Алмабай......Аян                                                                                        на русском

АЛМАБАЙ – қазақ есімі, алма сияқты әдемі, көрікті, сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Алматай, Алмабек.
 
АЛМАС - иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.
 
АЛМҰРТ - иран тілінен алынған жеміс атынан қойылған есім.
 
АЛПАМЫС - алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
 
АЛПАР - алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
 
АЛПЫСБАЙ - бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
 
АЛТАЙ -  моңғол  тілінен келген алтан — алтын, тай-таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.
 
АЛТЫБАЙ - саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
 
АЛТЫНБЕК - қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
 
АЛТЫНСАРЫ - қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
АМАН - араб тілінен алынған әмен — сау, есен, саламат. Еркелетіп айтылатын түрі - Амантай. Біріккен тұлғалы есімдер — Аманбай, Амандық, Аманбек, Аманғали, Аманжол және т. б.
 
АМАНБАЙ - араб тілінен алынған аман + бай. Есен-сау бол. Синонимі — Есенбай.
 
АМАНГЕЛДІ - араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман-сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді
Иманов есімі ретінде, онын құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.
 
АНАРБАЙ - иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.
 
АНДАС - араб тілінен алынған — дос, жолдас.
 
АҢСАҒАН - қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
 
АҢСАР - қазақ есімі,  сағынатын, зарығатын.
 
АППАҚ – қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.
 
АРАЙ – қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.
 
АРАЛБАЙ - Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.
 
АРБЕК – қазақ есімі, ар-ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.
 
АРБОЛ - қазақ есімі,  Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
 
АРҚАТ - қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
 
АРМАН - иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.
 
АРСЕН - грек тілінен алынған арсений — батыл, ер-жүрек.
 
АРТЫҚ – қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. Біріккен тұлғалар — Артықбай, Артыққали.
 
АРЫН – қазақ есімі — қарқын, екпін, жігер. Біріккен тұлғалар — Арынбай, Арынбек.
 
АРЫНҒАЗЫ – қазақ сөзінен арын + араб сөзінен ғазы — әскер, жауынгер біріккен есім. Батыл, жігерлі, қайратты жауынгер. Ғазы сөзі — Иманғазы, Нұрғазы, Ерғазы, Серғазы, Жанғазы сияқты біріккен тұлғалы кісі аттарын жасауға қатысты сыңар сөз.
 
АРЫНДЫҚ – қазақ есімі - қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.
 
АРЫСБАЙ – қазақ есімі - Арыс өзені атынан қойылған есім.
 
АРЫСТАН - қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
 
АСАБАЙ - қазақ тілінен алынған — шектен асқан бай адам.
 
АСАН - араб тілінен алынған хасан - сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.
 
АСҚАН – қазақ есімі, бәрінен артық, ерекше.
 
АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың;  тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.
 
АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.
 
АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі;  иран жыл санауындағы ай аты.
 
АСХАТ - араб тілінен алынған асхад - ең бақытты, құтты, ырысы мол.
 
АСЫЛ - араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.
 
АТА - бұл сөз кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеп, сыйлау мағынасында айтылған.
 
АТАБАЙ – қазақ есімі — белгілі, атақты, дәулетті адам.
 
АТАБЕК -  қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII—XVIII ғ.ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.
 
АТАЛЫҚ - қазақ есімі — атаға тән, атанікі.
 
АТАМҰРАТ - қазақ тілінен алынған — атанын мұраты, мақсаты.
 
АҒАНИЯЗ - қазақ тілінен алынған ата + иран тілінен алынған нияз - өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Бала ата тілегі, ата үмітін ақтасын деген тілекпен қойылған есім.
 
АТЫМТАЙ - араб тілінен алынған хатим — жомарт, мырза.
 
АХАТ - араб тілінен алынған — жалғыз, жалқы.
 
АХМАР – араб тілінен алынған — қызыл.
 
АХМЕДИЯР - араб тілінен алынған — мақтауға лайық ер.
 
АХМЕТ - араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайык.
 
АХМЕТСАФА – араб тілінен алынған ахмад — мақтаулы, мақтауға лайық, сафа — таза, пәк, яғни, «нағыз мақтаулы, әбден мақтауға лайық адам» деген мағынаны білдіреді.  
 
АХРАМ - араб тілінен алынған — нағыз жомарт.
 
АЯН – қазақ есімі — көпке белгілі, жұртқа мағлұм.


кері қайту

келесі бет →

 


БастыБет       Дәстүрлер       Тағамдар      ҰлттықОйындар    ЖігіттіңҮшЖұрты     Қолөнер      Әндер        МақалМәтелдер      Бата       Жұмбақтар        ЫрымТыйымдар      М.Мақатаев      ШешендікСөздер     Есімдер        ТөртТүлік       Қазақтар       Ертегілер      Мақалалар       Ойындар      


Армысыз, біздің қадірлі қонағымыз! Сіз біздің сайтымыздан өзіңізге пайдалы әрі қызықты мағлұмат ала алатын зор мүмкіндігіңіз бар деген сенімдеміз.

Оған қоса, сіз өзіңіздің сипаттамасы бар фотосуреттеріңізді, тақырыбы біздің сайтпен байланысты, яғни қазақтың салт-дәстүрлер, ауыз әдебиеті туралы, Қазақстан жайлы, қызықты адамдар және т.б. – біздің отандастарымыз жайлы мақалаларыңызды жіберуіңізге болады (zhikhanger@mail.ru). Біз мақалаларыңызды сіздің авторлығыңызды сақтай отырып, біздің сайт парағында орналастыра аламыз. Өзіңіздің толық  аты-жөнінізді, әлеуметтік мәртебеңізді (оқушы, мұғалім, тілші және т.б.), жұмыс істейтін немесе оқу оқитын орныңызды жазуды ұмытып кетпеңіз.

Яндекс.Метрика