Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

АҚЫЛДЫ ДИХАН


 

Бір есірік хан болыпты. Ойына не келсе, соны істеп, халықты жәбірлей береді. Бір күні екі шабарманын шақырып алып:

— Маған осы елдегі ең ақымақ адамды тауып әкеліп беріндер!— деп бұйырады. Екі шабарман ақымақ адамды іздеп ел аралайды.

—        Ақымақ мынау деп кімді алып барамыз? Көрінген біреуді айдап барсақ, ол ақымақ болмай шықса, хан өзімізді жазалайды,— дейді шабарманның біреуі. Сонда екіншісі айтады:

—        Сен ақымақпысың? Кімді апарамыз деген сөз бола ма? Кім нашарлау көрінсе, соны еркіне қоймай айдап апарамыз. Хан шақырып жатыр десек, бармасқа лажы жоқ.

Екі шабарман келе жатып, шыжыған ыстықта қара тер болып, қарағай сүйреп келе жатқан бір адамға кезігеді де:

—        Нағыз ақымақты таптық, бұл ақымақ болмаса, мынандай ыстықта тау басынан қарағай сүйрей ме?— дейді бір шабарман. Екіншісі:

—        Қарағайынды таста, сені хан шақырып жатыр,— дейді!

—        Асықпандар, жігіттер! Қарағайымды үйіме жеткізіп қояйын да, барайын. Хан мені неге шақырды екен?— дейді ағаш тасушы. Шабарманның біреуі:

—        Қарашы өзін, онда сенің не жұмысың бар. Жүр деген соң жүр! Хан сен сықылды ақымақты тауып кел деген, бас аяғынды!— деп, дігерлейді.

—        Жоқ, жігіттер, сонша енбектеніп, қарағайды тау басынан сүйреп әкеліп, орта жолға тастап кететін ақымағың мен емес,— деп, ағаш тасушы өз жолына кете барады.

Лажсыз қалған екі шабарман әрі кетеді де, өрмек тоқып отырған бір әйелді көреді де:

—        Жеңгей, сені хан шақырып жатыр, жүр тез,— дейді. Әйел айтады:

—        Ойбай-ай, ақыл сұрайтын еркек емеспін, хан әйел кісіні неге шақырды екен?

—        Хан әйел адамды қайтуші еді,— дейді екі шабарман — Бізге «ақымақ адамды тауып кел» деп бұйырған. Еркектермен салғылас- пай, жүр жылдам!..

—        О антұрғандар, акымақ іздесе, босқа лағып жүрген өздеріңнен артық ақымақ табылмас...

Мен жұмысымды бітіре алмай, жанталасып отырмын. Ақымақты табылатын жерден іздендер! Мен бара алмаймын,— деп, әйел зекіріп, сес көрсетеді. Әйелдің сөзінен шошыған шабармандар тайып береді. Олар біріне-бірі:

—        Сырымызды ашық айтсақ, көнбейді екен. Енді кім кезіксе, соны зорлап айдап әкетейік, болмаса ақымақты соның өзіне таптырайық,—деген байлам жасайды. Содан кейін жер суғарып жүрген диханға жолығады.

—        Ей, егінші, жүр ханға,— дейді. Дихан шабармандарға бажырая қарайды.

—        Мына жұмысты сендер істейсіндер ме, әлде, хан істей ме? Мұны тастап бара алмаймын!..

—        Көп сөзді қой да, жүр деген соң, жүр! Хан «ақымақты тауып кел» деген.Сенің ақымақ екенін көрініп тұр.

—        Сендерге ақымакты әзірлеп отырған ешкім жоқ,— дейді дихан ашу шақырып.— Көзіме көрінбей жоғалындар!..

Екі шабарман диханды қыса бастайды:

—        Олай болса, ақымақты тауып бер!..

—        Мен ақымақ емеспін, ақымақты іздеуге де мұршам жоқ. Жұмысымнан қалдырып, әурелемендер!..

—        Жоқ, сен өзің ханға жүр. Әйтпесе, бізге ақымақтың кім екенін айт. Бәрің ақымақ емеспіз дейсіндер. Сендердің араларында кім ақымақ, оны біз кайдан білеміз.

—        Жарайды онда, ақымақты айтып берейін, бірақ мені әурелемендер,— дейді өзіне жабысқан шабармандардан құтылу үшін. Сәл ойланып тұрып былай дейді.— «Ақымақты тауып кел» деген ханның өзі ақымақ немесе ақымақты іздеп, таба алмай жүрген сен екеуің ақымақсың. Бұдан басқа ақымақты дүние жүзінен таппай- сындар!

—        Сен ханға тіл тигіздің, ханға барып айтамыз!— деп жабысады шабармандар.

—        Мейлі, айта беріндер, тіпті осыны ханға ұқтырып айтындар.

Екі шабарман ханға шауып барады да, диханның сөзін жеткізеді.

—        Ендеше, сол диханның кол-аяғын байлап алып келіндер!— деп бұйырады хан.

Шабармандар диханды дедектетіп, ханның алдына алып барады. Хан мысқылдап диханға:

—        Сен мені ақымақ дегісің. Ақылың тасып тұрса, айтшы қане, құдай қай жерде тұрады?— дейді. Сонда дихан айтады:

—        Тақсыр, мына кейпіммен ханға ақыл айтпақ боп, құдайдын қайда тұратынын айтсам, сөзімде дауа бола ма? Сондықтан сіз менің кимімді киіп, бейне мен құсап, кешірім сұраған әлпетте алдыма бас иіп тұрыңыз. Мен сіздің киіміңізді киіп, тағыңызға отырайын да, хан болып тұрып айтайын.

Хан бұл шартқа келіседі. Дихан ханның киімін киіп, хан тағына отырады да, нөкерлерді шақырады.

— Осы уақытқа дейін ақымакты таба алмай, босқа сабылып жүр екенсіндер, мынадан артық ақымақ жоқ. Сыртқа алып шығып, басын кесіндер!

Нөкерлер сөзғе келместен ханды желкелеп ала жөнеледі де, дар алдына апарып басын кеседі де тастайды.

Халық зұлым ханның жойылғанына хош болады.


 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен
Қазақ  тілінде кітаптар