Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                на русском

Рабат......Рүстем

РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.
 
РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.
 
РАЙ – араб тілінен  - жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл-күйі, сезімі.
 
РАЙБАЙ - дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.
 
РАЙБЕК - араб тілінен - райы қатты, бір бет бала.
 
РАЙНҰР - араб тілінен  - жарық өмір.
 
РАЙЫМБЕК - араб тілінен алынған раим - рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.
 
РАЙЫС - араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.
 
РАЙЛ - араб тілінен  — негізін салушы.  
 
РАҚАП - араб тілінен -  кең, ұлан-ғайыр;  мырза, жомарт, жарқын жүзді.
 
РАҚАТ - араб тілінен - тыныштық, тыным, тыныс.
 
РАҚЫМ - араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып-еркелете айтылатын түрі — Рақыш.
 
РАМАЗАН - араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.
 
РАМИЗ - араб тілінен - белгі, таңба.
 
РАСУЛ - араб тілінен -  хабаршы;  елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.
 
РАУАН - иран тілінен алынған рэван — жан өмір.
 
РАФИК,  РАФИХ - араб тілінен -қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.
 
РАХМАН - араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.
 
РАХМЕТ - араб тілінен — алғыс.
 
РАХМЕТОЛЛА - араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.
 
РАШИТ - араб тілінен —  саналы, ақылды, парасатты;   батыл, ер.
 
РЕНАТ  -  жаңа есім -   орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.
 
РИШАТ - араб тілінен —  ақылды;   саналы, әділдік.
 
РЫСБЕК  - (қараңыз: Оразбек).  
 
РЫСКЕЛДІ - (қараңыз: Оразгелді).
 
РУСЛАН - көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.
 
РҮСТЕМ - иран тілінен алынған  раода — жүз, келбету бейне;   тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер - Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен