Рейтинг@Mail.ru

 Қазақ ерлер есімдері                                                                   на русском

Дабыл......Ділдабек

ДАБЫЛ – ұран, даңқ
 
ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.
 
ДАДАБАЙ - иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай.  Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.
 
ДАЙРАБАЙ - дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.
 
ДАЙЫН - әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.  
 
ДАЙЫР - араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек;  қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.  
 
ДАЛЕР -  тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.
 
ДАМЫЛ - тыныштық, бейбітшілік.
 
ДАНАЙ - иран тілінен алынған данаш —  білім, ілімгерлік;  даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.
 
ДАНАЛЫҚ - иран тілінен  — білімділік, данышпандық.
 
ДАНЕШ - иран тілінен  — білім, ғылым.  
 
ДАНИЯЛ - араб тілінен  — тәңір сыйы.
 
ДАНИЯР - иран тілінен  — жақын, таныс.
 
ДАНЫШПАН  - араб тілінен  — ойшыл, дана.
 
ДАНДАЙ - ұлы, зор.
 
ДАРАС -  жеке, айрықша
 
ДАРХАН - көне түркі тілінен  тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Дарханбай, Дәркенбай.
 
ДАРЫН - қазақ тілінен  — талант, кабілет.
 
ДАСТАН - иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.
 
ДАУЫЛБАЙ - дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.
 
ДӘЛБЕК - бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.
 
ДӘМЕН - араб тілінен  —  жылдам, тез;   күшті, берік.
 
ДӘРМЕН - иран тілінен  — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.  
 
ДӘУБЕК -  үлкен, күшті деген мағыналы есім.
 
ДӘУЛЕН - үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.
 
ДӘУЛЕТ - араб тілінен  -  байлық, бақыт;  мемлекет, держава, империя.
 
ДӘУЛЕТБАЙ - дәулетті, ауқатты.
 
ДӘУЛЕТБАҚ - араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.
 
ДӘУЛЕТКЕЛДІ  - араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.
 
ДӘУЛЕТШЕ - араб тілінен алынған дәулет  + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.
 
ДӘУРЕН - араб тілінен  - уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.
 
ДӘУІР - араб тілінен алынған - доур - кезең, цикл.
 
ДӘУІРБЕК – өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.
 
ДӘУІТ - көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.
 
ДЕГДАР - иран тілінен алынған дәһдар - бастық, ел басқарушы.
 
ДЕМЕЖАН – қазақ есімі деме + жан. Демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.
 
ДЕМЕСІН - баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.
 
ДЕМЕУ - қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.
 
ДЕРБІСӘЛІ - араб тілінен алынған -  Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде — дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.
 
ДИАС – испан тілінен алынған — күн, күндіз. Испания кетерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас күрметіне 1936 ж. қойылған есім.
 
ДИБАЙ - иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.  
 
ДИДАР - иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.
 
ДИДАРБЕК - иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.
 
ДИҚАНБАЙ – тәжік тілінен алынған диһан - шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.
 
ДИЯР - араб тілінен — ел, облыс, аймақ.
 
ДИЯРБЕК - араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.
 
ДОДАБАЙ - иран тілінен алынған додо —      үйілген, жиылған;  жиын, көпшілік + қазақтың сөзі  бай.
 
ДОДАН - үлкен, зор.
 
ДОЙМАН - қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты  + иран тілінен алынған ман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.
 
ДОС - иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.
 
ДОСАЙ - (қараңыз: Айдос).
 
ДОСАҚ - араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.
 
ДОСӘЛІ - араб тілінен алынған дос  + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.
 
ДОСБАЙ - досқа кең, бай адам деген мағынада.
 
ДОСБОЛ  - (қараңыз: Жарбол).  
 
ДОСБЕРГЕН - араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.
 
ДОСЖАН - адал, таза адам.
 
ДОСМАТ , ДОСМҰҚАН - иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.
 
ДОСЫМ -  жан серігім, жолдасым.
 
ДОСЫМБЕК - досы көп адам.
 
ДОСЫМЖАН - менің жан досым деген мағынадағы есім.
 
ДОЯН  - (қараңыз: Ноян).
 
ДӨНЕНБАЙ -  моңғол  тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.
 
ДУАНБАЙ - иран тілінен алынған диуан - қала, кент;    белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.
 
ДУБАЙ - атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.
 
ДУДАР - бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.
 
ДУМАН - бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ДҮЙМАҒАМБЕТ - иран тілінен алынған ду - екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.
 
ДҮЙСЕН - иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі - Дүйсек.
 
ДІЛДАБАЙ - иран және араб тілдерінен алынған  тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.
 
ДІЛДАБЕК - иран тілінен - алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.


кері қайту

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен