Рейтинг@Mail.ru

 Қазақ ерлер есімдері                                                            на русском

Обай......Ошақбай

ОБАЙ -  моңғол  тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.
 
ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
 
ОЗАРБЕК – озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.
 
ОЗАТ - ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.
 
ОЙЛЫ - ақылды, парасатты, дана.
 
ОЙРАТ – моңғол тілінен алынған ой - орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.
 
ОЛЖАБАЙ - олжадан түскен, бере салған бала.
 
ОЛЖАС - ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.
 
ОМАР - араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері - Ғұмар, Құмар.
 
ОМАРБАЙ - өмірлі, ғұмырлы адам.
 
ОМАРБЕК - өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.
 
ОМАРҒАЛИ - ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.
 
ОМАРХАН - өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.
 
ОНБАЙ - бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.
 
ОҢАЛБАЙ,  ОҢАЛБЕК - шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ОҢҒАР - оңда, түзе.
 
ОҢҒАРБАЙ - ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.
 
ОҢДАСЫН - құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.
 
ОПАБЕК - араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.
 
ОРАЗ - көне түркі тілінен келген - ырыс, құт, бақыт.
 
ОРАЗАҚ - араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.
 
ОРАЗАҚЫН - араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.
 
ОРАЗАЛЫ, ОРАЗҒАЛИ -  көне түркі тілінен келген  ораз  + араб тілінен алынған алы - ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.
 
ОРАЗБАЙ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.
 
ОРАЗБЕК - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.
 
ОРАЗГЕЛДІ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.
 
ОРАЗҒҰЛ - бақытты қызметші.
 
ОРАЗМҰХАМБЕТ - бақытты Мухамбет.
 
ОРАҚ - көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.
 
ОРАҚБАЙ - астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.
 
ОРАЛ - өзен атынан қойылған кісі аты. Біріккен тұлғалы есімдері — Оралбай, Оралбек, Оралхан, Оралтай, т. б.
 
ОРАСАН - ерекше, ерен.
 
ОРДАБАЙ - көне түркі тілінен орда -  ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған;    кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.
 
ОРМАНБАЙ,  ОРМАНБЕК - орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.
 
ОРМАНШЫ - бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ОРЫНБАЙ - өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.
 
ОРЫНБЕК - өмірде орны берік, мықты.
 
ОРЫНҒАЛИ - өмірде алатын орны жоғары, биік.
 
ОСПАН - араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.
 
ОТАН – жаңа  есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.
 
ОТАР - отарда туған балаға берілген есім.
 
ОТАРБАЙ - отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.
 
ОШАҚБАЙ - жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен