Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                          на русском

Ибат......Иса

ИБАТ - араб тілінен алынған һібәт, һибат — сый, сыйлық тарту.
 
ИБРАГИМ - көне еврей тілінен келген Авраам есімінің айтылу түрі. Ел ағасы деген мағыналы есім.  түрлері — Ыбрайым, Ыбрай, Ыбыш, Ыбыкен, Ыбыраш.  
 
ИГЕНБАЙ -  құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.  
 
ИГІЛІК - қайырымды іс, жақсылық.
 
ИГІСІН - жақсы, қайырлы.
 
ИДАЯТ  - (қараңыз: Ғидаят).
 
ИЗАТБЕК - араб тілінен алынған — иззат — даңқ, атақ + бек. Аса даңқты, атақты.  
 
ИКРАМ - араб тілінен алынған — икром — ізет, құрмет, сый, қадір.
 
ИНАЯТ - (қараңыз: Ғинаят).
 
ИСА - көне еврей тілінен келген Ииеустың арабша айтылу түрі — құдай сыйы, құдай құтқарады. Синонимдері — Айса, Ғайса, Ғайсын. Біріккен тұлғалы есімдер — Исаділ, Исалы, Исахмет, Исабай, Исабек, Исағали, Исатай, Исажан, Исахан.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен