Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                           на русском

Гауһар......Гүлшаш

ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.
 
ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.
 
ГҮЛАЖАР - көркі гүлдей жайнаған қыз.
 
ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.
 
ГҮЛАЙЫМ - иран тілінен  — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.
 
ГҮЛБАНАТ - тәжік тілінен    - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.
 
ГҮЛБАНУ - тәжік тілінен   — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.
 
ГҮЛБАРАШ - иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.
 
ГҮЛБАХРАМ - араб тілінен  — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.
 
ГҮЛБОЛСЫН - тәжік тілінен алынған  гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.
 
ГҮЛҒАЙША - тәжік тілінен алынған  гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.
 
ГҮЛДАНА - тәжік тілінен   — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.
 
ГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.
 
ГҮЛЖӘМИЛА - иран және  араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.
 
ГҮЛЖЕҢІС - жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.
 
ГҮЛЗАРИФА - иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.
 
ГҮЛЗИПА - зипа иран тілінен алынған  зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.
 
ГҮЛМАРИЯ - иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.  
 
ГҮЛМИРА - иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен  мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.
 
ГҮЛНАЗ - иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.
 
ГҮЛНАР - иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.
 
ГҮЛНАФИСА - иран және араб тілдерінен алынған  — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.
 
ГҮЛНИСА - араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.
 
ГҮЛНҮР - иран  және  араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.
 
ГҮЛСАНАТ - иран  және  араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.
 
ГҮЛСАРА - иран және араб тілдерінен  - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.
 
ГҮЛСИПАТ - иран және араб тілдерінен  - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.
 
ГҮЛШАР - иран тілінен алынған шар  + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.
 
ГҮЛШАРА - иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.
 
ГҮЛШАРУАН - гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.
 
ГҮЛШАТ - иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.
 
ГҮЛШАШ  - (қараңыз: Сұлушаш).


←кері қайту



Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен