Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                 на русском

Кабира......Күнсұлу

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир —  ұлы, зор, үлкен;  маңызды, байыпты, салмақты.
 
КАРИНА - жаңа есім  — Карск теңізі атынан қойылған есім.
 
КӘМАЛИЯ - араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.
 
КӘРИМА - араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ - көрік, ажар, әр, тұлға.
 
КЕНЖЕ - ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
 
КЕҢЕСГҮЛ - жаңа есім  — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.
 
КЕРІМБАЛА - керемет сұлу қыз бала.
 
КЛАРА - латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.
 
КҮБАРА - араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.
 
КҮЛАЙ - гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.
 
КҮЛАЙХАН - гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.
 
КҮЛАЙША - тәжік тілінен алынған  гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.
 
КҮЛӘНДА - тәжік тілінен алынған  гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.
 
КҮЛӘСИЯ - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.
 
КҮЛБАҒИЛА - иран тілінен алынған гуль  + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.
 
КҮЛБАҒИРА - иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.
 
КҮЛБАЛА - кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
 
КҮЛИРА - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.
 
КҮМІСАЙ - қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
КҮНАЙ - күн мен айдай болсын деп қойылған есім.
 
КҮНЖАМАЛ - күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.
 
КҮНСҰЛУ - күндей сұлу, әдемі.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен