Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                       на русском

Өжет......Өтетілеу

ӨЖЕТ - -ткір, батыл, табанды.
 
ӨЗБЕК - өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.
 
ӨЗЕНБАЙ - өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ӨКТЕМ - өктем, үстем, басым, өмірлі.
 
ӨКІМ - араб тілінен алынған окм —  үстемдік;  өкімет, билік;  шешім, үкім;  пікір, түсінік.
 
ӨЛКЕБАЙ - қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ӨМІР - араб тілінен алынған ғомр -  ғұмыр;    тіршілік.
 
ӨМІРБАЙ - бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.
 
ӨМІРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - өмір + ғазы — жауынгер.
 
ӨМІРҒАЛИ - өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.
 
ӨМІРЗАҚ - араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ  - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.
 
ӨНДІРІС –жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.
 
ӨНЕРБЕК - өнері мықты, өнерлі адам.
 
ӨРЕКЕН - көне түркі  шор, хақас тілінде қарт, қария.
 
ӨРЕН —  жұрттан асқан ерекше, ерен;   жасөспірім ұрпақ.
 
ӨРІМ - жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.
 
ӨСЕР - ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім - Өсербай.
 
ӨСКЕНБАЙ - байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.
 
ӨТЕБАЙ - байлығы асқан, тасыған бай.
 
ӨТЕГЕН - орнын толтыру, төлеу.
 
ӨТЕГАЛИ – қазақ тілінен өте  + араб тілінен алынған ғали - жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.
 
ӨТЕМАҒАМБЕТ, ӨТЕМҰХАМБЕТ – қазақ сөзі өте  + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан, даңқты деген мағынада қойылған есім. Қысқаша тұлғасы — Өтембай. Еркелету түрі — Өтеш.
 
ӨТЕТІЛЕУ - ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен