Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

КІСІ БАСЫ БІР УЫС ТҰЗ


 

Бір үйге қонақ келіпті. Бәйбіше қазан көтеріп ет салыпты. Әлгі үйдің адамдары құмырсқадай қыбырлап, бірі кіріп, бірі шығып жатады. Қонақ қағылған қазықтай қадалып, тапжылмастан отыра береді.

Қазан қайнаған кезде бәйбіше келіп қазанға бір уыс тұз салып, далаға шығып кетеді. Одан кейін тоқал келіп, бір уыс тұз салып кетеді. Содан кейін келіні келіп, қазанның кақпағын ашып көреді де, көбігін калқып тастап, бір уыс тұз салады. Ол да шығып кетеді. «Ен сөңында өсы үйдің қызы келіп қазанның қақпағын ашып, шымырлап қайнап жатқан етті әрі-бері ығыстырып сапырады да, бір уыс тұз салып, шығып кетеді.

Қонак бұлардың бәрін көріп, байқап отырады да, үй иелері шығып кеткен кезде ол да орнынан тұрып барып қазанға бір уыс тұз салады.

Үй адамдары жиналып, асты түсіріп, алдыға ала бергенде бәйбіше тамақтын тұзын татып көрсе, удай ашты екен.

—        Ибай-ау, мынаған не болған, тұзы удай ғой? Мен бір-ақ уыс тұз салып ем.

—        Шеше-ау, сіз салмаған шығар деп, мен де бір уыс тұз сағам,— дейді тоқал.

Келіні айтады:

—        Сіздер ұмытып кеткен шығар деп мен де бір уыс тұз салып ем.

—        Сендер абыр-сабыр боп жүрген сон,— дейді қыз,— тұзы татысын деп мен бір уыс салып ем.

Сонда қонақ:

—        Бұл үйдін казанға кісі басы бір уыс тұз салатын салты шығар деп, мен де бір уыс тұз салып ем,— дейді.


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен