Рейтинг@Mail.ru

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                                на русском

Бағила......Бүлдіршін

БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.
 
БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ , бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.
 
БАЗАРАЙЫМ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.
 
БАЗАРГҮЛ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.
 
БАҚТЫГҮЛ - араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.
 
БАЛАУСА - өндірдей жас.
 
БАЛБАЛА —  балдай тәтті бала деген мәнді есім;   араб тілінен бал - парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.
 
БАЛГҮЛ - балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.
 
БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі –Балғын.
 
БАЛДАЙ - ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.
 
БАЛЖАН - балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.
 
БАЛЫМ - менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.
 
БАЛҚАДИША - ақылды Қадиша.
 
БАЛШЕКЕР - бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАНУ - араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.
 
БАТСАЙЫ - жолақты жібек мата.
 
БАЯН - көне түркі,  моңғол  тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.
 
БАЯНСҰЛУ - ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.
 
БӘДЕР - араб тілінен алынған бәдр — толық ай.
 
БӘДІГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен  - теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете-қысқартып айту түрі — Бәдеш.
 
БӘДИҒА - араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.
 
БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.
 
БӘЗИЛА  - (қараңыз: Фазила).
 
БӘКИЗАТ - иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.
 
БӘКІБАЛА - иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.
 
БӘЛИҒА - араб тілінен  — есейген, ержеткен қыз.
 
БӘЛИЯ - араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.
 
БӘТЕС – орыс тілінен батист - жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БЕЙБІТГҮЛ - бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.
 
БЕКДАНА – қазақ сөзі бек  + иран тілінен алынған дана - білгір, яғни нағыз дана, данышпан.
 
БЕКСҰЛУ - тым сұлу, аса көрікті.
 
БИБІ - иран тілінен  — үй иесі, азаматша.
 
БИБІГҮЛ - иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гул. Гүл жайнаған ханым.
 
БИБІНҰР - иран тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.
 
БИБІСАРА - иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.
 
БИБІХАНЫМ - ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.
 
БИБІЖАМАЛ - иран тілінен  — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.
 
БОТА - түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.
 
БОТАКӨЗ - ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.
 
БҰЛБҰЛ - иран тілінен  — сандуғаш.
 
БҮБІ  - (қараңыз: Айбибі).
 
БҮБІШ  - (қараңыз: Айбибі).
 
БҮБІХАН  - (қараңыз: Айбибі).  
 
БҮЛДІРШІН - өте жас, өндірдей жас.


←кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен