Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ерлер есімдері                                              на русском

Әбунасыр......Әшір

ӘБУНАСЫР - араб тілінен алынған абу - әке + наср  — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.
 
ӘБУСАДЫҚ - араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.
 
ӘБУТӘЛІП - араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші;  сұраушы;  студент.
 
ӘБІЛ - арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.
 
ӘБІЛҒАЗИЗ - араб тілінен алынған ғазиз —  күшті;  сирек, бағалы;  суйкімді, сыпайы, қадірлі.
 
ӘБІЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.
 
ӘБІЛҚАЙЫМ - араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.
 
ӘБІЛҚАЙЫР - араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.
 
ӘБІЛПЕЙІЗ - араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық;  жомарттық байлық;  жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.
 
ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде  хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді.
 
ӘДИ - араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.
 
ӘДІЛ - араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.
 
ӘБІЛҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.
 
ӘЖІБАЙ - көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
 
ӘЗЕЛ - араб тілінен алынған азил — мәнгілік, өмірлік.
 
ӘЗЕРБАЙ - иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.
 
ӘЗІЗ - араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.
 
ӘЗІЛХАН - көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.
 
ӘЗІМ - араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты;  күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.
 
ӘКПАР - араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметгі.
 
ӘКРАМ - араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.
 
ӘКІМ - араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.
 
ӘЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.
 
ӘЛИ - араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.
 
ӘЛИАЙДАР - араб тілінен алынған ғали , хәйдәр -  арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.
 
ӘЛИАСҚАР - араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.
 
ӘЛІНҰР - араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.
 
ӘЛІБИ - араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.
 
ӘЛІМ - араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана;  оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.
 
ӘЛІШЕР - араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік  + шер — арыстан.
 
ӘМЕТ - араб тілінен алынған — мерзім, шек.
 
ӘМИН - араб тілінен алынған — адал, сенімді;   кауіпсіз, игілікті.
 
ӘМІР - араб тілінен алынған —  әкім, бастық;  нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер - Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.
 
ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас.  Біріккен тұлғалы есім — Әміржан.
 
ӘНЕС - араб тілінен алынған — анис — дос.
 
ӘНУАР - арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы,  жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.
 
ӘПСАЛАМ - араб тілінен алынған гәфф + салам - қайырлы, бейбітшілік, тыныштық.
 
ӘПСАМАТ - араб тілінен алынған гәфф + сәмәд - ізгілікті, мәңгілікті.
 
ӘРІП - араб тілінен алынған әриб - қабілетті, білетін, білгір, түсінетін;  дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан.
 
ӘСЕР - араб тілінен алынған асир -  әсер;  ықпал;  ескерткіш, белгі.
 
ӘСЕТ - араб тілінен алынған асад - арыстан;  жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер.
 
ӘСКЕР - араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері - Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім - Әскербек.
 
ӘУЕЗ - араб тілінен алынған ауыз - дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан.  
 
ӘУЕЛ - араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан.
 
ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою-ернек, нақыс.
 
ӘШІМ - араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті.
 
ӘШІМБАЙ - араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
ӘШІМХАН - араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
 
ӘШІР - араб тілінен алынған ғашир —  оныншы;  мукарам айының оныншы күні туылған бала.  Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.


кері қайту


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен