Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                      на русском

Мағрипа......Мүштари

МАҒРИПА - араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.
 
МАЙНА - иран тілінен  — индия қараторғайы.
 
МАЙНҰР - май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.
 
МАЙСА - тәжік тілінен   —  ерте көктем;  көк майса, шалғын.
 
МАҚПАЛ - иран тілінен алынған бахмал — барқыт.
 
МАНАТ - көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.
 
МАНЗУРА - араб тілінен — бағышталған, арналған.
 
МАРЖАН —  теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар;  інжу.
 
МАРЗИЯ - араб тілінен алынған мәрзия —  разы қылушы, яки жағымды, келіскен;  көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.
 
МАРИЯ - көне еврей тілінен келген—  өте жақсы, тамаша;  биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.
 
МАРФУҒА - араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.
 
МАРХАБА - араб тілінен алынған мархабан — хөш келдіңіз, қайырымдылық.
 
МАСТУРА - араб тілінен  —  жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші;  адал, таза, құрметті әйел.
 
МАТЛУБА - араб тілінен  — арманы орындалған.
 
МАУСЫМЖАН - араб тілінен алынған - маусым - уақыт, шақ, жиынтерін;  ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.
 
МАХБАРА - тәжік тілінен алынған  мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.
 
МАХБҮБІ - тәжік тілінен алынған  мах  + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.
 
МАХИНҮР - иран тілінен  - айлы, жарық, айға ұксас сұлу.
 
МӘДИНА - араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.
 
МӘЛИКЕ - араб тілінен  - патша әйел, ханша, ханым;  билеуші әйел, патшаның әйелі.
 
МӘНЗИЛА - араб тілінен  - дәреже, атақ;  әлеуметтік жай.
 
МӘНСУРА - араб тілінен алынған мансур — женімпаз, жеңуші.
 
МӘРМАРА - араб тілінен  - асыл ақ тас.
 
МӘУЕ - араб тілінен  - жеміс.
 
МЕЙРАМГҮЛ - қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.
 
МЕЙІЗ - иран тілінен  - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.
 
МЕЙІРЖАН - иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.
 
МЕРЕКЕ - той, тамаша күні туған балаға берілген есім.
 
МЕРУЕРТ - иран тілінен  - асыл моншақ.
 
МИРА - жаңа есім  - бейбіт, тыныштық өмір.
 
МҰХТАРИМА - араб тілінен  - қадірлі, құрметті, сыйлы.
 
МҰКАРРАМА - араб тілінен  - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.
 
МҮЛИПА - араб тілінен  — кітап шығарушы ақын.
 
МҮНИРА - араб тілінен  - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.
 
МҮШТӘРИ - араб тілінен  —  сатып алушы;   жұлдыз.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен