Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                   на русском

Қабай......Қыдыр

ҚАБАЙ - көне түркі тілінен келген - бесік.
 
ҚАБИ - араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.
 
ҚАБИБ - араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.
 
ҚАБЛЕТ - араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.
 
ҚАБЫЛ - араб тілінен  —  қабыл алушы, қарсы алушы;   келешек, болашақ.
 
ҚАДЫР - араб тілінен алынған хадр —  күшті, кұдіретті;    қабілетті, икемді, бейімді;   дәреже, құрмет.
 
ҚАДЫРАЛЫ - араб тілінен алынған хадр + алы, али — жоғары, яғни қадірі, беделі биік, жоғары.
 
ҚАДЫРБАЙ -  қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.
 
ҚАДЫРБЕК - араб тілінен  — қадірлі, өте беделді адам.
 
ҚАДЫРЖАН - араб тілінен алынған — қадырлы, кадыры жоғары адам.
 
ҚАДЫРҚАН - қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.
 
ҚАЖЫМ - араб тілінен алынған — құрметті, сыйлы.
 
ҚАЖЫМҰРАТ - араб тілінен алынған хаджи — мұрат. Мұратқа, мақсатына жеткен.
 
ҚАЖЫ (хажы) - араб тілінен алынған тадж — мекеге барып қайтқан адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Қажымұрат, Қажығали, Қажыкен.  
 
ҚАЗАҚБАЙ - қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.
 
ҚАЗИ – араб тілінен алынған кади — даулы істі шешуші сот. Біріккен тұлғалы есімдер — Қазыбай, Қазыбек, Қазығали, Қазықан.
 
ҚАЗТУҒАН - араб тілінен алынған қазы + қазақ сөзі туған. Қазы болып туған бала деген мағыналы есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қазтай.
 
ҚАҚНАЗАР  - (қараңыз: Ақназар).
 
ҚАЙДАР, ХАЙДАР - араб тілінен алынған — хайдар — арыстан.
 
ҚАЙРАТ - араб тілінен алынған — ғайрат — қуат, жігер, күш.
 
ҚАЙСАР - араб тілінен  — Рим патшаларынын атағы. Табанды, бірбеткей өжет.
 
ҚАЙЫМ - араб тілінен  — мәнгі өмір сүретін, өзгермейтін.
 
ҚАЙЫП - араб тілінен алынған каиф — балшы, балгер. Біріккен тұлғалы есім — Қайыпбек.
 
ҚАЙЫР - араб тілінен алынған кейр —  мейірім, шапағат, жақсы, қайырымды, тамаша;   кайырым, мейірім. Біріккен тұлғалы есімдер - Қайырбай, Қайырбек, Қайырғали, Қайыржан, Қайырболат.  
 
ҚАЙЫРБЕК - араб тілінен  — аса қайырымды, шапағатты, мейірімді адам деген мағыналы есім.
 
ҚАЙЫРБОЛАТ - араб тілінен  — аса қайырымды, мейірімді адам болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қайыртай.  
 
ҚАЙЫРГЕЛДІ - өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.
 
ҚАЙЫРҒАЛИ - араб тілінен  — аса қайырлы, қайырымды, мейірімді.
 
ҚАЙЫРЖАН - араб тілінен — қайырымды, шапағатты кісі, жан.
 
ҚАЙЫРЛЫ - араб тілінен  — мейірімді, шапағатты, қайырымды.
 
ҚАЛАУ - талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.
 
ҚАЛАУША - ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.
 
ҚАЛДАРБЕК - иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп,  жалғауы - дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.
 
ҚАЛДЫБАЙ - бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ҚАЛИ  - (қараңыз: Әли).
 
ҚАЛҚА - ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған
есім.
 
ҚАЛҚАМАН  - қалқа + ман — кісі, адам.
 
ҚАЛМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған хол - мең + Мұхамбет, яғни менді, бақытты Мұхамбет. Синонимі — Меңдіахмет. Қысқартып айту тұлғалары — Қалмат, Қалмақан, еркелете айтылатын түрі — Қалқен, Қалтай.
 
ҚАЛЫБАЙ - оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.
 
ҚАЛЫБЕК - онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.
 
ҚАМАР - араб тілінен алынған — хамар — ай.
 
ҚАМБАР - араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
 
ҚАНАҒАТ - араб тілінен алынған қанаат - барға ырза болушылық, ырзалық.
 
ҚАНАТ - бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.
 
ҚАПБАС - (қараныз: Аббас).
 
ҚАППАС - (қараңыз: Аббас).
 
ҚАПЫЗ - (қараңыз: Абыз).
 
ҚАРАМАН - қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.
 
ҚАРАСАЙ - қара —  ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен  Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі
 
ҚАРАТАЙ - қара — ірі, үлкен, зор + тай - көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.
 
ҚАРМЫС - көне түркі тілінде қармыш — халық, бұхара, көпшілік.
 
ҚАРШЫҒА - бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.
 
ҚАСИМАН - араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше  + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.
 
ҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасим —  сұлу, әдемі;  таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.
 
ҚАТИФ - араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.
 
ҚАҺАРМАН - араб тілінен алынған гаһарман —  ер, батыр;   күшті, қуатты. алып.
 
ҚИРАБАЙ – араб тілінен хира —  тандау;   ең жақсы, тандаулылар + бай.
 
ҚИСА  - (қараңыз: Айса).
 
ҚИСАМЕТДИН,  ХИСАМЕТДИН - араб тілінен алынған —  әдемі, тамаша;  жақсы, жарасымды.
 
ҚИСАН - араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.
 
ҚИЯС - араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату;   баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.  
 
ҚОБДАБАЙ - қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.
 
ҚОБЫЛАНДЫ – қазақтың сөзінен қаблан —  ауыспалы мағынасы  ер, ержүрек, батыл. Қазақ эпосындағы белгілі батыр есімі. Қысқартылып Қобылан, Қоблан деп айтылады.
 
ҚОҒАМБАЙ - бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ҚОЖА - араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.
 
ҚОЖАҚ - көне түркі тілінен - үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
 
ҚОЖБАН - көне түркі тілінде - өте ірі, дәу.
 
ҚОЗЫ - балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.
 
ҚОЙЛЫБАЙ - қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ҚОЛДАС - қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.
 
ҚОНАҚБАЙ - (қараңыз: Мейманбай).
 
ҚОРҒАНБЕК - бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ҚОСАЙ - қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
 
ҚОСЫН - араб тілінен  -  сұлулық, әдемілік, көркемдік;   қайырым;    қазақ сөзі — әскер.  
 
ҚОСЫНБАЙ  - (қараңыз: Үдербай).
 
ҚОШҚАРБАЙ - бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.
 
ҚУАН - ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.
 
ҚУАТ – күш, жігер, қайрат.
 
ҚҰБАН - иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.
 
ҚҰДАЙБЕРГЕН - иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.
 
ҚҰЛЫНШАҚ - құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.
 
ҚҰМАР - араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.
 
ҚҰРАЛБЕК -  моңғол  тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.
 
ҚҰРМАН - араб тілінен  — құрбандық;  құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.
 
ҚҰРМЕТ - араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.
 
ҚҰРЫШЖАН - араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл  + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.
 
ҚҰСАЙЫН - араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем;  қайырымды іс, жақсылық;  Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы.  Түрі — Хұсайын.
 
ҚҰТЕЛ - көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).
 
ҚЫДЫР - араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен