иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.
 
ШІЛДЕБАЙ - иран тілінен алынған чеһел, нел — қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым + бай.


кері қайту


 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен