Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                        на русском

Сағида......Сындыбала

САҒИДА - араб тілінен  — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.
 
САҒИРА - араб тілінен  — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
 
САҒИЯ - араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.
 
САДИДА - араб тілінен  -  нағыз, дұрыс, пайдалы;  лайықты.
 
САЙДА - араб тілінен алынған сейид , саид —  мырза, бастық, әкім;  құрметті.
 
САЙЛАУГҮЛ - сайлау күні туған қыз бала.
 
САЙРА - араб тілінен алынған сайера — жұлдыздар, яки жұлдызы жарқырап туған қыз.
 
САҚЫП - араб тілінен алынған сахиб —  серік, жолдас, дос;  таныс.
 
САҚЫПЖАМАЛ - араб тілінен алынған - сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.
 
САЛТАНАТ - араб тілінен алынған —  сұлтандық, патшалық;  мақтаныш, абырой, тәкаппарлық, байлық;  әсемдік, асқан әдемілік, сән-салтанат.
 
САНДУҒАШ - көне түркі тілінен сандувач — бұл-бұл.
 
САРА - иран тілінен алынған —  ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы;  араб тілінен  — ханым, әйел;   көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.
 
САРИЯ - араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.
 
САФУРА - араб тілінен  — шыдамды, төзімді, мықты.
 
СӘБИҒА - араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.
 
СӘБИЛА - араб тілінен  — жол, сапар.
 
СӘБИРА - араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.
 
СӘЖИДА - араб тілінен  -  ибадат қылушы.
 
СӘЛИМА - араб тілінен алынған салим —  сау, бүтін, толық, аман-есен;  нағыз, тыныш;  қарапайым, шынайы, әділ.
 
СӘНИЯ - араб тілінен алынған  — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).
 
СӘНӘМАЙ - қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.
 
СӘПИНА - араб тілінен — үлкен қойма, қазына.
 
СӘРУАР – иран тілінен  — басшы, бастық, жетекші.
 
СӘУЛЕ -  таңғы жарық, шапақ.
 
СӘУЛЕТ - араб тілінен  — келбет, ажар, айбын, мақтаныш.
 
СҰЛУ - өте әдемі, аса көркем.
 
СҰЛУКЕ  сұлу-ак, әдемі-ақ, көркем.
 
СҰЛУХАН -  аса көркем, өте әдемі ханым.
 
СҰЛУШАШ - әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.
 
СҮИІНБАЛА - көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.
 
СЫМБАТ - көрік, кескін, келбет.
 
СЫНДЫБАЛА - көрікті, кескінді, келбетті қыз бала.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен