Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ЕРІНШЕК


 


Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінін үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіп келе жатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты.
Бір түнде борап қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.
Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:
—        Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де:
—        Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді. Сөнда еріншек:
—        Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де бөлады ғой,— деп жата беріпті.
Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.
—        Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі. Еріншек келесі жамбасына аунап түсіп:
—        Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды.
Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп тағы да жұмсайды. Әйелі жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай тапқандай, бір аунап түсіп:
—        Бәйбіше, біздің малдың өлімі өсымен тыйылған да шығар,— депті.



←кері қайту

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен