Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                     на русском

Хабиб......Хұсайын

 
ХАБИБ - араб тілінен  - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.
 
ХАДИМ - араб тілінен  - қызметші, жалшы, қызметкер.
 
ХАЙДАР - араб тілінен  - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.
 
ХАКІМ - араб тілінен  -  әкім етуші, әмірші;  данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.
 
ХАҚНАЗАР  - (қараңыз: Ақназар).
 
ХАЛЕЛ,  ХАЛИЛ - араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.
 
ХАЛЫҚ - араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.
 
ХАМЗА - араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.
 
ХАМИТ - араб тілінен алынған —  мақтаулы, мақтауға лайық;    зиянсыз.
 
ХАММАТ - араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.
 
ХАНГЕЛДІ - ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.
 
ХАНТЕМІР  - (қараңыз: Темір- хан).
 
ХАРЕС - араб тілінен  —  егінші, дихан, соқашы;  сақтаушы, күтуші.
 
ХАСАН, ХАСЕН - араб тілінен  — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.
 
ХАТИП - араб тілінен  —  уағыздаушы, уағызшы;    баға беруші, мақтаушы.
 
ХАФИЗ - араб тілінен алынған һафез — сақтаушы, күзетуші.
 
ХИКМЕТ - араб тілінен  — философия, білім, құпия.
 
ХҰСАЙЫН - араб тілінен  — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.


кері қайту


 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен