Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                      на русском

Кабир......Күнту

КАБИР - араб тілінен  -  ұлы, күшті, зор, үлкен;   маңызды, байыпты, салмақты.
 
КАМАЛ - араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас.  Түрлері — Кемел, Камал, Камил.
 
КӘДІР - араб тілінен алынған кадр -  күшті, құдіретті;   қабілетті;   кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.
 
КӘДІРБАЙ - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.
 
КӘДІРБЕК - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.
 
КӘДІРЖАН - кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.
 
КӘКІМБЕК - араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.
 
КӘКІМЖАН - араб тілінен алынған хәкім -  дана, данышпан, ақылды, есті;  философ  + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.  
 
КӘМІЛ - араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.
 
КӘРІМ - араб тілінен алынған карим —  қолы ашық мырза, жомарт;    ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді.  Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.
 
КӘРІПЖАН - араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.
 
КЕКІЛ - баланың мандайға дейін қойған шашы.
 
КЕЛІС - келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.
 
КЕМЕЛБЕК - араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.
 
КЕМЕҢГЕР - араб тілінен  — дана, данышпан.
 
КЕНБАЙ - кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
КЕНЕН - қазақ тілінен  —  жеткілікті, мол;    мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.
 
КЕНЕШ - көне түркі тілінен - кенш — бала.
 
КЕНЖЕ - қазақ тілінен алынған ең соңғы туған перзент. Біріккен тұлғалы есімдер — Кенжебек, Кенжеғали, Кенжетай, Кенжеқан.  
 
КЕҢЕС - мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.
 
КЕҢШЛІК - жаңа  есім  - бостандық, еркіндік.
 
КЕРІМ - араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі  - Дәулеткерім.
 
КИІКБАЙ - қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.
 
КӨБЕГЕН  - көне түркі тілінен келген   — жас бала.
 
КӨБЕЙ - көп бол, өніп-өс деген мағынада.
 
КӨБЕЙСІН - өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.
 
КӨДЕК - иран тілінен алынған кудак —  бала, сәби;   бозбала, жігіт.
 
КӨКБАЙ -  көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.
 
КӨЛБАЙ – қазақ сөздерден көл + бай. Көлдің жағасында отырғанда туған балаға Көлбай деп ат қою ертеде көп кездескен.
 
КӨПБАЙ -  бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.  
 
КӨПЖАН - көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.
 
КӨПЖАСАР - бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.
 
КӨРКЕМЖАН - бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
КӨРІК - әдемі, сұлу келбет, әдемілік.
 
КӨШІМБАЙ  - (қараңыз. Үдербай).
 
КҮМІС - қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.
 
КҮНДАР – қазақтың сөзі кун + дар тәжік тілінен алынған  доро — мейірім, шапағат етуші, мейрімді. Күн сияқты тіршілікке шапағат таратушы, мейірімді жан деген мағыналы есім.
 
КҮНТУ - халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен