Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ТҮЙЕ ІЗДЕГЕН АДАМ


 

Ертеде бір кедей жалғыз түйесін жоғалтып, соны іздеп келе жатса, алдынан екі жолаушы кездеседі.
—         Жоқ, іздеп жүр едім, көздеріңе бір түйе түспеді ме?— деп сұрайды жолаушылардан.
—         Көрмедік!— деп кетіп бара жатады да, жолаушылар кері бұрылып келіп түйе иесінен:
—         Түйеннің оң көзі соқыр ма еді?— деп сұрайды.
—         Иә, соқыр еді.
—         Алдыңғы аяғы ақсақ па еді?
—         Иә, ақсақ еді.
—         Құйрығы шолақ қой?
—         Иә, шолақ...
—         Бәсе, бірақ ондай түйені көрген жоқпыз.
Жолаушылар жөніне жүре береді.
«Түйемді көзімен көргендей барлық белгілерін айтып тұрып, көрмедік дейді. Тегі, ұрылармен әмпей-жәмпей қулар емес пе?» деп ойлаған жоқ іздеуші:
—         Әй, токтандар, қайдан көрдіндер, шындарыңды айтындаршы!— дейді.
—         Жоқ, біз көрмедік.
—         Онда барлық белгілерін қалай дәл атап тұрсындар?
—         Жәй, әншейін...
Жоқ іздеуші шаужайларына жабысса да, ештеңе айтпайды. Кедей биге барып арыз айтады. Би жолаушыларды іздетіп, шақыртып алады да:
—         Мына кісінін түйесін көрдіндер ме?— деп сұрайды.
—         Жөқ, көрген жоқпыз.
—         Көрмесеңдер түйенің барлық белгілерін қайдан, қалай білдіндер?
—         Түйенің өзін көрмесек те, ізін көрдік.
—         Соқыр көзінің де ізі түсіп қалып па?
—         Иә, шөпке түсіпті,— дейді жолаушының бірі қысылмай.
Бұл ұрынын өзі болмаса да, түйенін құнын төлетіп алуға лайықты кісі деп ойлаған Би әлгі кедейді онашаға шығарып алып:
-       Түйең табылады, тауып бергенім үшін не бересің?— дейді.
Кедей үйіндегі жалғыз серкесін атайды. Би қайта үйге кіріп,
тергеуін жалғастырады.
—        Ал, түйенің өзін көрмей, алдынғы аяғының ақсак екенін қайдан білдіндер?
—        Қалың қауда түйенің ізі қалыпты. Сол аяғымен басқан шөп болар-болмас жапырылыпты. Ақсақтығын содан білдік.
—        Ал оң көзінің сокыр екенін қалай білдіндер?
—        Түйе жүріп бара жатқан бетінде жолдың он жағындағы шөпке тимей, сол жағындағы шөпті шалып жеп отырыпты. Жануардың оң көзінің соқыр екені содан білініп тұр.
—        Құйрығының шолақтығын қайдан білдіндер?— дегенде, тағы бір жолаушы былай дейді:
—        Құмалақтары жолдың екі жағына аунап түсіп, жерде шашылып қала беріпті. Құйрығы шолақ болмаса, құмалағы алысқа ұзамай, артқы екі аяғынын арасына түсер еді.
—        Ұзак жол үстінде,— дейді жолаушының серігі мән-жайды түсіндіріп,— біз алдымызда кездескен іздер мен белгілерді талдап, соның жай-жапсарын анықтауға ден қойып келе жатыр едік, түйе іздеген мына кісі ұшырасты. Біз жол үстіндегі із бен белгілер бойынша түйенің сипатын анықтадық. Бірақ түйені көрген жөқпыз.
Жолаушылардың айткандарын жоққа шығаруға ешқандай дәлел болмаған соң, Би оларды босатып жібереді де:
—        Енді түйенді өзін іздеп тауып ал,— дейді түйе іздеген кісіге.

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен