Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                     на русском

Қазиза......Қырмызы

ҚАЗИЗА  - (қараңыз: Ғазиза).
 
ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.
 
ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә —  байлық, қойма;   қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
 
ҚАЛАМҚАС - жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.
 
ҚАЛБИБІ  - (қараңыз: Аққал).  
 
ҚАЛИЯ  - (қараңыз: Әлия).  
 
ҚАЛУА  - (қараңыз: Алуа).  
 
ҚАЛУАН  - (қараңыз: Алуа).
 
ҚАЛТҰРҒАН  - (қараңыз: Аққал).
 
ҚАМАРИЯ - араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.
 
ҚАМҚА - қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.
 
ҚАПИЗА - араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.
 
ҚАРАГӨЗ - мөлдір, әдемі, нәркес көз.
 
ҚАРЛЫҒАШ - құс атауынан қойылған есім.
 
ҚАТИРА - араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.
 
ҚОРЛАН - араб тілінен  — хор сұлуы, хор қызы.
 
ҚҰНДЫЗ - терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
 
ҚҰРАЛАЙ - киіктің лағы;  уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.

ҚЫЗҒАЛДАҚ - қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.
 
ҚЫМБАТ - аса бағалы, құнды, нарқы артық.
 
ҚЫРМЫЗЫ — шымқай қызыл,  алқызыл, қызыл жібек;  нұрлы, әрлі.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен