Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                 на русском

Берен......Бірлік

БЕРЕН - асыл құрыш.
 
БЕРЖАН -  бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
 
БЕРКІН - берік, мықты бол сөзінін қысқаша   тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
 
БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер  + араб тілінен алынған кейр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.
 
БЕРНАР - бер + нар - күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
 
БЕРІК - мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
 
БЕРІКБАЙ - (қараңыз: Мығым)
 
БЕСБАЙ - балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
 
БИАХМЕТ - қазақ тілінен алынған би - әкім  + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.
 
БИБАТЫР - қазақ тілінен алынған би + батыр.
 
БИҒАЛЫМ - қазақ тілінен алынған би - үлкен  + араб тілінен алынған ғалым.
 
БИДАЙБЕК - бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
 
БИЖАН - билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
 
БИМАН - би  + иран тілінен алынған ман - адам, яғни әкім адам.
 
БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би  + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.
 
БОДАН - көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.
 
БОЗАЙ - тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз:  ақшыл-сарғылт, ашық-қылан түс;   құрғақ сор жер;  ауыспалы мағына жас өспірім боз бала;   жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.
 
БОЗДАҚ - жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
 
БОЛАТ - иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.
 
БОЛАТБЕК - иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.
 
БОЛАТЖАН - болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
 
БОЛАТҚОЖА - мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
 
БОЛҒАН - кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
 
БОЛҒАНБАЙ - кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
 
БОЛСЫНБЕК - құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
 
БОРАН - бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БОРАНБАЙ - ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.
 
БОРАНҒАЗЫ - ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
 
БОТАБАЙ - бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.
 
БОШАЙ - көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.
 
БӨПЕТАЙ - иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.
 
БӨЖЕЙ -  дана, данышпан.
 
БӨКЕЙ - батыр, ер, палуан сөзінін өзгерген түрі.
 
БӨЛЕБАЙ - туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
 
БӨЛТІРІК - бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.
 
БОРІБАЙ - бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім.  Түрі - Қасқырбай.
 
БУРА - бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.
 
БҰҒЫБАЙ - бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.  
 
БҰЗАУШЫ - (қараңыз: Тана- бай).
 
БҰҚА - (қараңыз: Танабай).
 
БҰЛАБАЙ - бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.
 
БҰЛАҚБАЙ - бұлаққа балап қойылған есім.
 
БҰЛАНБАЙ - қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.
 
БҰЛДЫБАЙ - дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БҰЛҚЫШ - есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
 
БҰРХАН - араб тілінен  — дәлел, айғақ, себеп.
 
БҰХАРА - араб тілінен алынған бухара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.
 
БҮРКІТ - бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
 
БІЖІКЕН -  көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.
 
БІЛГІР - көп білетін, білімді, білгіш.
 
БІЛІМ - оқу, білім.
 
БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіле жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
 
БІРЛІК - ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен