Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                      на русском

Нағиза......Нұршара

НАҒИЗА - иран тілінен  — әдемі, сұлу, көркем.
 
НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә —     мейірімді, жарқын, инабатты;  биязы, нәзік, жұмсақ.
 
НАЗГҮЛ  - (қараңыз Гүлназ).
 
НАЙРА - араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.
 
НАРША - нардай мықты, қайратты, жігерлі.
 
НАУАТ - араб тілінен алынған набит —  өсімдік, шөп;  мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.
 
НАУША - иран тілінен алынған ноуче —  жаңа келген;  балаң, жас.
 
НӘБИРА - араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.
 
НӘДИРА - араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.
 
НӘЗИПА - араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.
 
НӘЙЛА - араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету;  сый, сыйлық.
 
НӘРГҮЛ - иран тілінен алынған нәр - анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.
 
НӘРЗӘН, НАРЗАН - минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы  ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.
 
НӘРИМА - араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.
 
НӘСИМА - араб тілінен алынған нәсимә —  самал;  лебіз, леп.
 
НӘФИСА - араб тілінен алынған нафиса —  сұлу, көркем, әдемі;  нәзік, биязы.
 
НЕСІПЖАН - араб тілінен алынған насиб -  үлес, сыбаға;  бақыт, тағдыр.
 
НҰРАЙ - көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.
 
НҰРАЙША - араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.
 
НҰРБАҒИЛА - көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.
 
НҰРБИБІ - араб тілінен алынған  бибі - нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.
 
НҰРЖАМАЛ - араб тілінен  - сұлулық, көркемдік сәулесі.
 
НҰРЖӘМИЛА - араб тілінен -  аса сұлу, әдемі, көрікті;   өте сүйкімді, ажарлы.
 
НҰРЗИЛА - араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.
 
НҮРЗИЯ - араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.
 
НҰРИКАМАЛ - араб тілінен  - кемеліне келген, толысқан сұлу.
 
НҰРИЛА - араб тілінен  — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.
 
НҰРИПА - араб тілінен  - нұрлы, ажарлы, көркем.
 
НҰРИЯ - араб тілінен  —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.
 
НҰРЛЫҚҰЛ - араб тілінен  — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.
 
НҰРСҰЛУ - араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
НҰРХАН - араб тілінен  — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.
 
НҰРША - араб тілінен  — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.
 
НҰРШАЙЫМ - араб тілінен  — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.
 
НҰРШАРА - нұрлы, әрлі, сұлу Шара.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен