Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері

Абай......Айнан                                                                              на русском

АБАЙ -  қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
 
АББАС - араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер.  Түрлері  - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
 
АБЗАЛ - араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.
 
АБЫЗ - араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз.  Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
 
АБЫЛАЙ - араб тілінен алынған есім -  абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
 
АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
 
АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
 
АҒЗАМ - араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.
 
АҒЫН – қазақ есімі -  ағыны қатты, лек, екпін.
 
АДАЙ –көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
 
АДАМ -  көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.
 
АДЫРБАЙ - қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.
 
АЖАРБЕК -  қазақ есімі -  ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
 
АЗАМАТ – араб тілінен алынған  -  ұлылық, даңқ,  нағыз ер жігіт, саналы адам.
 
АЗАТ -  иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.
 
АЙӘДІЛ -  қазақ тілінен -  ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.
 
АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
 
АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
 
АЙБАТ - қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
 
АЙБЕК – қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
АЙБОЛ – қазақ есімі  - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
 
АЙБОЛАТ – қазақ есімі - ай + болат - болады — менін айым болады.
 
АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.
 
АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
 
АЙДАН – қазақ тілінен алынған - ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
 
АЙДАР -  қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
 
АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді.  Түрі — Айдаралы.
 
АЙДАРХАН – қазақ сөзі -  айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
 
АЙДОС – қазақ есімі - Айдын досы.
 
АЙДЫН -  қазақ есімі  —  айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.
 
АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
 
АЙЖАРЫҚ -  ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
 
АЙЖАС - ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
 
АЙЗАТ – қазақтың  сөзі ай + иран тілінен алынған  зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
 
АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы  әйгілі, белгілі, нақты.
 
АЙМАҒАМБЕТ -  қазақ сөзі - ай + араб сөзі  мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
 
АЙМАҚ -  қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
 
АЙМҰРАТ – қазақ сөзі - ай + араб сөзі  морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
 
АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері  айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
 
АЙНАН -  араб тілінен алынған  гайнан — шын, дұрыс, тура.


кері қайту

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен