Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері

Айрат......Ален                                                                                                  на русском

АЙРАТ -  араб тілінен алынған - құрметті, қадірлі.

АЙСА – көне еврей араб есімі. Ғайса — Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде Ғайса, Қиса, Иса түрінде кездеседі.

АЙСАУЫТ -  ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.

АЙСҮГІР – қазақ есімі. Ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.

АЙТАҚЫН - араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы,  иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер - Айтбай, Айтжан, Айтбек.

АЙТАН - қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.

АЙТАС -  ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙТЕМІР - ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

АЙТҚАЛИ – араб есімі эйдъ — айт мейрамы, ғали — жоғары, биік деген мағынаны білдіретін сөздерінен жасалған есім. Бала келешекте ең кұрметті, жоғары мөртебелі болсын деген ұғымда қойылып отырған.

АЙТУАР - қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.

АЙТУҒАН – қазақ есімі. Ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.

АЙТУДЫ  - (қараңыз: Сарман).

АЙШУАҚ – қазақ есімі. Ай сияқты сәулелі, жарық, көнілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙШЫҚ – қазақ есімі.  Туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.

АҚАЙ - қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.

АҚАН - иран тілінен алынған  аһен — темір.

АҚАТ - араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.

АҚБАЙ - қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.

АҚБЕРДІ – қазақ сөзінен ақ немесе  араб сөзінен хәққ — сый, тарту + қазақ сөзі, берді; яғни ағынан берді. Еркелетіп айтылатын түрі — Ақтай.

АҚБОЛАТ – қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен   болат  - құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.

АҚЕДІЛ - өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.

АҚЖАН -  қазақ есімі  адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.

АҚЖАРҚЫН  - ашық жарқын жүзді, шат-шадыман.

АҚЖОЛ - өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.

АҚЖІГІТ – қазақтың ақ және жігіт  сөздері арқылы жасалған есім. Мықты, қайратты азамат деген мағынаны білдіреді.

АҚҚОЗЫ - қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.

АҚНАЗАР - есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған  нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.

АҚПАНБЕТ - ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.

АҚСҰЛТАН - есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Ал сұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.

АҚТАҢ - ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.

АҚТІЛЕК - бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.

АҚҚОЖА - қазақ тілінен  ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тілінен Ходжа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.

АҚШОРА – қазақ сөзінен ақ және көне түркі тілінен алынған шора — мырза, бек, шонжар. Ақсүйек деген мағынаны береді.

АҚЫЛБАЙ - араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.

АҚЫЛБЕК -  ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.

АҚЫН - иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы,  жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.

АҚЫНЖАН - бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.

АҚЫРАП - араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.

АЛАЙ - көне түркі тілінен— отряд, бөлім, рота, батальон, полк.

АЛАУ - шымқай қызыл түс.

АЛБАТ - араб тілінен алынған албат — түс, түрлі-түсті әң, түр.

АЛҒА -  баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.

АЛҒЫР - өжет, ержүрек.

АЛДАН – қазақ есімі. Бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім;  баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.

АЛДАР - көне түркі тілінен алынған— қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.

АЛДИЯР – араб тілінен – құданың досы немесе жұбайы. Ертеректе қазақ халқында лауазымы жоғары адамдарға (ханға т.б.) келген жұмысын баяндау үшін өзіне қарата айтылытын сөз - «алдияр».

АЛЕН  - араб тілінен  - айқын, ашық, жария.


керіЕсімдер қайту

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен