Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                            на русском

Рабия......Рухия

РАБИЯ - араб тілінен  — тәрбиелеуші, тәрбие беруші.
 
РАЙГҮЛ - араб тілінен  — райхан гүлі.
 
РАЙСА - грек тілінен - биязы, жұмсақ, жөн білгіш.
 
РАЙХАН - араб тілінен  — хош иісті гүл.
 
РАСИМА - араб тілінен  — рәсім, әдетті берік ұстаушы.
 
РАУЗА - араб тілінен  — бақша, гүл бақшасы, көгал;  көрікті.
 
РАУШАН - иран тілінен алынған рәушан —  жарық, нұрлы, сәулетті;  айқын, таза.
 
РАФИХА - араб тілінен алынған рафих —  қайырымды, жомарт, мәрт;   серік, жолдас, дос;     көңілдес, яғни қайырымды, жомарт, дос қыз.
 
РАХИЛА - араб және тәжік тілдерінен   — пысық, елгезек қыз.
 
РАХИМА - араб тілінен  — мейірімді, қайырымды, рақымды.
 
РАХИЯ - араб тілінен  — көңіл аударушы, сүйкімді, әсем.
 
РАШИДА - араб тілінен алынған рашид — бастаушы, бағыт беруші.
 
РӘБИҒА - араб тілінен  —  төртінші, төртінші қыз;  көктем, көктем кезі;  жолдас, серік.
 
РӘЗИЯ - араб тілінен  —  жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті;  риза, разы, қалаулы.
 
РӘШ — араб тілінен — сіркіреп жауған жауын.
 
РОЗА -   Роза гүлі атынан қойылған.
 
РУСЛАНА - көне түркі тілінен— Руслан есімінен қойылған қыз есімі.
 
РУФИЯ - иран тілінен  — алтын немесе күміс тиын.
 
РУХИЯ - иран тілінен  — көңіл-күй, рух.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен