Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                                                                  на русском

Баба......Байсал

БАБА - иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз.
 
БАБАҒАЛИ - иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғали, яғни Ғали ата.
 
БАБАҒОЖА - иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғожа , хожа - яғни үлкен қожа.
 
БАБАЖАН - иран тілінен алынған бобо + жан. Атаның сүйікті жаны, адамы.  
 
БАБАҚАН - иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан ( хан) яғни үлкен, ата хан.  
 
БАБАНИЯЗ - иран тілінен алынған бобо + нияз —өтініш, тілек;   үміт, сый, тарту. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Бабатай, Бабаш.
 
БАБАС - азербайжан тілінен алынған бабасы — атай, үлкен әке.
 
БАҒАШАР - иран тілінен алынған бәхт + қазақ тілінен алынған ашар. Бағы ашылған, құт қонған, ырысы бар.
 
БАҒДАТ - иран тілінен алынған бағ (баг) + дад — сый, сыйлық.
 
БАҒЫБАЙ - араб тілінен алынған бәхт + қазақ сөзі бай. Бақытты адам деген мағыналы есім. Түрі — Бағыбек.
 
БАҒЛАН - қазақ тілінен -  ерте туып, жетілген қозы.  Ауыспалы мағына - жайнаған жас.
 
БАДАМБАЙ - иран тілінен алынған бадам — оңтүстікте өсетін жеміс ағашы, соның жемісі.
 
БАЗАН – араб тілінен - бассейн.
 
БАЗАР – иран тілінен - мейрам, базар күні, сауда-саттық орны.
 
БАЗАРБАЙ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі бай. Өмірі қуаныш пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЗАРЛЫ - иран тілінен алынған базар +араб тілінен алынған ғали немесе әлі. Өмірі тамашаға пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі – Базарғали.
 
БАЗЫЛ - араб тілінен алынған базл – жомарттық, мырзалық, сый тарту. Түрлері – Фазыл, Пазыл. Біріккен тұлғалы есімдер – Базылбек, Фазылбек, Фазылхан, Пазылбек.
 
БАЙ - бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.  
 
БАЙАРЫСТАН - арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙАХМЕТ – қазақтың сөзі бай + араб сөзі - ахмет. Мақтауға лайық.
 
БАЙБАҚТЫ - дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.
 
БАЙБАРЫС, БЕЙБАРЫС - бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.
 
БАЙБЕК - бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.
 
БАЙБОЛ - бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙБОЛАТ - бала ауқатты, бай болады деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙБОЛДЫ - мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.
 
БАЙБОСЫН , БАЙБОЛСЫН - бала дәулетті, күйлі-қуатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙБӨРІ - көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.
 
БАЙҒАЛИ - қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.
 
БАЙҒАНАТ - бай + қанат, яғни сүйенері, тірегі көп, туысы мол деген мағынада қойылған есім.
 
БАЙҒАНИ - қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.
 
БАЙҒОЖА - қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа - қожайын, мырза, ұстаз.
 
БАЙДӘУЛЕТ - дүниеге, байлыққа, бакытқа бай деген мағынадағы есім.
 
БАЙДАР - байлықтың қожасы, иесі.
 
БАЙДІЛДА – қазақтың сөзі бай + араб сөзі дилла - алтын, алтын ақша, яғни алтынға, алтын ақшаға бай болсын деп қойылған есім. Еркелете, қысқартып айту тұлғасы — Байдаш.
 
БАЙЖАН - қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.
 
БАЙЖАНБАЙ –  жанға, адамға бай болсын, баланың жолдастары, туған-туыстары көп болсын, бай болсын деген тілекпен қойылады.
 
БАЙЖАРАС, - байлығы жарассын деген мағынаны білдіретін есім.
 
БАЙЖОЛ - баланың өмір-жасы, өмір жолы ұзақ бөлсын деген тілекпен қойылған.
 
БАЙЖІГІТ - дәулетгі азамат, нағыз жігіт болсын деген мағынаны білдіреді.
 
БАЙЗАҚ -  бай + зақ —ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір-жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
 
БАЙҚОШҚАР -  бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.
 
БАЙҚҰТ -  ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.
 
БАЙҚҰТТЫ - бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.
 
БАЙЛЫ -  бақытты, асқан бай, дәулетті.
 
БАЙМАҒАМБЕТ - қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.
 
БАЙМАДИ – қазақтың сөзі бай + арабтың сөзі мади. Мадит — ұзақ, ұзын. Бала жасы ұзақ болсын, көп жасасын деп қойылған есім.
 
БАЙМАН - қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.
 
БАЙМҰРАТ – қазақтың сөзі бай  + араб тілінен алынған мурад — мұратына жеткен бай.
Түрі — Мұратбай.
 
БАЙМЫРЗА – қазақтың сөзі бай  + иран тілінен алынған мырза. Түрлері — Мырзабай, Мырзабек.
 
БАЙНАЗАР - қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған назар — ықылас, іңкәр, көзқарас.
 
БАЙНҰР - қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған нұр. Нұры жанған, бағы асқан адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
БАЙСАЛ - сабырлылық, тыныштық, табандылық.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен