Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                                на русском

Дайана......Ділдә

ДАЙАНА - латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.
 
ДАМИРА – жаңа  есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».
 
ДАНА - иран тілінен  — білгір, данышпан.
 
ДАНАГҮЛ - иран тілінен  — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.
 
ДАРА - қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ДАРИҒА - иран тілінен  — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз,  керемет, тамаша деген мағыналы есім.
 
ДАРИЯ - иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.
 
ДӘЛИЛА - араб тілінен  — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.
 
ДӘМЕЛІ - үмітті, үміткер.
 
ДӘМИНА - араб тілінен  — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.
 
ДӘНЕШ - иран тілінен  — білім, ғылым.
 
ДИДАРА - иран тілінен  — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ДАНЕШ - иран тілінен  — знание, наука.
 
ДИЛА – грузин тілінен  — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ  - парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА - араб тілінен - алтын тиын, ақша.
 
ДҮНИЯ - араб тілінен алынған дунйа —  әлем, жер жүзі;    өмір, тіршілік.
 
ДҮРИЯ - иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.
 
ДІЛАРА - иран тілінен  - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.
 
ДІЛБАРА - иран тілінен  - сүйікті, өте сұлу.
 
ДІЛДӘ - араб тілінен  —  алтын ақша;   таза алтын.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен