Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                            на русском

Байсан......Бәкір

БАЙСАН - біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
 
БАЙСАРЫ - бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі - Сарыбай.
 
БАЙСЕРКЕ - бай + серке, түрі — Серкебай.
 
БАЙСҰЛТАН - қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.
 
БАЙТАҚ —  ұшы-қиыры жоқ кең, шексіз;  шамадан тыс көп, өте мол.
 
БАЙТАС - адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙТЕМІР - баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙТУ - бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
 
БАЙТУҒАЙ - бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙТҰР - бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық-береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙШЫ - байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.
 
БАЙЫР - бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.
 
БАЙЫЗБАЙ - араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.
 
БАҚАЙ - араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.
 
БАҚҚОЖА - араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс  + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын.
Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.
 
БАҚИ - араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.
 
БАҚТАЛАП - араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАҚТАРАЙ - араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.
 
БАҚТИЯР - иран тілінен  — бақытты, кұтты.
 
БАҚТЫБАЙ - араб тілінен  — бақытқа бай, бақытты.
 
БАҚЫТЖАН - араб тілінен алынған бәхт  + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.
 
БАҚЫТЖАР - араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі  жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАҚЫТҚАЛЫ - (қараңыз: Оразалы).
 
БАҚЫТКЕЛДІ - (қараңыз: Оразгелді).
 
БАҚЫТБЕК - (қараңыз: Оразбек).
 
БАЛАБАЙ -  бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЛАҚАЙ - бала сөзінің еркелетіп айту түрі.
 
БАЛАХМЕТ - араб тілінен алынған бала —  жүрек, жан, ес, ой, зейін;    қанат, қол + ахмет. Ата-ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.
 
БАЛҒАБЕК - балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.  
 
БАЛҒОЖА – араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа - жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.
 
БАЛҚЫ, — елжіреу, насаттану. Біріккен тұлғалы түрі — Балқыбек.
 
БАЛМҰҚАН - араб тілінен алынған бал  + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.
 
БАЛТА - бала өткір, қайтпас-қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Балтабек. Еркелете кысқартып айтылған түрі - Балташ.
 
БАЛУАНҒАЛИ - иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан  + араб тілінен алынған ғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.
 
БАПА - араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық;  толықтык;  сөзде тұру, уәдені орындау.
 
БАРАТ - араб тілінен алынған бара - босаған, тыныс алған.
 
БАРАҚ - араб тілінен алынған бәррақ — баррақ - жарқыраған, құбылған.  
 
БАРЖАҚСЫ - барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
 
БАРИ - араб тілінен алынған бари - жаратушы.  
 
БАРЛАС - моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.  
 
БАРЛЫБАЙ – қазақтың сөзі бар - үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
 
БАРЫС -  жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң;  көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
 
БАСАР -  өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.
 
БАСҚАН - баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.
 
БАСТАУБАЙ - бастау + бай, бастаудай мөп-мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
 
БАСЫМ - күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
 
БАТТАЛ - иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.
 
БАТТАЛХАН - иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған  хан — өткір, өжет, батыл хан.
 
БАТЫР - қазақ тілінен алынған каһарман - батыл, ер жүрек.
 
БАТЫРАЛЫ - батыр  + араб тілінен алынған алы , ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.
 
БАТЫРБЕК - батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
 
БАТЫРҚАН -  әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
 
БАТЫРЛАН - өжеттену, ер жүректене түсу.
 
БАТЫРША -  батыр +  ша , шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.
 
БАУБЕК - өмір-жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
 
БАУЫРЖАН - ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЯЗИТ - араб тілінен  Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.
 
БАЯН - араб тілінен  — анық, ашық. Алаңсыз, бақытты деген мағынаны білдіреді.
 
БАЯНДЫ - тұрақты, табанды.
 
БАЯТ - араб тілінен — хак, ақшыл түсті.
 
БӘКІР - араб тілінен  — зерттеуші.

БӘШІР - араб тілінен  — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.
 
БЕГЕШ - көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.  
 
БЕДЕЛБАЙ - даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
 
БЕДЕЛБЕК , БЕДЕЛХАН - беделі, абырой-атағы мықты, зор.
 
БЕКБАУ  - (қараңыз: Баубек).  
 
БЕЙБІТ - иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.
 
БЕЙБІТЖАН - иран тілінен алынған - бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.
 
БЕЙҚАН – азербайжан, түрік тілдерінен алынған  бей + бек сөзінің варианты + қан (хан), демек, есімнің мағынасы — мықты дегенді білдіреді.
 
БЕЙҚҰТ - иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.
 
БЕЙСЕНБІ – иран, тәжік тілдерінен алынған  — бес + шамбэ — күн, календар бойынша аптаның төртінші күні, сол күні туылған балаға осындай ат беріліп отырған. Күрделі тұлғалы есімдер — Бейсеналы, Бейсенбай, Бейсенбек, Бейсенғали. Еркелете — қысқартылып айтылатын түрі — Бейсен.
 
БЕЙІМБЕТ - Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.
 
БЕЙІС - иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы  мықты, берік.
 
БЕГАЙДАР -  қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар —  балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
 
БЕКБАЙ – мықты, зор, бай.
 
БЕКБАТЫР -  бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.
 
БЕКБЕРГЕН - бек + берген.Өмір-жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.
 
БЕКБОЛ -  баланың өмір-жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.
 
БЕККБОЛАТ - бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
 
БЕКДАЙЫР - бек  + араб тілінен алынған дайр - дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.
 
БЕКЕЖАН – қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. Адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.
 
БЕКЕЙ - бекем бол, мықты бол.
 
БЕКЕМБАЙ - бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.
 
БЕКЕШ – азербайжан, түрік тілдерінен алынған  — Бекеш , Бекіш — хан ұлы. Бұл есім Бекембай, Бекмырза, Бекқали сияқты есімдердің еркелете-қысқартып айтылған түрі.
 
БЕКЖАН - қазақ тілінен алынған бек  + тәжік тілінен алынған  жан. Мықты, берік, қайратты адам.
 
БЕКЖАСАР - бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
 
БЕКЖІГІТ -  мықты, күшті, берік жігіт, азамат.
 
БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат , зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.
 
БЕККЕЛДІ - өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
 
БЕКҚАЛИ - бек  + араб тілінен алынған ғали - мықты, күшті.
 
БЕКЛАН - бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
 
БЕКМҰХАМБЕТ - бек - күшті  + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед.  өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.
 
БЕКМҰРАТ - қазақ тілінен алынған бек  + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман-тілегі зор деген мағынада.
 
БЕКНАЗАР - бек  + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.  
 
БЕКНАР - бек — өте, әсіре  + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
 
БЕКНИЯЗ - қазақ тілінен алынған бек — күшті,  + иран тілінен алынған ниязь —  өтініш, тілек;   үміт;   сый, тарту.
 
БЕКСЕЙІТ - бек — күшті, мықты  + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім;  құрметті, қадірлі.
 
БЕКСҰЛТАН - қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
 
БЕКТЕМІР - бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БЕКТЕМІС - бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
 
БЕКТЕН - мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
 
БЕКТҰР - бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
 
БЕКТҰРҒАН - бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
 
БЕКТҰРСЫН - бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
 
БЕКТІЛЕУ - қазақ тілінен алынған бек - өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
 
БЕКІН - мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
 
БЕЛАСАР - тірек, күш.  
 
БЕЛАСЫЛ - ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
 
БЕЛБЕРДІ - бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
 
БЕЛГІБАЙ - белгі - көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
 
БЕЛЕС - асу, шоқы.
 
БЕРГЕН -  ер бала туды деген мағынадағы есім.
 
БЕРДЕН - бер + қосымша ден.
 
БЕРДИЯР - қазақ тілінен алынған берді  + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.
 
БЕРДІ - сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
 
БЕРДІМҰРАТ – қазақ тілінен алынған берді  + араб тілінен алынған мурад — тілек, мақсат. Мұраты орындалды деген мағыналы есім.
 
БЕРДІНИЯЗ - қазақ тілінен алынған берді  + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қыскартып айтылатын түрі — Бернияз.
 
БЕРЕКЕ - ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен