Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                         на русском

Ғаббас......Ғұмар

ҒАББАС  - (қараңыз: Аббас).  
 
ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен  - қадірлі, құрметті.
 
ҒАБИТ – араб тілінен  - қызмет етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғабитхан, Ғабитжан, Ғабитбек, Ғабитан және т. б. Дыбыстық өзгерген түрі — Қабден.
 
ҒАЗИЗ  - (қараңыз: Әзіз).  
 
ҒАЗИЗБЕК - араб тілінен алынған ғазиз + қазақ тілінен алынған бек, аса сүйкімді, қымбатты.
 
ҒАЗИ - араб тілінен  — қосын, әскер.
 
ҒАЙСА  - (қараңыз: Айса).
 
ҒАЛИ  - (қараңыз: Әли).  
 
ҒАЛИАҚПАР - араб тілінен алынған ғали — қымбатты + акпар — үлкен, зор, құрметті, жоғары мәртебелі.
 
 
ҒАЛИАСҚАР - араб тілінен алынған ғали + асқар. Аса мәртебелі, құрметті
 
ҒАЛЫМ - араб тілінен - үлкен оқымысты, көп білетін білгір ғұлама.
 
ҒАЛЫМБЕК - араб тілінен алынған ғалым + қазақ тілінен алынған бек, аса білікті, оқымысты.
 
ҒАЛЫМЖАН - араб тілінен алынған ғалым  + иран тілінен алынған жан сөздерінің негізінде жасалған біріккен тұлғалы есім.
 
ҒАНИ - араб тілінен алынған бай, дәулетті, ауқатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғанибай, Ғанибек.
 
ҒАППАР , ҚАФФАР - араб тілінен алынған гафар — кешірімді, мархабатты.
 
ҒАППАС -  (қараңыз: Аббас).
 
ГАРИФОЛЛА - араб тілінен  — жәрдем беруші, демеуші.
 
ГАФАР - араб тілінен  кешірімді, мархабатты.
 
ГАФУ - араб тілінен  — кешіру, кешірім.
 
ҒИДАЯТ - араб тілінен  — мерекелік сыйлық. Түрі — Идаят.
 
ҒИЗАТ - араб тілінен  — құрмет, сый, адал, құрметті, қадірлі.
 
ҒИНАЯТ - араб тілінен алынған — инаетъ — қайырымдылық, жомарттық, алғыс. Өзгеріскен түрі Инаят.
 
ҒЫЛМАН - араб тілінен алынған ғұлам сөзінің көпше түрі — қызметші, бозбала, жас жігіт.
 
ҒҰМАР - ар ғомар — ғұмыр, тіршілік.

кері қайту

 


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен