Рейтинг@Mail.ru

 Қазақ ерлер есімдері                                                              на русском

Сабаз......Сырмұхамбет

САБАЗ - иран тілінен алынған шаһбаз —  ер, азамат, батыл;   сұңқар.  Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.  
 
САБАНШЫ - көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.
 
САБАТАЙ – қазақ сөзі саба —  қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс;   ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.
 
САБИҒАТ - араб тілінен  —  жаңа, жас;   сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.
 
САБЫР - араб тілінен  — шыдамды, төзімді.
 
САБЫРЖАН - сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.
 
САҒАДАТ - араб тілінен  - бақыт, құт.
 
САҒАТ - араб тілінен алынған саад - бақытты сәт, уақыт.
 
САҒИ - араб тілінен  —  бақытты, ырысты, құтты;   мырза.
 
САҒИТ - араб тілінен  —  бақытты; ырысты;    аман-есендік, саулық.
 
САҒЫМ - көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай.  
 
САҒЫН - қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.
 
САҒЫНДЫҚ - ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.
 
САҒЫР - араб тілінен  — кішкене, кенже бала.
 
САДАН -  моңғол  тілінен— туыс, туған-туысқан.
 
САДЫБАЙ - (қараңыз: Жақсыбай).
 
САДЫҚ, СЫДЫҚ - араб тілінен  - шын, адал, таза, ашық;  сенімді адал дос.
 
САДЫР - араб тілінен алынған —  кеуде, көкірек;   басшы, бірінші;  ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.
 
САЙБАҚ - араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.
 
САЙДАР - моңғол тілінде - сай (сайын),  иран тілінде ие болуды білдіретін  + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.
 
САЙЛАУ - жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.
 
САЙМАСАЙ - бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.
 
САЙРАН - бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.  
 
САЙРАМБАЙ - Сайрам қаласында туылған адам.
 
САЙЫН - моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.
 
САҚТАР - бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.
 
САДЫБАЙ  - (қараңыз  Жақсыбай).
 
САҚЫП - араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.
 
САЛАМАТ - араб тілінен  -  бейбітшілік, тыныштық, саулық;  сәлем.
 
САЛАУАТ - араб тілінен - қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.
 
САЛЫҚ – араб тілінен салиг —  жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты;  адал.
 
САМАТ,  СӘМЕТ - араб тілінен  - мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.
 
САМҒА - аспанға ұшу, шарықтау.
 
САМҰРАТ - иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.
 
САНА - бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
САНАТ - араб тілінен алынған -  өнер, сәулет, жарасым;   ұлылық, дәреже.
 
САНДЫБАЙ - қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.
 
САНЖАР - араб тілінен  - патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.
 
САНСЫЗБАЙ  - (қараңыз: Байсан).
 
САПА, САФА - араб тілінен  -  тазалық, ашықтық;  адалдық;    тыныштық.
 
САПАБЕК - адал.
 
САПАР - араб тілінен алынған сафар - саяхат, алыс жол.
 
САПАРБАЙ - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
САПАРБЕК - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.
 
САПАРҒАЛИ - араб тілінен  — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.
 
САПИ ,  САФИ -  араб тілінен  сафа — таңдаулы, адал дос.
 
САРДАР - иран тілінен алынған сар —  сардар, генерал, бастық, қолбасшы;  туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.
 
САРИ - араб тілінен  — атақты, мейрімді, асыл.
 
САРМАН -  моңғол  тілінен сар — ай + ман - кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.
 
САРЫ -  ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.
 
САРЫБАЙ - баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.
 
САРЫБАС -  бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған;  бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
САРЫН -  қатты дыбыс, үн;   қатты ағын үні, екпін.
 
САСАН - иран тілінен  — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.
 
САТАЙ - моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.
 
САТТАР - араб тілінен алынған —  кешірім етуші, жасырушы;   қорғаушы.
 
САУРАН -  сый, тарту;  ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.
 
САУРЫҚ - үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.
 
САУЫҚ  - араб тілінен  —  тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран;  даңк, құрмет.
 
САУЫТ - батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.
 
 
САФИ - араб тілінен  — тандаулы, адал дос.
 
САФУАН - араб тілінен  -  тазалық, пәктік;  қатты гранит тас.
 
САХИ - араб тілінен  — жомарт, мырза.
 
САЯ - иран тілінен  - қорғаныш, пана.
 
САЯТҚАН - араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.
 
 САЯН - Саян тауы атынан қойылған есім.
 
СӘБИҒАТ - араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.
 
СӘБИТ - араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.
 
СӘДУАҚАС - араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.
 
СӘЛМЕН - иран тілінен  — есейген, ер жеткен, үлкен.
 
СӘЛІМ - араб тілінен алынған сәлим —  сау, бүтін, толық, аман-есен;   нағыз, шын, табиғи, аман-сау;   қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.
 
СӘМЕН - иран тілінен  — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.
 
СӘМЕТ – араб тілінен  —  мәңгілік, өмірлік, берік;  бас ие, қожайын.
 
СӘМИ - араб тілінен  — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.
 
СӘРСЕНБІ - иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.
 
СӘТ - араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.
 
СӘТБАЙ - араб тілінен — құтты бала (бай).
 
СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт,  иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.
 
СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.
 
СӘУІР - араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.
 
СЕЗІМ – жаңа есім - достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.
 
СЕЙДАХМЕТ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.
 
СЕЙДӘЛІ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.
 
СЕЙДУӘЛИ - араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.
 
СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.
 
СЕЙСЕНБАЙ - иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.
 
СЕЙІЛ - араб тілінен алынған -  көктем мерекесі;    халық серуені.
 
СЕЙІТМЕТ,  СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.
 
СЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь —  мырза, бастық, әкім;   құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.
 
СЕЙФОЛЛА - араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.
 
СЕКСЕНБАЙ - мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.
 
СЕМБАЙ - иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.
 
СЕМБІ - иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.
 
СЕНІМ - үміт, сенім.
 
СЕҢГІРБАЙ - көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.
 
СЕРӘЛІ - иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.
 
СЕРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық  + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.
 
СЕРҒАЛИ - иран тілінен алынған сер  + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.
 
СЕРКЕ -  қой бастайтын серке;   ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.
 
СЕРКЕБАЙ  - (қараңыз: Байсерке).
 
СЕРІК - араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.
 
СЕРІКБОЛ - көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.
 
СИРАЖ - араб тілінен алынған - шырақ;  жарық.
 
СОЛТЫБАЙ - араб тілінен алынған солдо —  күш, өкім, билік;  күшті, мықты;   + бай. Демек, күшті, мықты адам.
 
СОМБЕЛ - белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
 
СҰЛТАН - араб тілінен  — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.
 
СҰЛТАНГЕЛДІ - дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.
 
СҰЛТАНМҰРАТ - бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.
 
СҰҢҚАР - бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.
 
СҮГІР - көне түркі тілінен келген сукур — хабар.
 
СҮГІРБАЙ - көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.
 
СҮЙЕУ - ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.
 
СҮЙІН - ырза болу, сүйіну, көңіл толу.
 
СҮЙІНБАЙ - көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.
 
СҮЛЕЙМЕН - көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.
 
СҮМБЕБАЙ - иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.
 
СҮНДЕТ - араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.
 
СҮТТІБАЙ - сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.
 
СЫБАНҚҰЛ - бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан —  тоқ, тойған;  Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.
 
СЫДЫҚ - араб тілінен алынған седдик —  шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы;  шыншыл, әділ.
 
СЫЛАН - көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.
 
СЫМАҚ - иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.
 
СЫНДЫБАЙ - сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
СЫРБАЙ -  араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.
 
СЫРҒАБАЙ - араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.
 
СЫРҒАБЕК - сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.
 
СЫРЫМ - көне түркі тілінен - шыдам, шыдамды, төзімді.
 
СЫРМҰХАМБЕТ - көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды  + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.


кері қайту

 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен