Рейтинг@Mail.ru

 

Қазақ қыздарының (әйелдерінің) есімдері                       на русском

Абира......Асылтас

АБИРА - тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.
 
АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.
 
АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.
 
АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
 
АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.
 
АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
 
АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
 
АЗА - тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
 
АИДА - араб тілінен  — пайда, сый.
 
АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
 
АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
 
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
 
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
 
АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
 
АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
 
АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.
 
АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.
 
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана - білгір, данышпан, ғалым.  
 
АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  - теңіз, үлкен өзен.
 
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
 
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
 
АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
 
АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
 
АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
 
АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
 
АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.
 
АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
 
АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.  
 
АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.
 
АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
 
АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
 
АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.
 
АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.
 
АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
 
АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
 
АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
 
АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.
 
АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.
 
АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
 
АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
 
АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
 
АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.
 
АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
 
АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.
 
АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
 
АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
 
АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
 
АҚЖІБЕК -  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
 
АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.
 
АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
 
АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
 
АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
 
АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.
 
АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.
 
АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.
 
АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.
 
АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
 
АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
 
АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
 
АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
 
АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
 
АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
 
АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.
 
АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.
 
АРДАҚ - құрмет, қадір.
 
АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.
 
АРУ - сұлу, көркем.
 
АРШАТ - араб тілінен  - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.
 
АСИЯ - иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).
 
АСЛИ - араб тілінен  — нағыз, шын. Түрі - Аслия.
 
АСПАЗИЯ - грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.
 
АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил -  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
 
АСЫЛША - асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.

АСЫЛТАС - қымбат бағалы тас.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.


←кері қайту



Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен