Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                              на русском

Нағи......Нысанбай

НАҒИ - араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.  
 
НАҒЫМ - араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.
 
НАҒЫМБЕК - араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.
 
НАЗАР - араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.
 
НАЗАРБАЙ - жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.
 
НАҚЫП - араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.
 
НАҚЫСБЕК - араб тілінен алынған нәкш -  сурет, әшекей, өрнек;   түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.
 
НАРБАЙ - нар -  жалғыз өркешті ірі түйе;   ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.
 
НАРИМАН - иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.
 
НАРКЕС - өткір, батыл.
 
НАРМАҒАМБЕТ,  НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар  + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары - Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай.  
 
НАРТАУ - бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
НАРТУ - дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.
 
НАРЫМЖАН - нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.
 
НАСЫР - араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші;  жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.
 
НАУРЫЗ - иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.
 
НӘБИ - араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші;  яғни жаратушының елшісі.  
 
НӘБИБОЛЛА - араб тілінен  — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі.  
 
НӘДІР - араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.
 
НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған - қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.
 
НӘДІРБЕК - сирек, таңдаулы бек, әкім.
 
НӘЖІП - араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.
 
НӘЗІР - араб тілінен  — салтанатты уәде, серт;  ант.
 
НӘЗІРБЕК - уәдеде, сертте тұратын, берік адам.
 
НӘРІК - араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.
 
НЕСІП - араб тілінен  —  үлес, сыбаға;  бақыт, тағдыр.
 
НЕСІПБАЙ - өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.
 
НЕТӘЛІ - (қараңыз: Ниетқали).
 
НИЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.
 
НИЗАМ - араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.
 
НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ —  өтініш, тілек, жалбарыну;   үміт;   сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали.  
 
НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған  - Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.
 
НОҒАЙБАЙ - ноғай — халық аты + бай.
 
НОИЛЬ,  НОЭЛЬ - араб тілінен  - мақсатқа жетуші, жетістік.
 
НОЯН - моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі;   ханзада, патша баласы;  мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.
 
НӨКЕРБЕК – моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.
 
НҰҒМАН - көне еврей тілінен келген -  амандық, есендік, жақсылық.
 
НҰР - араб тілінен  - жарық, сәуле.
 
НҰРАБАЙ - Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.
 
НҰРАЙДАР - араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.
 
НҰРАҚЫН -  нұрлы, сәулетті ақын.
 
НҰРАЛЫ - араб тілінен алынған нұр - жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.
 
НҰРБАЙ - араб тілінен  — нұрлы, көрікті ер бала.
 
НҰРБАҚ - араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.
 
НҰРБАПА - араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.
 
НҰРБЕК - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.
 
НҰРБОЛ - нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.
 
НҰРГЕДІ - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.
 
НҰРҒАЗЫ - араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам.  
 
НҮРҒАЛЫМ - араб тілінен алынған нұр + ғалым - тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.
 
НҰРҒИСА - араб тілінен алынған нұр + ғиса - Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.
 
НҰРДАН - нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.
 
НҰРДӘУЛЕТ - араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.
 
НҰРЖАҚАН - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.  
 
НҰРЖАН - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.
 
НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен  - нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.
 
НҰРЗАДА - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.
 
НҰРЗЕРЕК - араб және қазақ тілдерінен  - көрікті, нұрлы, зерек бала.
 
НҰРЖІГІТ  - араб және қазақ тілдерінен  - нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.
 
НҰРИ - араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.
 
НҰРҚАСЫМ - араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.
 
НҰРЛАЙ - нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.
 
НҰРЛАН - араб тілінен  - ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.
 
НҰРЛАТ - араб тілінен - нұрландыру, көріктендіру;  бақытты ету.
 
НҰРЛЫ - араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.
 
НҰРМҰҚАМБЕТ - араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан.  
 
НҰРНИЯЗ - араб тілінен алынған нұр  + тәжік тілінен алынған  нияз - өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.
 
НҰРПЕЙІС - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған пейиш - ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.
 
НҰРСАПА - араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.
 
НҰРСЕЙІТ - араб тілінен  — ажарлы, нұрлы мырза.
 
НҰРСҮЛТАН - араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.
 
НҰРТАЛАП - талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.
 
НҰРТАС - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.
 
НҰРХАН - араб тілінен - нұрлы, көрікті хан.
 
НҰРЫМ - араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.
 
НҰСҚАБАЙ - араб тілінен алынған носхе —  көшірме, бейне;  тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек.  
 
НҰСҚАР -  ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.
 
НҮСІП,  НҮСҮП  - (қараңыз: Жүсіп).
 
НЫҒМЕТ - араб тілінен алынған нигмәт —  береке, дәулет, байлық;  бақытты, бақытты өмір.
 
НЫҒМЕТЖАН - араб тілінен  - дәулетті, бай адам.
 
НЫҒМЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нигмәт + қали - ғали; аса дәулетті, байлығы артық.
 
НЫҒМЕТОЛЛА - араб тілінен алынған — берекелі.
 
НЫСАНБАЙ  - (қараңыз: Белгібай).


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен